Биохимия кафедрасы


 Фосфопротеидтер, жалпы сипаттама, қасиеттері, өкілдері



Pdf көрінісі
бет27/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Байланысты:
1часть-Биохимия уч.пос.каз - копия

 
7. Фосфопротеидтер, жалпы сипаттама, қасиеттері, өкілдері.
Фосфопротеидтер
– молекула құрамында жай белоктан және простетикалық топ - 
фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі белок. Фосфор қышқылы күрделі 
эфирлік байланыспен гидроксил тобы бар амин қышқылдарына жалғасады. Сернин, треонин, 


39 
тирозин амин қышқылдарына бір немесе бірнеше фосфор қышқылдарының қалдықтары 
қосылуы мүмкін. Фосфопротеидтер, негізінен қышқыл, құнды белок, алмастырылмайтын 
амин қышқылдары мен фосфор қышқылдарының көзі ретінде маңызы зор. Сондықтан 
фосфопротеидтер дамып келе жатқан организм үшін энергиялық, пластикалық материалдың 
көзі, фосфолипидтердің синтезінге жұмсалады. Фосфолипидтер жасушалық мембраналардың 
түзілуіне қажет. Фосфопротеидтер фосфорлану және фосфорсыздану реакциялары үшін 
фосфор қышқылының көзі, әрі осы процестер арқылы кейбір ферменттердің активтенеді 
және ингибирленуі жүреді. Фосфопротеидтер нуклеин қышқылыдарының синтезіне 
қолданылады. Фосфопротеидтердің өкілдеріне: сүттің 
казеиногені,
жұмыртқаның сары 
уызында кездесетін 
фосвитин
және 
вителлин, 
балық уылдырығында кездесетін 
ихтуллин
жатады. Осы белоктардың барлығы қайнатқанда ұйымайды, суда ерімейтін құнды белоктар.
 
 
8.Металлопротеидтер, құрылысы, өкілдері, маңызы.
Металлопротеидтер 
– күрделі белок, құрамына жай белок және металл кіреді. 
Металдар простетикалық топтың рөлін атқарады. Атқаратын рөліне байланысты 
металлопротеидтердің 
арасындағы 
байланыстар 
берік 
және 
әлсіз 
болады. 
Металлопротеидтердің құрамында кіретін металл топтарына байланысты: құрамында темірі 
бар металлопротеидтер, құрамында мыс атомы бар металлопротеидтер, мырыш атомдары 
бар металлопротеидтер және т.б. болып жіктеледі. Олар негізінен тасымалдаушы және қор 
жинаушы қызметтер атқарады. Металлопротеидтер кейбір ферменттер мен витаминдердің 
құрамына кіреді.
Өкілдеріне: 
трансферрин, ферритин, гемосидерин
жатады. Трансферин құрамында 
темірдің мөлшері 0,13% 3
+
-валентті темірі бар, тасымалдаушы қызмет атқарады. Ферритин 
құрамында темірдің мөлшері 20% -ке дейін жетеді. Ол организмде темірді бауырда және көк 
бауырда қор ретінде жинайды. Гемосидериннің құрамында темірден басқа нуклеотидтер 
және көмірсулар бар. Олардың рөлі анықталмаған. Бұл белок бауыр және көк бауырдың 
клеткаларында жиналады. Церрулоплазмин – бауырда түзіледі, мысты тасымалдайды, оның 
қоры ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, бұл белок ферменттік (ферроксидазанын)
қызмет атқарады. Құрамындағы 
Сu-фермент
кератиндену процесіне қатысады. 
Құрамында мыс атомы бар белоктар – 
карбангидраза
СО

тасымиалдайды; 
карбоксипептидаза
гидролаза класына жататын, полипептидтердің қорытылуына 
қатысатын белок.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет