Биохимия кафедрасы



бет5/6
Дата09.09.2022
өлшемі231,08 Kb.
#38723
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1сабақ презен 8cee4a50d5883416c0e64abd60a68a8f

Гиалурон қышқылы


Гиалурон қышқылы (М.м. 100000 - 10000000 Д) 100 - 20000 дисахаридтік бірліктен тұрады (-1,4-гликозидтік байланыс).
Дисахаридтік бірлігі -глюкурон қышқылы мен -ацетилглюкозаминнен (-1,3-гликозидтік байланыс) тұрады.

Гиалурон қышқылы

Маңызы:


Гиалурон қышқылы
  • көздің шынытәрізді денесінде (алғаш рет табылған),

  • нәрестенің кіндік сабағында кездесіп, инфекцияның таралуына жол бермейді;
  • қан тамырларының эндотелий жасушаларының аралығында кездеседі, олардың өткізгіштігін азайта отырып, цементтеуші роль атқарады;
  • синовиальды сұйықтықта кездесіп, майлау ролін;
  • суды байланыстыру қызметін атқарады;
  • митозды тездетеді.

Хондроитинкүкірт қышқылы


Қысқа тізбекті сульфатталған полисахарид. Тізбек құрамына 20 – 100 дисахаридтік бірлік кіреді.
Дисахаридтік бірлігі -глюкурон қышқылы мен -ацетилгалактозаминсульфаттан (-1,3-гликозидтік байланыс) тұрады.
Күкірт қышқылы қалдығының ацетилгалактозаминдегі қайсы көміртекке байланысқанына қарай хондроитинсульфаттардың 3 түрін ажыратады.

Маңызы:


Хондроитинкүкірт қышқылы сүйек пен шеміршек тінінде кездеседі.
Сүйек пен шеміршек тінінің минералдануына, фибриллогенезге қатысады, митозды тежейді.

Гепарин


Құрамында көп мөлшерде күкірт қышқылы бар.
Гепариннің мономері – - глюкуронилсульфат пен -ацетилглюкозаминсульфаттан тұратын дисахаридтік бірлік (-1,4-гликозидтік байланыспен байланысқан).

Маңызы:


Гепарин дәнекер тінінің семіз жасушаларында синтезделеді.
антикоагулянт,
липопротеидлипазаның (ЛПЛ) активаторы – атерогенді ЛП антиатерогендіге айналдырады,
қабынуға қарсы қолданылады.
Гепариннің қабынуға қарсы әсері оның гиалуронидаза ферментінің ингибиторы, яғни гиалурон қышқылының ыдырауын тежеуімен және гистаминнің артық мөлшерін байланыстыруымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет