88
витаминдердің организмге артық мөлшерде түсуіне байланысты патологиялық жағдай.
Витамерлер
дегеніміз – витаминдік активтілікке ие, химиялық құрылысы жағынан
витаминге ұқсас қосылыстар.
Антивитаминдер
деп витаминдерді жою, активтілігін
төмендету немесе сіңірілуін бұзу арқылы оларды зат алмасу үрдістерінен шығаратын
заттарды атайды.
6.
В
1
витамині, химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары,
табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.
Химиялық табиғаты.
Тиаминнің құрамына метил тобымен байланысқан пиримидин
және тиазол сақиналары кіреді. Тиамин фосфорланып, тиаминдифосфат немесе
кокарбоксилаза түзгеннен кейін активті формасына айналады.
В
1
витаминінің
биологиялық ролі
тиаминдифосфат түрінде үш ферменттің құрамына
кіруімен анықталады. Тиаминдифосфат пируват- және
-кетоглутаратдегидрогеназды
комплекстердің құрамына кіріп, пируваттың және
-кетоглутараттың
тотығудан
декарбоксилденуіне, ал транскетолазаның құрамында көмірсулардың пентозофосфатты
жолмен тотығуына қатысады.
Авитаминозы.
В
1
витаминінің жеткіліксіздігінің негізгі белгісі – полиневрит, яғни шеткі
жүйке жүйесінде дегенеративті өзгерістердің байқалуы. Алдымен жүйке бағанында
ауырсыну, содан кейін терінің сезімталдығы жойылып, паралич (бери-бери) пайда болады.
Аурудың екінші белгісі – жүрек ырғағының бұзылуы және жүрек аймағында ауырсынумен
байқалатын жүрек қызметінің бұзылуы. Сонымен қатар В
1
витаминінің жеткіліксіздігі
кезінде ас қорыту жүйесінің секреторлық және моторлық бұзылыстары, асқазан сөлі
қышқылдылығының төмендеуі, тәбеттің жойылуы, ішек атониясы байқалады.
Табиғатта таралуы.
В
1
витамині ірі тартылған ұнда, астық тұқымдастардың (бидай,
күріш, қарабидай) дәндерінің қауызында, сояда, үрмебұршақта, асбұршақта көп мөлшерде
кездеседі. Жануар тектес тағамдардан бауырда, майсыз шошқа етінде, бүйректе, мида,
жұмыртқаның сарысында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: