Биохимия кафедрасы


Биохимияны оқу барысында студенттер



Pdf көрінісі
бет4/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
 
Биохимияны оқу барысында студенттер: 

жалпы биологиялық және жалпы кәсіптік маңызы бар тірі ағзаның 
молекулалық негіздері мен қасиеттері туралы, биологиялық эволюция, онтогенез
жасушалық жіктелу, көбею үрдістерінің биохимиялық ерекшеліктері туралы түсінік 
алуы тиіс. Ауруларды диагностикалау мен емдеудің ғылыми және клиникалық 
мәселелерін шешуге қазіргі кездегі биохимиялық тұрғыдан қарау негіздері және әр 
түрлі аурулар кезіндегі патохимиялық өзгерістер мен оларды коррекциялаудың әдістері 
туралы 
түсінік алулары тиіс. 

жасушаның құрылымдық ұйымдасуының молекулалық негіздерін, химиялық 
құрамын, олардың құрамдас бөліктерінің атқаратын қызметтерін, генетикалық 
ақпараттың берілуінің молекулалық негіздерін, белок биосинтезі мен оның реттелуін, 
энергияның түзілу және трансформациялану механизмдерін, жеке тіндердің, 
мүшелердің және тұтас ағзаның функциялары негізінде жатқан метабоикалық 
үрдістерді 
білулері керек.
Адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің 
негізгі биохимиялық тұрақтылықтарын 
білулері тиіс.

метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалды қолдана алулары 
керек. Халықаралық стандартқа сәйкес биохимиялық терминдер мен клинико-
биохимиялық зертханалық мәліметтерді сауатты түрде 
талдай алулары тиіс.

диагностикалық және емдеу мәселелерін шешуде негізгі биохимиялық зерттеу 
әдістерін ұйымдастыру мен жүргізудің 
тәжірибелік дағдыларын игерулері керек.
 
Тәжірибелік дағдылар: 
1.
Биологиялық сұйықтықтардан белокты ашу және оның мөлшерін анықтау. 
2.
Тұздалу, электрофорез және хроматография әдістер арқылы белоктарды фракциялау. 
3.
Зәрдегі белоктың мөлшерін анықтау. 
4.
Колориметриялық әдіс арқылы қан сарысуынан белокты анықтау. 
5.
Қан сарысуындағы ферменттердің: АЛТ, АСТ, каталаза, карбангидраза, қышқылдық 
және сілтілік фосфатаза, дегидрогеназалар мен оксидазалар, ЛДГ және олардың 
изоферменттерінің активтілігін анықтау. 
6.
Қалыпты және патологиялық асқазан сөлінің қышқылдылығы мен құрамын анықтау. 
7.
Сүт қышқылын анықтау. 
8.
Қандағы холестерин мөлшерін және оның әр түрлі түрлерін анықтау. 
9.
Қандағы сиал қышқылдарын анықтау. 


10 
10.
Қандағы жалпы липидтер мен триацилглицериндердің мөлшерін анықтау. 
11.
Қандағы β- ЛП-ң мөлшерін анықтау. 
12.
Қандағы билирубиннің мөлшерін анықтау. 
13.
Қандағы қалдық азоттың мөлшерін анықтау. 
14.
Қандағы кальций мен фосфаттың мөлшерін анықтау. 
15.
Қандағы натрий мен калийдің мөлшерін анықтау. 
16.
Қандағы және зәрдегі креатиннің және креатининнің мөлшерін анықтау. 
17.
Қандағы және зәрдегі кетон денелерінің мөлшерін анықтау. 
18.
Зәрдегі индиканды анықтау.
19.
Зәрдегі қанды ашу. 
20.
Зәрдегі фенолпируват пен гомогентизинді ашу. 
21.
Зәрдегі уробилинді ашу. 
22.
Әр түрлі объекттердегі С витаминінің мөлшерін анықтау. 
23.
Сілекейдегі роданидтерді, амилазаны анықтау.
24.
Сілекейдің рН-н анықтау. 
25.
Сүйек тінінің құрамындағы кальций мен фосфаттың тұздарын анықтау. 
26.
Сүйек тінінің құрамын анықтау. 
27.
Қандағы цитохром Р
450
анықтау. 
28.
Конъюгаттар мен глюкурон қышқылын анықтау. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет