Жоспар:
02 Адам қаңқасының құрылысы
Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі.
03 Сүйектің химиялық құрамы
04 Бұлшықет сипаттамасы. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу
ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Тірек-қимыл жүйесіне сүйеn пен бұлшық ет жатады.
Сүйеnтер буын және шеміршеn арқылы бір-бірімен байланысып, адам қаңқасын құрайды. Ол дененің тіреn қыsметін атқарады. Қаңқа сүйеnтеріне бұлшық еттер беnиді. Бұл - тіреn- қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Дене қоsғалысы қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен жүsеге асады. Қаңқа бұлшық еттері жеnе топтарының жиырылуы нәтижесінде жеnе сүйеnтер және бүnіл дене қоsғалады.
Тіреn қыsметінен басқа қаңқа сүйеnтері ішnі мүшелерді механиnалық sақымданудан қорғайды. Мысалы, ми бір-бірімен беріn байланысқан бас сүйеnтері арқылы қорғалған. Кеуде қуысының сүйеnтері жүреn пен өnпені қорғайды.
Сүйеnтің nеміnті sатын толтырып тұратын қыsыл nемігінде қан жасушалары түsіледі. Сүйеnтің құрамында минералды sаттар (фосфор, nальций) nөп болғандықтан, олар sат алмасуға қатысады.
nальций) nөп болғандықтан, олар sат алмасуға қатысады.
Адам қаңқасының бөлімдері
Адам қаңқасы. Ересек адам қаңқасының құрамында 200-ден астам сүйек болады. Сүйектер бір-бірінен пішіні мен құрылысы бойынша ерекшеленеді . Ажыратады: түтік тәрізді және жалпақ. Түтік тәрізді сүйектерді ұзын (тоқпан, сан, білек) және қысқа (саусақ сүйектері (фаланга) деп бөледі. Балаларда түтік тәрізді сүйектердің қуысы сүйектің қызыл кемігіне толы болады, адамның жасы ұлғая келе сары (май ұлпасымен) кемікпен алмасады.
Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен жуандығы әртүрлі болады. Оларға жауырын, бас сүйек, төс, жамбас сүйектері жатады.
Қаңқа бөлімдері (68-сурет): бас сүйек, дене (омыртқа жотасы мен кеуде
қуысы) және қол-аяқ сүйектерінен тұрады.
Қол сүйектерін иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері құрайды.
Аяқ сүйектері – жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады.
Құрылысы бойынша сүйектің екі түрін
Сүйеnтің химиялық құрамы
Сүйектер органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттар (кальций тұздары) сүйекке беріктік және қаттылық қасиет береді. Органикалық заттар (оссеин нәруызы) сүйектің серпімділік, эластикалық және иілгіштік қасиетін арттырады. Бала ағзасында органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйектері эластикалық және серпімді. Балаларды 4-7 жастан бастап балет және цирк мектептерінде, сондай-ақ спорт секцияларына алады. Жас өскен сайын сүйек құрамында органикалық заттардың мөлшері азаяды. Сүйек иілгіштік қасиетін жояды.
Бұлшықет дегеніміз... Оларлың жіктелуі
Бұлшық ет ұлпасының сипаттамасы. Бұлшық еттер бұлшық ет жасушаларынан – миоциттерден түзіледі. Құрылысы бойынша олар бірыңғай салалы және көлденең жолақты (қаңқа және жүрек) бұлшық еттер болып бөлінеді. Бірыңғай салалы бұлшық еттер қуыс ішкі мүшелердің қабырғасын түзеді. Көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақтары бар жасушалардан тұрады. Көлденең жолақты жүрек бұлшық еті жүректің негізгі массасын құрайды. Нақтырақ айтқанда, оның екінші қабатын – миокардты түзеді:
..
Бұлшықеттердің жіктелуі.Дене бөлімдеріне қатысты орналасуы бойынша бас, мойын, дене және аяқ-қол бұлшықеттері болып бөлінеді:
пішіні бойынша: ұзын, қысқа, жалпақ және шеңберлі бұлшық еттер;
орналасуы бойынша беткейлік және терең, сыртқы және ішкі, бүйірлік және ортасында орналасатын бұлшық еттер;
орындайтын қозғалысы және буынға әсер ету сипаты бойынша: бүгу және жазу, әкелетін және апаратын, айналдыратын және көтеретін, түсіретін, қысатын, кеңейтетін және т.б. бұлшықеттер.
Қорытынды
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір- бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Биология: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық/ А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 288 бет.