Биохимия кафедрасы



бет1/6
Дата14.10.2023
өлшемі231,08 Kb.
#113960
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1сабақ презен

Биохимия кафедрасы

№ 1 дәріс

Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.


Биологиялық ғылымдардың кандидаты, доцент Киргизбаева Арай Асканбаевна

Дәріс жоспары:

  • Биохимияға кіріспе.
  • Белоктардың атқаратын қызметтері.
  • Белоктардың жіктелуі.
  • Хромопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.
  • Гликопропротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.

Биохимия тірі организмнің химиялық құрамын және тіршілік негізіне жататын химиялық реакцияларды зерттейді.
Белоктар - амин қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы биологиялық полимерлер.
Протеин (“protos” – грек тілінен аударғанда) алғашқы, маңызды деген мағына береді.
Табиғатта шамамен 1010 – 1012 белок бар, осы белоктар вирустардан бастап адамға дейінгі тірі организмдердің 106 түрінің тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

Белоктардың атқаратын қызметтері

    • 1. Құрылымдық :
    • белоктар микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың денесінің құрылымын анықтайды;
    • жасуша мен органелла мембраналарының құрамына кіреді;
    • коллаген, кератин, эластин тіндердің беріктігі мен құрылымын қалыптастырады.
  • 2. Катализдік (ферменттер)

Реттеуші (көптеген гормондар химиялық табиғаты бойынша белоктар) Қоректік (ұрық үшін қорек көзі болып табылатын белоктар – жұмыртқа белогы, казеин) Жиырылу (бұлшық ет белоктары – актин, миозин; цитоқаңқа белоктары) Тұқым қуалаушылық Электротрансформациялау

  • 3. Тасымалдау:
  • альбуминдер бос май қышқылдарын, гормондарды, бос билирубинді, дәрілік заттарды, т.б.;
  • глобулиндер Ғе, Cu;
  • гемоглобин О2, СО2.
  • 4. Қорғаныштық (белок-антидене , иммуноглобулин, фибриноген организмді қансыраудан сақтайды, альбуминдер токсиндерді байланыстырады, тері белоктары)
  • 5. Реттеуші (көптеген гормондар химиялық табиғаты бойынша белоктар, гомеостазды, орта рН - н, онкотикалық қысымды реттеу)
  • 6. Қоректік (дамып келе жатқан организм үшін қорек көзі болып табылатын белоктар – уылдырық, жұмыртқа, сүт белоктары)
  • 7. Жиырылу (бұлшық ет белоктары – актин, миозин; цитоқаңқа белоктары – митоз кезіндегі хромосоманың ажырауы)
  • 8.Тұқым қуалаушылық (генетикалық ақпаратты тасымалдау)
  • 9.Электротрансформациялау (электрлік және осмостық энергияны макроэргтердің энергиясына айналдырады)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет