65
Аминқышқылдарының декарбоксилазалары- коферменті пиридок-сальфосфат( В1
витамині + 2Н3РО4) болатын екі компонентті фермент, олар амин қышқылдарының
декарбоксилденуін, биогендік аминдердің түзілуін(гистамин, серотонин, брадикинин)
тездетеді, шіру процесіне қа-тысады.
9. Карбоангидраза, құрылысы, рөлі, таралуы.
Карбоангидраза- екі компонентті фермент. Коферменттің құрамын-да мырыш ионы бар.
Фермент көмір қышқылының синтезі мен ыдыра-уын тездетеді, көмір қышқыл газын
тіндерден өкпеге тасымалдауға қа-тысады. Негізінен эритроциттерде кездеседі.
Н
2
СО
3
↔ Н
2
О + СО
2
10.Трансферазалар, құрылысы,жіктелуі, өкілдері, каталитикалық әсері, таралуы.
Трансферазалар - атомдарды немесе атомдар тобын бір субстраттан басқа субстратқа
тасымалдайтын ферменттер класы. Бұлар негізінен екі компонентті, жасушаішілік
ферменттер. Тасымалдайтын топтарына қарай олар бірнеше топшаларға жіктеледі:
аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар.
11. Аминотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық әсері.
Аминотрансферазалар қайта аминдену(трансаминдену) реакцияларын тездетеді. Амин
тобын
амин
қышқылдарынан
кетоқышқылдарға
тасы-малдайды.
Коферменті
пиридоксальфосфат( В1 витамині + 2Н3РО4) болатын екі компонентті фермент.
Достарыңызбен бөлісу: