Биохимия кіріспе •Биологиялық химия



бет3/12
Дата19.10.2022
өлшемі2,67 Mb.
#44079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
биохим рк1 (копия)

5.Аминқышқылдар.Трипептидтерді жазу.
Тіршіліктің негізін құрайтын белок болып есептеледі.Белок молекуласы амин қышқылдарынан құралған.
Амин қышқылы дегеніміз-молекуласында карбоксил (-COOH)және амин (-NH2) топтары бар органикалық қышқыл.Барлық тірі организмдердің,бактериядан бастап адамға шейін ,белоктары 20 амин қышқылдарынан тұрады.Олар бір-бірімн ретті түрде жалғасып неше түрлі белок молекуласын құрайды.
Амин қышқылдары молекуласында амин тобы α-,β-, γ- жағдайда және басқа жағдайда да болады.Табиғи белоктарда тек α-амин қышқылдары табылған. Ондай қышықылда амин тобы (-NH2) карбоксил тобынан кейінгі бірінші көміртек атомымен байланысқан болады.
α-Амин қышқылының жалпы формуласын мынадай түрде көрсетуге болады:
R-----CH----COOH мұнда:R-радикал ,бүйірлік топты көрсетеді.
NH2
Химиялық құрамына және бүйірлік топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі.Оларды бейтарап,қышқылдық және негіздік амин қышқылдары деп бөледі.Биологиялық құндылығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын деп екі топқа бөлінеді.






6) күрделі нәруыздарды атаңыз. Олардың құрылымы туралы түсінік беріңіз


7.Хромопротеиндер – құрылысы мен рөлі.
Хромопротеиндер (гректің chroma- түс , бояу және протеиндер деген екі сөзінен тұрады)-боялған күрделі белоктар .Простетикалық тобы боялған зат және жарық сіңіргіш белгілі бір спектрі бар.
Хромопротеиндерге гемоглобин, миоглобин,цитохромдар ,пероксидаза ,каталаза,флавиндік ферменттер жатады.
Құрамында ақуызсыз боялған заттар болатын күрделі протеиндер. Бұларға организмдегі тыныс алу процесін іс жүзіне асыратын эритроциттер құрамындағы гемоглобин, бұлшық еттердің түсін анықтап, олардағы тыныс алуды қамтамасыз ететін миоглобин жатады.


8)Гемоглобин-құрылысы мен рөлі.
Гемоглобин (гректің haima-қан деген сөзінен шыққан) глобин белогынан және простетикалық топ гемнен тұрады.Адамның және барлық омыртқалы жануарлардың дерлік гемоглобинінің біріншілік құрылымы мен конформациясы жақсы зерттелген.Гемоглобин молекуласы қысқаша Hb таңбасымен белгіленеді.Ересек адамдар мен жануарлардың гемоглобин молекуласы HbA (латыннның adultus-ересек деген сөзінен шыққан ),төрт суббөліктен тұрады,оның әрқайсысына 141 аминқышқылы қалдығы бар өзара ұқсас екі α -полипептидтік тізбек және 146 амин қышқылының қалдығы бар екі β-полипептидтік тізбек кіреді.
Гемоглобин-адам мен омыртқалы жануарлар эритроциттерінде болатын туыстас нәруыздар.Бұл нәруыздар 2 маңызды қызмет атқарады:
О2 өкпеден шеткейлік ұлпаларға тасымалдау;
СО2 және протондарды организмнен әрі қарай шығапу үшін , шеткейлік ұлпалардан өкпеге тасымалдау.
Қан арқылы күн сайын өкпеден ұлпаларға 600 л О2 тасымалдануы қажет.
Оттек суда нашар еритін болғандықтан,қанның барлық оттегісі іс жүзінде эритроциттердің гемоглобинімен байланысқан.
Гемоглобиннің өкпеде О2 қанығу және оны оңай ұлпа қыл тамырларына беру қабілеті,ұлпалардың алған О2 мөлшерімен метаболизм қарқындылығына тәуелді.Бір жағынан О2 – күшті тотықтырғыш,оның артық мөлшері молекулалардың зақымдалуына және жасушаларды құрылысы мен қызметтерінің бұзылуына тәуелді.Сондықтан гемоглобиннің басты сипаттамасы оттегін байланыстыру қабілетін,ұлпалардағы жағдайларға байланысты реттеп отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет