24
амин қышқылының арасында, пептидтік байланыспен жалғасқан басқа амин қышқылдары жүйелі
ретпен орналасады (сур. 4).
CH
N
C
CH
C
CООН
N
H
CH
2
O
H
CH
OH
CH
2
CH
CH
3
H
3
C
O
Н
2
N
CH
CH
3
4 сурет – Белоктардың бірінші реттік құрылымы
Әрбір белок бірінші деңгейдегі құрылымымен өзгеше, оның бұзылуы белоктың
физико-химиялық және функционалдық қасиетін өзгертеді. Белоктарға тән ерекшелігін
бірінші реттік құрылымы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге белоктардың антигендік қасиеті де
бірінші деңгейдегі құрылымына байланысты. Бір ағзадан алынған белок басқа түрдегі
организмге түссе де иммунологиялық жүйе арқылы қорғаныс белокты (антидене) синтездейді.
Бұл белок антигенмен қосылып, бөгде белокты метаболиттік айналымнан шығарып тастауға,
тұнбаға түсіруге немесе ерітіп жіберуге тырысады. Антиденемен тікелей комплекс түзуге
қатысқан белоктың бөлімін антигендік детерминант деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: