«Биохимия» пәнінен 1к аралық тест тапсырмалары
1.Белоктар туралы түсінік, элементтік құрамы, молекулалық массасы.
Белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады.
Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55 % көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5% сутек, 0,3-2,5 % күкірт, 1-2 % фосфор болады. Кейбір белоктарда өте аз мөлшерде 0,3-0,00001 % темір, мыс, иод, марганец, бром, кальций, мырыш және т.б. кездеседі.
Табиғатына байланысты белоктардың молекулалық массасы барынша өзгере алады. Кең таралған белоктардың молекулалық массасын мына сандармен межелеуге болады : инсулин –35000, пепсин –39000, гемоглобин –68000, жұмыртқа альбумині – 40500.
Ақуыз өршіткі, тасымалдау, қозғалыс, қорғаныштық, қабылдағыш, қоректік заттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады.
2.Белоктардың биологиялық қызметтері:
1) белоктар жасушаның ең негізгі кұрылыс материалы;
2) белок - ферменттер жасушада жүретін химиялық реакциялардың жылдамдығын тездетеді (катализаторлар);
3) белоктар - тасымалдау-тыныс алу қызметін аткарады. Қызыл қан түйіршігінің белогы гемоглобин оттегін қосып алып, барлық үлпаларға, жасушаға таратады да, олардан көміркышқыл газын өкпеге тасымалдайды;
4) белоктар козғалыс қызметін атқарады. Мысалы, бүлшык еттердің, жүректің, өкпенің, ішек-карынның қабырғасындағы еттердің жиырылуы миозин, актин белоктары қозғалыстын бірнеше түрін іске асырып, сол мүшелердің кызметі қамтамасыз етіледі;
5)ағзадағы иммунды жүйелердін белоктары - гаммаглобулиндер ағзаға түскен бөгде затгарды "таниды", байланыстырады, жояды, сол арқылы ағзаны бактериялар мен вирустардан т.б. затгар әсерінен сақтайды;
6)химиялық табиғаты белок - гормондар ағзадағы зат алмасуын реттеуге қатысады;
7)хромосом қүрамындағы белоктар тұқым қуалау қасиеттеріи беруге, өсу мен дамуды реттеуді қамтамасыз етеді;
8) белоктар - қуат көзі, 1г белок толық ыдырағанда 17,0 қДж (4,1ккал) куат босап шығады. Тәулігіне жүмсалған қуаттын 10-15% пайыздайы белок арқылы өтеледі.
3. Белоктардың жіктелуі. Жәй және күрделі белоктар, өкілдері.
Белоктардың кеңістіктегі орналасуына сәйкес глобулярлы және фибрилді деп 2-ге бөлінетіндігі жоғарыда айтылып кетті. Ал, биологиялық қасиеті мен қызметіне сәйкес белок молекулаларын төмендегідей топтарға бөледі.
Белок — ферменттер белоктардың ең үлкен тобы
Белок — гормондар инсулин, гипофиздің гормондары, вазопрессин, окситоцин.
Иммундық белоктар антиденешіктер, қанның — глобулині
Транспорттық белоктар қанның гемоглобині, қан сары суының белоктары.
Жиырылғыштық функция бұлшықеттің актомиозині.
Құрылымдық белоктар клетка мембранасының белоктары т. б.
Артықша белоктар сүтінің казеині, жұмыртқа белогы химиялық құрылысының ерекшелігіне сәйкес белоктарды жәй протеиндер және күрделі протейдтер деп екі топқа бөледі.
Жәй белоктар, яғни протеиндер тек амин қышқылдарының қалдығынан тұрады. Жәй белоктардың қатарына, табиғатта кеңінен тараған — глютэлин және проламин өсімдік белоктары, қанның альбуминдері мен глобулиндері адам мен жануарлар организмінде, гистондар мен протаминдер ядролық белоктар, колла-гендер мен кератиндер белок тәрізді заттар немесе протеиноидтар т.б. жатады.
Күрделі белоктардың қатарына құрамында полшептидтік тізбектен басқа нуклеин қышқылдары, көміртегі, гем, фосфор қышқылы, металл иондары сияқты белоктық емес компоненттері бар белоктар жатады.
4.Белоктардың амин қышқылдық құрамы.
Белоктардың құрылым бірлігі болып аминоқышқылдар есептелінеді. Белоктарды синтездеу үшін 20 протейногенді аминоқышқылдар пайдаланылады. Барлық протейногенді аминқышқылдар L- қатарындағы а-аминоқышқылдар. а –аминоқышқылдардың жалпы формуласы:
Н2 N- CH-COOH
R
Мұндағы R-радикалы сутегі атомы болу ы мүмкін, ондаглицин амиқышқылы болады, ал егер радикал метил тобы –СН3 боса, онда аланин амин қышқылы болады.
Протеиногенді аминоқышқылдарды радикалдарының қалдығына байланыты 4-топқа бөлінееді.
Полярсыз радикалды аминоқышқылдар немесе полярсыз аминоқышқылдар.H2N-CH-COOH H2N-CH-COOH H2 N-CH-COOH H2N-C-COOH
CH3 CH CH2 CH-CH3
аланин CH3 CH3 CH CH2
валин CH3 CH3 CH3
лейцин изолейцин
H2N-CH-COOH H2 N-CH-COOH H2N-CH-COOH HN-C-COOH
CH2 CH2 CH2
CH2 пролин
S-CH3 NH
метионин триптофан фенилаланинКейбір белоктардың құрамында жоғарыда көрсетілген аминоқышқылдармен қатар аз мөлшерде минорлы аминоқышқылдар болады.
Минорлы аминқышқылдар-радикалдарды түрлендірудің нәтижесінде пайда болған протейногенді аминоқышқылдардың туындылдылары.
5. Белок молекуласының өлшемі мен пішіні.
Глобулярлы және фибрилярлы белоктар.
Белок молекуласының сыртқы пішініне қарай глобулярлы және фибриллярлы болып
жіктеледі. Белоктардың осылай жіктелуі (ассиметрия коэффициентімен) ұзыннан және
көлденеңінен созылған осьтердің арақатынасымен анықталады. Егер ассиметрия
коэффициенті 1-2,8 аралығында болса, ол глобулярлық белокқа жатқызылады (globula -
шар). Бұл топқа жататын белоктардың тізбектері жинақы шумақталған, молекула пішіні
шар немесе эллипс тәрізді. Мұндай белоктар суда және тұздардың судағы ерітінділерде
жақсы ериді, жасушаларда негізінен динамикалық қызмет атқарады (катализдік, реттеу,
қорғаныс, тасымалдау т.б.). Егер де ассиметриялық коэффициенті 10 және одан жоғары
болса, фибриллярлы белоктарға жатады (fibrilla - талшық). Бұл белоктардың тізбектері өте
созылған, ұзын талшық жіпшелер тәрізді келеді. Негізінен фибриллярлы белоктар құрылымдық
қызмет атқарады. Ерігіштігіне қарай фибриллярлы белоктар екіге бөлінеді:
1. Концентрлі тұз ерітінділерінде еритіндер, бұл белоктарға бұлшық еттің жиырылатын
белоктары (актин, тропомиозин, миозин), қанның құрамындағы белок – фибриноген жатады.
2. Ерімейтін белоктар: склеропротеидтер, оған шаштың, тырнақтың құрамындағы белок –
кератин; дәнекер тінінің эластинді талшықтары;– эластин; дәнекер тінінің, сіңірдің,
шеміршектің басты компоненті коллаген
6. Белоктардың элементтік құрамы, жіктелуі.
Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55 % көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5% сутек, 0,3-2,5 % күкірт, 1-2 % фосфор болады. Кейбір белоктарда өте аз мөлшерде 0,3-0,00001 % темір, мыс, иод, марганец, бром, кальций, мырыш және т.б. кездеседі.
Пептидтік тізбектен басқа көптеген ақуыздарға аминқышқыл емес топтар да енеді, және осы өлшем бойынша белоктар екі үлкен топқа бөлінеді - қарапайым және күрделі ақуыздар (белоктар). Қарапайым белоктар тек полипептидті тізбектерден тұрады, күрделі ақуыздарда аминқышқыл емес немесе протездік топтар болады.
7. Глицин (аминосірке қышқылы) формуласы.
Глицин — C₂H₅NO₂амин сірке қышқылы, ең қарапайым алмасатын амин қышқылы. Барлық ақуыздардың құрамына кіреді, тірі организмде боста кездеседі. Глицин — көптеген протеиндер мен биологиялық белсенді қосылыстардың (глутатион, креатин т.б.) құрамына кіреді. Тірі жасушаларда глициннен порфириндер және пурин негіздері түзіледі.
Бұл «маңызды амин қышқылы» болып саналмайды, өйткені организм оны басқа химиялық заттардан жасай алады.
Глицин шизофрения, инсульт, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (BPH) және кейбір сирек кездесетін тұқым қуалайтын метаболикалық бұзылуларды емдеу үшін қолданылады.
8. Аланин (α-аминопропион қышқылы)
Аланин — аминопропион қышқылы. Әртүрлі белоктардың құрамына кіреді. Қан плазмасында бос кездеседі [1]; ақуыз құрамына кіретін 20 амин-қышқылының біреуі: СНЗ-СН - NН2-СOOН+табиғатта аминқышқылының 2 изомері түрінде кең таралған.
9.Сүйек тінінің атқаратын қызметтері.
Сүйек тіні-дәнекер тінінің ішіндегі жоғары мамандан-ған,аралық заты минерализациялан-ған,құрамында 70%-органикалық зат болса,оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады.Басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер болатыны белгілі,оларға:мыс, цинк, барий, магний, т.б. жатады.
Сүйек тіні– дәнекер тінінің ерекше түрі.
Қорғаныс қызметі- ағзаның негізгі қанқасы, ішкі мүшелерді қорғайды.
Тірек-қимыл- бұлшық еттер, буындар, байламдармен бірігіп атқарады.
Метаболиттік – минералды заттардың алмасуына қатысады.
Реттеуші- ішкі ортаның гомеостазын (иондық құрамын) тұрақты күйде ұстап тұрады.
Минералды заттардың қоры: Са-99%, Р-87%, Мg-50%, Na-46%.
10.Сүйек тінінің құрамы.
Жасушааралық заты минералдардан тұрады.
Құрамында 70 % бейорганикалық заттардан, негізінен
кальций фосфаты.Олар басқа байланыстыратын ұлпаларға қарағанда
тірек, механикалық, ішкі органдарды
қорғау қасиеттерімен және де кальций, фосфор
тұздарының депосы болып саналады. Органикалыққұрамы көбіне ақуыз бен липидтерден тұрады.Органикалық және бейорганикалық бөлімдері қосылып мықты, берік тірек ұлпасын береді, яғни созылуға,қысылуға қарсы тұратын қасиеті бар.
11.Сүйек тінінің белоктары.
Коллаген – сүйектің минералдық компоненттерімен бірігіп сүйектің механикалық қасиеттерін анықтайды. Сүйек матриксінің, сіңірдің және терінің коллагені 1 типті коллагенге жатады.
Сүйек тіні коллагенінің ерекшеліктері:
1.құрамында оксипролин көбірек;
2.құрамында лизин және оксилизин қалдықтарымен байланысқан фосфаттың бос е-амин топтары көп.
3.Құрамында серин қалдықтарымен байланысқан фосфаттың мөлшері жоғары.
Амофты белокты – көмірсулы зат.
Оның құрамына коллаген емес
белоктар,липидтер, көмірсулар, нуклеотидтер
нуклейн қышқылдары, белок-ферменттер
және т.б. заттар кіреді.
Сүйек тінінің альбуминдері иммуннологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуы альбуминіне ұқсас. Атқаратын қызметі - қаннан гормондарды, катиондарды және т.б. Заттарды сүйек тініне тасымалдау.
12.Сүйек тінінің гликопротеидтері.
Гликопротеидтер. (сиалопротеидтер).Атқаратын қызметі – сүйектің минералдануына, өсуімен дамуына қатысу. Құрамының ерекшеліктері:
1.Құрамында аспарагин және глутамин қышқылдары көп. 2.Құрамында фосфатпен байланысқан серин қалдығы көп. 3.Құрамында галактозамин, сиалқышқылдары және пентозалар сияқты көмірсулар көп.
13. Ферменттер, анықтамасы, жалпы қасиеттері
Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология депаталады.Тірі жасушада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады.Зат алмасу процесі дегеніміз — белгілі бір тəртіппен кезектесіп келіп отыратын əртүрлі химиялық реакциялардың жиынтығы.Мұндай реакциялар жасушадан тыс жерде өте қиындықпен жəне мейлінше баяу жүреді. Ол үшін қатаң шарттар (жоғары температура, күшті қышқылдар, сілтілер жəне т.б.) қажет. Тірі жасушада бұл реакциялардың жылдамдығы тірі жасушалардан тысқары жердегіден миллиондаған есе артық.Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген жəне мыңдаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда, жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін жəне тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.Мыңдаған жылдар бойы адам баласы шарап ашыту, ірімшік жасау, нан пісіру, тері илеу, сыра қайнатушылық кəсіппен шұғылданғаны белгілі. Бірақ бұл процестерге ферменттердің тікелей қатысының барлығын білмеген еді, сол кезде ғылым,оның ішінде биология ғылымы өз дамуының ең төменгі сатысында тұрған болатын. Кейіннен табиғаттану ғылымдары саласында ашылған жаңалықтар мен қол жеткен табыстарға байланысты, биохимия саласы да біртіндеп дами бастады.Луи Пастер спирттің ашу процесін зерттеп мынадай қорытындыға келеді: ашу процесін жүргізетін химиялық заттар емес, ашытқының, яғни тірі жасушалардың тіршілік əрекеті болып табылады. Ол: ферменттер ашытқыдан ажырамайды, олармен біртұтас деп санады. Ашуға қатысты мұндай көзқарас 1897 жылы Бухнер ашқан тамаша жаңалыққа дейін ұзақ уақыт сақталып келді. Ол құрамында тірі жасушалар жоқ ашытқы сөлін сумен бөліп алады.Осы сөлдің өзі-ақ қантты тез ашытып, спиртке жəне көмір қышқыл газына айналдырғанын көреді. Осылайша қантты ыдыратып ашытатын ашытқының тірі жасушалары емес, керісінше олар жасап шығарған фермент (химиялық зат) екеніндəлелдейді. Ферменттің қантты ашытқы өнімдеріне айналдыратын катализатор екенін анықтайды.
14. Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар.
Ферменттердің белсенділігіне әсер ететін факторлар бұл ферменттердің жұмысын өзгерте алатын агенттер немесе жағдайлар. Ферменттер - бұл биохимиялық реакцияларды жылдамдатуға арналған ақуыздар класы.
Ферменттер ағзалар үшін бірқатар маңызды реакцияларда маңызды, мысалы, улы қосылыстарды кетіру, тағамды бөлшектеу және энергия алу.
ФАКТОРЛАР
Ферменттер концентрациясы жоғарылаған сайын реакция жылдамдығы пропорционалды өседі.
Субстрат концентрациясын жоғарылату реакция жылдамдығын арттырады.
Сутегі иондарының (рН) концентрациясының өзгеруі ферменттердің белсенділігіне үлкен әсер етеді.
Тұздардың концентрациясы иондық потенциалға да әсер етеді, демек, олар ферменттердің белгілі бір байланыстарына араласуы мүмкін, олар бірдей активті учаскенің бөлігі бола алады. Бұл жағдайларда, рН сияқты, ферменттің белсенділігі әсер етеді.
Температура жоғарылаған сайын, ферменттер белсенділігі артады
Бәсекеге қабілетті ингибитор
15. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.
Катализдеу реакциясының түрі бойынша ферменттер 6 топқа жіктеледі : оксидоредуктаза, гидролаза, трансфераза, лиаза, изомераза, лигаза
Оксидоредуктаза – ферменттер реакцияны катализдейді, онда субстрат атомдарды қабылдайды немесе береді, Н және Оатомдарын немесе электрондарды бір заттан екінші затқа тасымалдайды.(дегидрогеназа, оксидаза .)
Гидролаза –Гидролиз реакцияларына қатысады ,реакция нәтижесінде бір субстраттан екі өнім пайда болады .Мысалы :липаза, пептидаза, амилаза.Гидролитикалық ферменттер суға қосады.
Трансфераза – … топты алмастыратын фермент .белгілі бір атомның топтарын тасымалдайды: фосфат тобы, амин тобы,метил топтарын. Мысалы мына ферменттер : трансаминаза, киназа .
Лиаза - субстраттан атом топтарын тартып алу немесе қосып алу. Мысалы: декарбоксилаза,фумараза,альдола
Изомераза - Молекула ішінде өзгерістер жасайды.Олар :изомераза, мутаза.
Лигаза – Екі молекуланың бірігіуін катализдейтін фермент .Екі молекуланы қосып алады, нәтижесінде жаңа байланыс пайда болады .Мысалы : фосфатаза.
16. Фермент әсерінің активаторлары мен ингибиторлары.
Әр ферменттік ортада реакцияны тездететін және тежейтін зат болады.Фермент реакциясын тездететін заттар-активаторлар.Фермент реакциясын тежейтін заттар-ингибиторлар.
Активаторлар-Ферменттік реакцияны тездетеді.Мысалы:қарын сөлінде пепсиннің бөлінуін тездету ж/е ас қорыту кезінде бауырдан өттің тез бөлінуін қамтамасыз етеді.
Ингибиторлар-Ферменттік реакцияны тежейді.Мысалы:Ағзада ауру пайда болса немесе басталаса сол ауруды тежеп ағзаның күресуіне көмектеседі.Иммундық реакцияға қатысады десекте болады
17. Изоферменттер, рөлдері, биологиялық негіздері.
Изофермент немесе изоэнзим — бір ферменттің әр түрі, олардың полипептидтік құрылысында бір-бірінен айырмашылықтары, ферменттiң бiр реакциясын катализдейтiн көптiк формалары, бiрақ субстратқа, катализделетiн (белсендiлiк) реакцияның максимал жылдамдығына, электрофоретиялық қуаттылығына немесе реттегіш қасиеттерінің жақындығына, жеке алғанда физикалық және химиялық қасиеттері бойынша бiр-бiрiмен өзгешеліктерінің болуы. Олар бір түрге жататындардың ағзасында немесе жеке клеткасында кездеседі, олардың катализдік активтілігі әр түрлі болады.
Изоферменттер басқа да изофункционалдық белоктар секілді, бір функцияны, яғни бір қызметті атқарады, бір ғана реакцияны катализдейд, бірақ изоферменттердің қатарына байланысты құрылысы өзгеруі мүмкін, мысалы алатын болсақ, молекулалық белсенділігі бойынша, рекцияның кинетикасы бойынша, және де тұрақтылықтары бойынша өзгерістері, айырмашылықтары болады.
18. Ферменттер, ферменттердің белсенділігіне температураның әсері.
30-40градуста ферменттер белсенділігі жоғарылайды,ал ол градустан төмен болса бөлсенділігі төмен болады.Температураның көтерілуі ферменттердің реакциясын тездетеді,белсенділігін жоғарылытады.Ферменттер өздері белок болғандықтан жоғарғы температурада бұзылып,катализдік қасиетінен айырылады.Мысалы:0градус және одан төмен болса астың сақталу мерзімі артады,сол үшін біз бұзылып кететін заттарды холодильникте сақтаймыз.Қыста фермент температурасы төмен болғандықтан ағаш жапырақтары қурап түсіп қалады.Ал көктемде фермент градусы көтеріліп ағаштар қайтадан гүлдеп бастайды.
19. Сілтілік және қышқылдық фосфотазалардың қасиеттері?
Сілтілік фосфотаза құрамында P-F, P-O-C, P-O-P, P-S және P-N байланыстары бар қосылыстарды гидролиздеуге қабілетті, ал катализденетін реакция типтегі донордан фосфаттың берілуінен тұрады.Ал қышқылдық фосфотазада әр түрлі тіндерден оқшауланған қышқыл фосфотазаны электрофоретикалық жолмен бөлу арқылы бұл ферменттің төрт компоненті бар екендігі анықталды:А,В,С,Д.
Бүйректе АВД компонеттерінің тіркесімі басым болады, ВД бауырда, ішекте, жүрек қаңқа бұлшық еттерінде , теріде В компоненті, ұйқыбезінде Д, С компоненті плацентада болады және ересек организмнің бірде бір мүшесінде болмайды.Жалпы ВД комбинациясы теріні , бүйректі және ұйқы безін қоспағанда,адамның көп ұлпаларында қышқыл фосфотазаға тән болып келеді.Жалпы осы аталған 4 компоненттер генетикалық анықталған қышқыл фосфотазаның изоформалары болып табылады
20.Сілтілік және қышқылдық фосфатазалардың практикалық маңызы.
ҚФ-қан сарысуында қышқылдық фосфатазаны өлшеу әртүрлі ауруларды анықтауда пайдаланады.Мысалы қалыптан тыс деңгейлер жүйелік инфекцияның ,анемияның,гепатиттің,,тромбофлебиттің немесе гиперпаратиреоздың болуын көрсете алады.Атап айтқанда, РАР деңгейінің жоғарылауы қуық асты безінің қабынуымен , сондай ақ сүйекке метастаздалған простата обырымен байланысты.
СФ-қандағы сілтілік фосфатазаның белсенділігін анықтау бауыр мен қаңқа жүйесі ауруларын анықтауда диагностикалық маңызы бар.Аталмыш созылмалы аурулардың қатарында:гипонфосфатаземия аурулары,саркаидоз, туберкулез, амилаидоз бар.Рахитпен ауыратындарда 65% жағдайда сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы (2-4 есе) байқалады.Пагет ауруы ,фосфат диабеті қан сарысуындағы сілтілі фосфатаза белсендігінің едәуір артуымен қатар жүреді.
21.Сілтілік және қышқылдық фосфотазалар анықтамасы?
Сілтілік фосфатаза-бұл фосфотаза біздің ағзаның барлық жасушаларында болатын фермент,бірақ оның көп мөлшері сүйек тінінде,бауыр жасушаларында,ішектің шырышты қабығында және плацентада болады.Қызметі-оның функциясы фосфор қышқылын органикалық молекулалардан бөлу,сол арқылы фосфор алмасуға қатысады.
Сілтілік фосфатаза деңгейі көптеген факторларға , әрбір адамның өзіндік ерекшеліктеріне, жынысына, жасына т.б байланысты болады.
Қышқылдық фосфатаза-бұл молекулалардан бөлінетін топтардың бөлінуін катализдейтін ферменттер.Олар сф дан рН тың оңтайлы деңгейімен және басқа бірқатар ерекшеліетерімен ерекшеленеді.ҚФ деңгейі гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, тромбоз , миелома , қатерлі ісік кезінде жоғалады.
22.Сүйек тінінің минералды компонеттері жалпы түсінік
Сүйек тінінің минералды фазасының қызметі:
1) сүйектің қаңқасын құрайды
2) күш береді
3) пішін береді
4) қорғаныс
5) пайдалы қазбалар қоймасы болып табылады.
Бейорганикалық компоненттер сүйек көлемінің шамамен 1 /4-1 / 3 құрайды; көлемнің қалған бөлігін органикалық матрица алады. Алайда сүйектің органикалық және бейорганикалық компоненттерінің үлес салмағы әр түрлі, сондықтан ерімейтін минералдар үлесі массаның 1/2 бөлігін құрайды. Сүйекті сұйылтылған қышқыл ерітінділеріне батырған кезде оның минералды компоненттері жуылады, ал сүйектің пішінін сақтайтын икемді, жұмсақ, мөлдір органикалық қалдықтары қалады.Органикалық матрица 90% коллагеннен, коллаген емес ақуыздардан және протеогликандардан тұрады.
1) Сүйек матрицасының коллаген фибриллері I типті коллагенмен түзіледі, ол сонымен қатар сіңірлердің, терінің, дентиннің бөлігі болып табылады.
2) Сүйектерде және тістерде коллагенді емес ақуыздар бар, олар жалпы және спецификалық болып табылады (тек сүйек тініне немесе тіс тініне ғана).
23. Сүйек тінінің көмірсулары, липидтері және басқа да органикалық қосылыстар?
Сүйек тінінң химиялық құрамы Құрғақ зат 90% Жасушааралық органикалық матриксі 20 % Коллаген 95 % аморфты белокты – көмі0рсулы зат 5% Бейорганикалы қ 70 % Су 10%Жасушалардың саны өте аз.Коллагеннің мөлшері өте көп (органикалық заттардың 95% құрайды).Коллагеннің талшықтары өте тығыз, жоғары дәрежедегі тәртіппен орналасады.Коллагеннің құрамында оксипролин, лизин мен оксилизин көп, оларға фосфаттар қосылып, кристаллизация орталығын түзеді, ізінше гидроксилапатиттер түзіледі.Коллагеннің құрамында фосфаттың мөлшері көп, олар серинмен байланысқан, осындай фосфаттарға Са2+ иондары қосылып, кристаллизация орталығын түзеді, ізінше гидроксилапатиттер түзіледі.Минералды тұздар (әсіресе Са-дің) өте көп.
24. Сүйек тінінің ферменттері және протеиндері?
Сүйек тінінің минералдық бөлігін гидроксилапатит кристалдары мен аморфты кальций фосфаты құрйды. Гидроксилапатит кристалдарының пішіні пластина немесе таяқша тәрізді болады. Бұл қосылыстың структурасы өзін қоршаған тіндік сұйықтықтарға иондарды оңай беріп, оларды өзіне сіңіре алуға бейімделіп құралған. Аморфты кальций осфатының мөлшері нәрестелерде көп, ал жетілген сүйекте кристалдық гидроксилапатит басым болады.Сүйек тінінің минарлдық бөлігін гидроксилапатит кристалдары мен аморфты кальций фосфаты құрйды. Гидроксилапатит кристалдарының пішіні пластина немесе таяқша тәрізді болады. Бұл қосылыстың структурасы өзін қоршаған тіндік сұйықтықтарға иондарды оңай беріп, оларды өзіне сіңіре алуға бейімделіп құралған. Аморфты кальций осфатының мөлшері нәрестелерде көп, ал жетілген сүйекте кристалдық гидроксилапатит басым болады.
Сүейек тінінде магний көп, ол сілтіні фосфатаза, пирофосфатаза сияқты ферменттердің активаторы болып табылады.
Сүйек тінінде 30- ға жуық остеотроты микроэлементтер: мыс, стонций, мырыш, барий, алюминий, берилий, крмний, фтор және т.б.
Сүйек тінінде 30- ға жуық остеотроты микроэлементтер: мыс, стонций, мырыш, барий, алюминий, берилий, крмний, фтор және т.б.
25. Витаминдер туралы жалпы түсінік?
Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар ( лат . вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар ). Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферментердің құрамына кіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу пролцесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен , жеген тамақтың құрамында п р о в и т а м и н (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б.витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады.
Ұзақ мерзім бойы жеген тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда а в и т а м и н о з, ал жеткіліксіз болса г и п о в и т а м и н о з , мөлшерден артық болса г и п е р в и т а м и н о з деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса , адам өліп те кетүі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері ішіп – жейтін тамақтың құрамында тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.
26. Майда еритін витаминдер қайсы және олардың атқаратын қызметтері?
Майда еритін витаминдер туралы ең айқын ақпарат үстел болып табылады. Бұл түрге А, Д, Е, К дәрумендері кіреді. Атауынан анық болғандай, бұл заттар тек органикалық еріткіштерде сіңіріліп, жұтып қойылуы мүмкін - осыған байланысты су әлсіз.
Бұл витаминдердің өте маңызды функциясы бар: ең алдымен, сүйек пен эпителий ұлпаларының өсуін, қалпына келуін, терінің икемділігі мен шаштың денсаулығына жауапты. Жастар мен сұлулықты сақтауға арналған майда еритін витаминдер. Теріні қалпына келтіріп, шашты қалпына келтіруге арналған косметиканың көп бөлігі, бұл витаминдер.
А дәрумені (ретинол, ретино қышқылы)
Бұл витамин адам организмінде өсімдік тағамдарына қатысатын каротендерден қалыптасады. Денедегі бұл витаминнің мөлшері қалыпты болса, онда көрініс әрдайым жақсы болады, көздер қараңғыға тез бейімделеді. Сонымен қатар, иммундық жүйе вирустар мен инфекцияларға жедел жауап береді. Бұл витаминнің қатысуымен терінің және шырышты барлық клеткалары тұрақты түрде жаңартылады. Алайда, жоғары дозада А дәрумені қауіпті - бұл сынғыш сүйектерді, құрғақ теріні, әлсіздікті, әлсіз көруді және кейбір басқа ауруларды тудыруы мүмкін. Сіз осындай өнімдерден алуға болады: барлық қырыққабат, барлық апельсин жемістер мен көкөністер, салат, қызыл бұрыш , сондай-ақ сүт, ірімшік және жұмыртқа.
Витамин D
Дене күн сәулесінен синтезделетін керемет витамин. Ашық аспан астында аптасына үш рет кем дегенде 20-30 минут болсаңыз, дененің жетіспеушілігінен зардап шекпеуі үшін жеткілікті. Оның астығы өте қауіпті - бұл бас ауырсыну, бүйректерге зиян, жүрек тамырлары, бұлшықеттердің әлсіздігі. Мамандардың таңқаларлығы, күн сәулесінен қорғау құралдарын қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Оны балық бауыры, майлы балық, ірімшік, сүт, жұмыртқа жұмыртқасы, жарма өнімдері сияқты азық-түліктерден алуға болады.
Е дәрумені (токоферол, токотренол)
Бұл витамин табиғи антиоксидант болып табылады, ол денеге жасушалар мен процестердің зақымдануын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер E дәрумені жеткілікті болса, ол қатерлі ісікке тәуелділікті азайтады және иммунитетті арттырады. Өсімдік майы, бидай ұрықтары, жаңғақтар, жұмыртқаның сарысы, жапырақты көкөністерден витамин алуға болады.
Витамин К (менакуинон, менадион, филоквинон)Бұл витамин қалыпты қан ұюы үшін қажет, бірақ оның артықшылығы ядроға тағайындайтын кейбір препараттардың сіңірілмейтініне әкеледі. Сау денеде бұл витамин ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді. Сіз тамақпен бірге тамақтануыңызға болады, егер Сізде мұндай компоненттер сіздің диеталарыңызда: қырыққабат, жапырақты көкөністер, жұмыртқа, сүт, бауырдың барлық түрлері.
27. Суда еритін витаминдер қайсы және олардың атқаратын қызметтері?
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 /РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады. В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. В1 витамині / тиамин. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бәрігіп, пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын ферменттер құрамына кіреді.Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді. Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда болады.В2 витамині / рибофлавин/.Осы витамин тотықтандыратын сары ферменттер /ФАД, ФМН/ құрамына кіреді. Бұл витамин көмірсулардың алмасуына, глюкоза мен галактозаның ішекте сіңірілуіне қатысады. Көру органының, жыныс бездерінің, жүйке жүйесінің қалыпты қызметіне және төлдің құрсақта өсуіне рибофлавин қажет.Рибофлабин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. Мысалы, бұл жағдайда қанттардың алмасуы бұзылып, бауырдағы гликогеннің пайда болуы төмендеп, сүт пен пирожүзім қышқылдарының тотығуы тоқтайды.Рибофлабин жетіспеген жағдайда организм белок пен амин қышқылдарын нашар пайдаланады.В3 витамині / пантотен қышқылы/. Пантотен қышқылы грек. Пантос – желаяқ/ 1943 жылы қолдан жасалды. Пантотен қышқылы ашық сары, жабысқақ сұйық. Бұл қышқыл өзінің биологиялық активтігін организмде А коферменті ретінде көрсетеді.Пантотен қышқылы жеткіліксіз болса, организмнің өсіп – жетілуі баяулайды, терісі зақымданады, жүйке жүйесінің қызметі және ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады.1914жылы К. Функ пеллагра ауруын жазатын заттың табиғатын анықтады. Бұл зат никотин қышқылы болып шықты.Никотин қышқылы – ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, кристалдар. Ол жоғарытемператураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілі ерітінділерге тұрақты. Никотин қышқылы амидінің де витаминдік қасиеті бар.Никотинамид зат алмасуына өте қажетті ферменттердің /кодегидраза, кодегидрогеназа, немесе НАД, НАДФ/ құрамына коферменттер ретінде кіреді. Ал бұл ферменттер сутегінің алмасуына әсер етеді. Бұл витаминнің рационда жетіспеуі пеллагра дейтін ауыр індетке ұшыратады.В6 витамині /пиридоксин/.В6 витамин тобына пиридоксил немесе пиридоксин, пиридоксаль мен пиридоксамин кіреді.Пиридоксин жетіспегенде жануарлардың азықты пайдалануы мен өсуі нашарлап, терісі қабынып /дерматид/, аяқтары құрысып және жансызданып, қандағы темірдің мөлшері көбеюіне қарамастан қанның жалпы мөлшері азайып гипохромдық анемия пайда болады.В12 витамині / цианкобаламин/. Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны оны кобаламин деп атайды.
28. Авитаминоз және гиповитаминоз, гипервитаминоз ауруларына түсініктеме?
Достарыңызбен бөлісу: |