Биохимия кафедрасы


Сабақ: КҮРДЕЛІ БЕЛОКТАР. ГЛИКО-, ХРОМО-, НУКЛЕОПРОТЕИДТЕР



Pdf көрінісі
бет21/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

Сабақ: КҮРДЕЛІ БЕЛОКТАР. ГЛИКО-, ХРОМО-, НУКЛЕОПРОТЕИДТЕР: 
ӨКІЛДЕРІ, ҚАСИЕТТЕРІ, МАҢЫЗЫ. НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ. ДНҚ,РНҚ, 
ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫСЫ, МАҢЫЗЫ. 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар және олардың жауаптары 
 
1.
 
Гликопротеидтер, оларға жалпы сипаттама, қасиеттері, жіктелуі: нағыз 
гликопротеидтер және протеогликандар, олардың айырмашылықтары. 
Гликопротеидтер деген атау «
glucos
» - тәтті деген сөзден шыққан, олардың құрамында 
көмірсулар бар. Простетикалық тобы әр түрлі көмірсулардан және олардың 
туындыларынан түзілген. Олардың арасындағы химиялық байланыстың түрі ковалентті
көмірсупептидті.
Қазіргі кезде қанның сары суының альбуминдерден басқа барлық белоктардың 
құрамында аз мөлшерде көмірсулар кездесетіндігі анықталды. Ал гликопротеидтерге 
құрамындағы көмірсулардың мөлшері 4%-дан артық болғандары ғана жатады. Барлық 
гликопротеидтердің молекулалық массасы өте үлкен (бірнеше миллион Д), қышқылдық 
қасиет көрсетеді,суда, сілтінің және нейтрал тұздардың әлсіз ерітінділерінде ериді
қышқылдармен әрекеттескенде тұнбаға түседі, жоғары тұтқырлық қасиеті бар. 
Гликопротеидтер жоғары температураға, сыртқы ортаның және химиялық әсерлерге 
төзімді, бұл қасиеттері гликопротеидтердің құрамына кіретін көмірсуларға байланысты. 
Көмірсулар гликопротеидтерге арнайы ерекше қасиеттер береді, олар құрамындағы 
көмірсулар арқылы басқа молекулаларды тани алады.
Гликопротеидтер дәнекер тініндегі клеткааралық заттардың құрамында, қан 
плазмасында, сілекейде және цитозольда, мембраналардың құрамында көп мөлшерде
кездеседі. Гликопротеидтердің рөлі сан алуан. Олар гидрофобты заттар мен металл 
иондарын тасымалдайды; мембрана рецепторларының құрамына кіре отырып, арнайы 
жанасуды қамтамасыз етеді. Тіндердің жіктелуіне әсерін тигізіп, иммунологиялық 
реакцияларда маңызы өте зор. Сонымен қатар кілегейлі, шырышты қабаттың құрамына 
кіре отырып, қорғаныс қызметін атқарады.
Гликопротеидтер құрамындағы көмірсулардың және белоктардың мөлшеріне және 
сапасына қарай нағыз гликопротеидтер және протеогликандар деп бөлінеді. 
Гликопротеидтердің мұндай жіктелуі белокты бөлігінің % арақатынасына, простетикалық 
топ және оның құрылысына негізделіп жасалған.


33 
Гликопротеидтер
нагыз гликопротеидтер 
протеогликандар
жай белок
жyйесiз 
комiрсулар
жуйелi 
комiрсулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет