Биохимия РК-1
Биохимия кіріспе
•Биологиялық химия тіршілік туралы ғылым . процестеріндегі заттардын курамын , энергия атмасуын және олардың бір яғни тіршілік ету бірімен тығыз байланыста екендігін молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым .
Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Биологиялық химия пәнінің негізгі міндетінің бірі - химиялық заттарды , молекулалардың тірі ағзадағы өзара әрекеттесуін , тірі взаның белгілі бір күйін , макромолекулалардың құрылысы мен қызметінің біріне - бірінің тәуелділігін көрсете білу . Биохимия пәнінің медицина саласындағы міндеттері : а ) адамның әртүрлі ауруларының биохимиялық негізін зерттеу ; б ) олардың қандай ауруға жататындығын анықтау ; в ) емдеу жолдарын көрсетіп , қалай болатындығын көрсету .
•Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты.
Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалардың тіршілігін қамтамасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру.
Биохимия ХІХ - ғасырдың аяғына жақын физиология мен органикалық химия ғылымдарынан жеке ғылым ретінде бөлініп шықты . Бүл саладағы ең алғашқы ірі жаңалықтардың бірі , орыс ғалымы К.С. Кирхгофф ашкан ( 1814 ж . ) крахмалдың диастаза ферментінің әсерімен ыдырауы болды .
Құнды және құнсыз нәруыздар
•Нәруыздар – тірі организмде кең таралған альфа-аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық полимерлер. Нәруызды басқалай белок, протеин деп атайды. Табиғатта нәруыздардың 1010 -1020 дәрежесінде түрлері кездеседі. Адам ағзасында 1 млн.-нан астам түрі бар екендігі анықталған. Адам нәруыздары 19 аминқышқылдарынан тұрады.
ҚҰНДЫ, ҚҰНСЫЗ НӘРУЫЗДАР
Нәруыздар құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды нәруыздар – құрамында 8 алмастырылмайтын аминқышқылдары болады. Егер де құрамында 1 алмастырылмайтын аминқышқылы жетіспесе құнсыз нәруыз деп аталады. Жалпы алмастырылмайтын аминқышқылдары тірі организмде синтезделмейді, сол себеппен ағзаға тағаммен бірге түсіп отырады, оларға: лизин, триптофан, треонин, метилаланин, валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин жатады. Ал алмастырылатын аминқышқылдары организмде синтезделеді, оларға: тирозин, цистейн, аргинин, гистидин жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |