Биохимия кафедрасы


Белоктардың жиырылып–созылу қызметі



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Белоктардың жиырылып–созылу қызметі.
Жануарлардың кеңістікте қозғалуға 
қабілеттілігі, жүрек жұмысы, тыныс алу, ішек перистальтикасы, тамырлардың тарылуы мен 
кеңеюі бұлшық ет тінінің жиырылу белоктары арқылы қамтамасыз етіледі. Жиырылу 
қызметі жасушалардың маңызды тіршілік үрдістері жүзеге асатын цитоскелеттің 
белоктарына да тән. 
Белоктардың реттеуші қызметі.
Метаболизм процестерінің реттелуінде белоктар өте 
үлкен роль атқарады. Организмде зат алмасу процестері ферменттермен ғана емес
табиғаты жағынан белоктар, пептидтер немесе амин қышқылдарының туындылары болып 
табылатын гормондармен де реттеледі. Реттеуші сигналдарды қабылдайтын жасуша 
рецепторлары да белок болып табылады. Белоктар организмдегі, ҚСТ, ортаның рН–ын, 
онкотикалық қысымды реттей отырып, гомеостазды сақтауға қатысады.
 Белоктардың электротрансформациялау қызметі. 
Белоктар электрлік және осмостық 
энергияны макроэргиялық АТФ энергиясына айналдыра алады.
Белоктар генетикалық ақпараттың берілуіне қатысады.
4. Белоктардың элементтік құрамы мен молекулалық массасы. 
Белоктардың табиғатта кең таралуына, алуан түрлілігіне, атқаратын қызметтерінің әр түрлі 
болуына қарамастан, оларды басқа қосылыстардан ажырататын барлығына тән ортақ қасиеттері 
бар.


15 
Элементтік құрамының біркелкі болуы. 
Белоктар молекуласының құрамына енетін 
элементтер мөлшері жағынан негізінен біркелкі: С-53%, О-22%, N-16%, Н-7%, S-2%. 
Белоктардағы азоттың мөлшері өте тұрақты болады. Осыған орай 1 г азотқа сәйкес келетін 
белоктың мөлшерін көрсететін коэффициент есептеліп шығарылған:
Белоктық коэффициент = 
16
m
= 6,25 
Белоктық коэффициенттің мөлшерін біле отырып, зерттелетін биологиялық заттың құрамындағы 
азоттың мөлшерін 6,25-ке көбейту арқылы анықтауға болады.
Белоктардың молекулалық массасы 6000 дальтоннан (Д) ондаған млн. дальтонға дейін 
жетеді (фагтардың белогы). Белоктардың массасы үлкен болғандықтан, олар агрегаттар түзуге 
бейім болады. Қазіргі кезде белоктың молекулалық массасын анықтауда негізінен 
гравиметрия, осмометрия, ультрацентрифугалау, гель-электрофорез, гель-фильтрация, гель-
хроматография әдістері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет