36
ацетилглюкозаминсульфаттан тұрады. Олардың арасындағы химиялық байланысы
-1,4-
гликозидті. Гепарин дәнекер тінінің семіз клеткаларында синтезделеді. Қанның ұю
процесінде антикоагулянт және липидтер алмасуын реттеп, антиатерогенді қасиет көрсетеді.
Гепарин кейбір ферменттерді активсіздендіреді, мысалы, гиалуронидазаның әсеріне кедергі
жасап, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, тіндерді гистаминнің артық мөлшерінен
босатады. Осы қасиетіне сүйене отырып, гепаринді қабыну процесіне қарсы қолданады.
Протеогликандардың өкілінің бірі
гиалуропротеид
, молекуласының 2-2,3% белоктан, ал
қалған бөлігі гиалурон қышқылынан тұрады. Бұл белок буын аралық сұйықтықта кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: