Биохимия кафедрасы


Тұнбаға түсу реакциялары. Ерітіндіден белокты қалай тұнбаға түсіруге болады?



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
15.Тұнбаға түсу реакциялары. Ерітіндіден белокты қалай тұнбаға түсіруге болады? 
Тұнбаға түсу реакцияларының медицинадағы маңызы. 
Белоктар белгілі бір күйде тұнбаға түседі. Белок заряды жойылса, гидратты қабатынан 
айырылып, белоктардың ерігіштігі нашарлап, тұнбаға түседі. Белоктардың зарядын 
нейтралдайтын заттарға ауыр металдардың тұздары, алкалоидты реактивтер жатады. Ал 
концентрлі қышқылдар гидратты қабатқа әсер етіп, гидраттандырады. Белоктарды нейтрал тұздар 
да тұнбаға түсіре алады. Бұл процесті тұздалу немесе тұнбаға шөгу деп атайды. Иондардың тұздалу 
әсері, белоктан судың алынуына, иондардың белок молекуласына адсорбциялануына және 
зарядтарының нейтралдануына байланысты. Тұздану күшіне байланысты иондар мынадай қатар 
құрайды:
Гидраттану дәрежесі 
Li
+
Na
+
K
+
Rb
+
Cs
+
Адсорбция дәрежесі 
Литийдің электр зарядының өте тығыз болуына байланысты, суды өзіне жақсы тартады. 
Сондықтан да гидратты қабығын тез бұзады, бірақ нашар адсорбцияланады. Цезий, керісінше, 
жақсы адсорбцияланады. Тұздану процесін белоктарды тазарту мен фракциялауда қолданады.
17. Белок молекуласының құрылымы, белоктың биологиялық қасиетінің біріншілік 
структурасына тәуелділігі.
Белок молекуласының құрамына кіретін амин қышқылдарының саны мен сапасының әр 
түрлі болуы, осы класқа жататын қосылыстарға тән ерекшелік қасиеттерін және олардың 
құрылысының күрделілігін қамтамасыз етеді. Амин қышқылдарының жүйелілікпен тізбектелуі 
және белок молекуласының кеңістік құрылымы төрт деңгеймен сипатталады – бірінші, екінші, 
үшінші, төртінші реттік құрылым.
Бірінші реттік құрылым. Бұл амин қышқылдарының белгілі бір ретпен өзара байланысып, 
полипептид тізбегін түзуі. Бірінші реттік құрылымды пептидтік байланыс қамтамасыз етеді.
Әрбір полипептид тізбегінің екі шеткі амин қышқылын былай ажыратады: бос амин тобы бар 
амин қышқылы полипептид тізбегінің бастамасы, яғни N-басы немесе бірінші амин қышқылы 
болып саналады. Ал бос карбоксил тобы бар амин қышқылы С-соңы болып табылады. Осы екі 
амин қышқылының арасында, пептидтік байланыспен жалғасқан басқа амин қышқылдары жүйелі 
ретпен орналасады (сур. 4). 


24 
CH
N
C
CH
C
CΠΠÍ
N
H
CH
2
O
H
CH
OH
CH
2
CH
CH
3
H
3
C
O
Í
2
N
CH
CH
3
4 сурет – Белоктардың бірінші реттік құрылымы 
Әрбір белок бірінші деңгейдегі құрылымымен өзгеше, оның бұзылуы белоктың физико-
химиялық және функционалдық қасиетін өзгертеді. Белоктарға тән ерекшелігін бірінші реттік 
құрылымы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге белоктардың антигендік қасиеті де бірінші 
деңгейдегі құрылымына байланысты. Бір ағзадан алынған белок басқа түрдегі организмге түссе 
де иммунологиялық жүйе арқылы қорғаныс белокты (антидене) синтездейді. Бұл белок 
антигенмен қосылып, бөгде белокты метаболиттік айналымнан шығарып тастауға, тұнбаға 
түсіруге немесе ерітіп жіберуге тырысады. Антиденемен тікелей комплекс түзуге қатысқан 
белоктың бөлімін антигендік детерминант деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет