Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
 
7. 
В

витамині, химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, 
табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
Рибофлавин молекуласы рибитол спиртімен байланысқан 
изоаллоксазин сақинасынан тұрады. Рибофлавин – суда нашар еритін сары түсті кристалл. 
Биологиялық 
функциясы.
Ішектің 
кілегей 
қабатына 
сіңірілгеннен 
кейін 
флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттерінің 
түзілуіне қатысады: 


89 
Рибофлавинкиназа ФМН-аденилтрансфераза 
Рибофлавин ФМН ФАД 
АТФ АДФ АТФ Н
4
Р
2
О

ФМН және ФАД коферменттері тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын флавин 
ферменттерінің құрамына кіреді. 
Авитаминозы.
В
2
витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: жас 
организмнің өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы, еріннің 
айналасында ұзақ уақыт жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В
2
витаминінің 
авитаминозы кезінде көздің шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер (қарық), 
көздің қасаң қабығының тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық 
ет пен жүрек бұлшық етінің әлсіздігі байқалады.
Табиғатта таралуы.
 
Рибофлавиннің негізгі көзі: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқасының 
сарысы, ірімшік. Ашыған сүтте жаңа сауылған сүтпен салыстырғанда витамин көбірек 
болады. Мейізден басқа өсімдік тағамдарында В
2
витамині аз
 
кездеседі, аталған витамин 
тапшылығы ішек микрофлорасы арқылы толықтырылады. 
8. 
РР/В
3
витамині (никотин қышқылы, никотинамид), химиялық табиғаты, 
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты.
 
Никотин қышқылы пиридин-3-карбон қышқылы, никотинамид – 
оның амиді болып табылады. Организмде екі қосылыс та бір-біріне оңай айналатындықтан, 
бірдей витаминдік активтілік көрсетеді. РР витамині суда нашар ериді, ал сілтілердің судағы 
ерітіндісінде жақсы ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет