5. Ферменттердің күрделі құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі( екі компонентті) ферменттер. Химиялық табиғаты жағынан тек белоктардан тұратын бір компо-нентті-жай ферменттер
болады. Мысалы, пепсин, трипсин , -амилаза. Күрделі( екі компонентті) ферменттер жай
белоктан- апоферменттен және табиғаты белок емес простетикалық топтан- коферменттен
тұрады. Мысалы, лактатдегидрогеназа ( ЛДГ) - жай белок + НАД+ .
Апофермент субстраттық арнайылықты, ал кофермент арнайылық әсерді қамтамасыз
етеді.
6. Ферменттің активті орталығының құрылысы (ФАО), оның рөлі. ФАО- ол фермент молекуласындағы амин қышқылдарының қалдық-тарының ерекше
түйдектеле орналасуы арқасында бірден субстратты байланыстыруды қамтамасыз ететін
орталық. ФАО –катализдейтін реакцияға жауапты каталитикалық орталықтан (арнайылық
әсері) және субстратқа ынтықтығы жоғары арнайылықты байланыстыратын орталықтан
тұрады(субстраттық арнайылық) .
7. Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не? Оның рөлі. Аллостерикалық орталық- ферменттің бір заттармен (эффекторлар-мен) әрекеттесетін
белгілі бір бөлігі. Эффекторлардың аллостерикалық орталыққа байланысуынан фермент
молекуласының үшіншілік және төртіншілік құрылымы өзгереді, ол активті орталықтың
құрылымы-ның өзгерісін тудырады да, энзимдік активтіліктің тежелуін немесе артуын
туғызады.
8. Изоферменттер, рөлдері, биологиялық негіздері. Изоферменттер- бір ферменттің молекулалық түр өзгерісі. Олардың коферменттері
бірдей, апоферменттері әртүрлі. Бір типті реакциялар-дың жылдамдықтарын арттырады, бір
субстратқа бірақ әртүрлі жағ-дайда әсер етеді, ағзалық арнайылықтары болады, оны
клиникада диагностикалық - жеке бөліктерге бөле анықтау тесттеріне пайдаланады.
9. Ферменттердің арнайылықтары: а) субстраттық; б) әсер ету арнайылығы. а)Субстратты арнайылық – ферменттің белгілі бір субстратпен әрекет-тесу мүмкіндігі.
Егер фермент бір субстратпен әрекеттессе оны абсолютті субстраттық арнайылық деп атайды.
Егер фермент байланыс түрі бір-дей бір топ субстраттарға әсер етсе оны салыстырмалы
субстраттық арнайылық деп атайды.
б) Ферменттің әсер ету арнайылығы- ферменттің белгілі бір реакция түрін катализдеуі.