13
алуы, жиырылуы, зат алмасуға қатысуы, құрылымының жоғары деңгейде ұйымдасқандығы,
энергияны өзгерте және пайдалана алу қабілеті).
Табиғатта белоктардың алуан түрлілігі өте жоғары, астрономиялық сандармен 10
10
—10
12
дәрежесінде) белгіленеді. Бұл жануар организмдерінің 1,2х10
5
дәрежесіндегідей түрлері
болатындығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар массасының үлкен бөлігі белоктардың
үлесіне тиеді. Адам денесіндегі құрғақ заттардың 50%-н белоктар құрайды. Әрбір ағза өзіне
тән белоктарымен ерекшеленеді. Әсіресе жануарлардың тіндері мен мүшелері белокты
заттарға өте бай келеді. Адам ағзасында белоктардың 100000 астам түрлері бар екендігі
анықталған.
Адам денесінің шамамен 45%-н, ал бұлшық еттің, өкпенің, көкбауырдың, бүйректің
құрғақ салмағының 70-80%-ы белоктардың үлесіне тиеді.
2. Амин қышқылдары, алмастырылатын және алмастырылмайтын, химиялық
табиғаты, биологиялық маңызы, имин қышқылдары.
Адам белоктарының құрамына 20 амин қышқылы кіреді, олардың біреуі – құрамында имин
тобы (NH) бар циклді имин қышқылы – пролин болып табылады. Физиологиялық маңызы
бойынша амин қышқылдары алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және
алмастырылмайтын болып бөлінеді. Алмастырылмайтын амин қышқылдары (тре, мет, вал, лей,
иле, лиз, фен, три) жануар организмінде синтезделмейді, сондықтан олар организмге тағаммен
үнемі түсіп отыруы тиіс. Шартты түрде алмастырылатын амин қышқылдары (арг, тир, гис)
организмде аз мөлшерде түзіледі, сол себепті бұлар да тағам құрамында болуы қажет.
Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: