11. ДНҚ, мәні. Чаргафф ережелері. Нуклеин қышқылдары дегеніміз – нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар, тұқымқуалайтын генетикалық зат. Нуклеотидтер пуриндік немесе пиримидиндік негізден, пентозадан(D-рибоза немесе D-дезоксирибозадан) және фосфор қышқылынан құралады. НҚ-ның құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе - аденин(А) мен гуанин(Г); пиримидин негіздерінің ішінде маңыздысы – урацил(У), тимин(Т) және цитозин(Ц). Дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарын дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) деп аталады. Организмде генетикалық белгілердің сақталуы және бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі тікелей ДНҚ молекуласы арқылы іске асады. Бұл үрдісте тікелей ДНҚ тікелей әрекет жасамайды, әр түрлі РНҚ қатыстырып әрекет жасайды. РНҚ тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа беруге көмектеседі және ДНҚ құрамына салынған генетикалық ақпараттарды жүзеге асыруға қатысады.
Чаргафф ережесі – ДНҚ дағы азотты негіздердің әртүрлі типтері арасындағы сандық көрсеткішті сипаттайтын эмпирикалық жүйелердің белгіленген ережелері. Ереже 1949 – 1951 жылдарда биохимик Эрвин Чаргаффтың өз тобымен жасаған жұмысы нәтижесінде тұжырымдалған.
Теория бойынша ДНҚ қайталанатын әртүрлі төрт азоттық негізден (аденин, тимин, гуанин, цитозин) құралады. Чаргаффтың осы азотты негіздер үшін анықтаған сандық арақатынасы келесідей болды:
Аденин құрамы тимин құрамына тең, ал гуанин құрамы цитозин құрамына тең: А=Т, Г=Ц немесе А:Т=1, Ц:Г=1.
Пуриндер саны пиримидиндер санына тең: А+Г=Т+Ц.
6 аминотопты негіздердің саны 6 кетотопты негіздердің санына тең: А+Ц=Г+Т.
Сонымен қатар әртүрлі түрлер ДНҚсында Г+Ц қатынасы да әртүрлі болуы мүмкін. Біреуінде АТ тобы болса, басқасында ГЦ тобы болады.
а) ДНҚ-ның бастапқы құрылымы, осы құрылымды тұрақтандыратын байланыс, екі нуклеотидтің бір-біріне қосылуының мысалын қолдана отырып көрсетіледі; ДНҚ құрамына негізінен алты түрлі зат қана кіргенімен (4 азотты негіз, дезоксирибоза және фосфор қышқылы), оның молекулалық құрылымы өте күрделі. Бір нуклеотидтің дезоксирибозасы өзара байланысып жалғасады да, ұзын полинуклеотидтік тізбек түзеді. Осындай тізбекті нуклеотидтердің орналасу тәртібін ДНҚ ның біріншілік құрылымыдейді. Нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзілуге 31 – және 51 – жағдайдағы пентоза қалдығының гидроксил топтары қатысады. Осылай нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыс пайда болады және нуклеин қышқылының негізгі тізбегі – фосфат-пентоза-фосфат-пентоза т.с.с түзіледі.