Ферменттердің аталуы
Ферменттер соңғы уақытқа дейін дұрыс аталмай келді, өйткені бір ферментке бір немесе бірнеше атаулар берілді. Тек 1961 ж. Мəскеуде болған V Халықаралық биохимия конгресінде биохимиялық одақтың комиссиясы ферменттердің қазіргі кезде қолданылып жүргeн атауларына талдау жасап бекітті. Мұның негізінде бірнеше принциптер сақталады:
1. «аза» жалғауымен аяқталатын атаулар, тек жеке ферментт ер үшін қолданылатын болды.
2. ферменттердің аталуы мен жіктелуі олардың катализдейтін реакцияларына негізделді, бұл арнайылығы бар ферменттерді бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
3. ферменттер катализдейтін реакцияларының типіне қарай топтарға бөлінеді. Реакцияның аталуы субстраттың аяқталуымен бірлесіп, жеке ферменттің аталуын құрайды.
4. Барлық ферменттер 6 класқа жіктеледі. Əрбір класс топтарға, топтар топшаларға бөлінеді.
5. Əрбір фермент 4 саннан тұратын жүйелік реттік номермен (номенклатуралық шифрі) шифрленеді. Оның алдына ферменттің классификациялық (ФК) белгісі жазылады. Бірінші саны — ферменттің класы; екінші саны — ферменттің тобы; үшінші саны — ферменттің топшасы, төртінші саны — ферменттің атын білдіреді.
12.Фермент кофакторы. Коферменттер, жіктелуі, биологиялық рөлі, құрылысы.
Коферменттер немесе Коэнзимдер (лат. Ко - «бірге» жəне фермент) — құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апорферментепен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы - простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да - металл иондарының да, простетикалық топтың да (немесе коферменттердің) болуы қажет.
Коферменттер - толық молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді жəне ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Мысалы, диализ кезінде осылай болады. Олар сөзсіз қажетті кофактор ретінде ферменттердің катализдік жұмысына қатысады. Кофермент пен апоферменттің кешені холофермент деп аталатын толық, биологиялық белсенді фермент молекуласын құрайды. Ең көп таралған топты нуклеотидтік сипаттағы қосылыстар, сондай-ақ фосфор қышқылының қалдықтары бар коферменттер құрайды.
Кофакторлар – ферменттер әсеріне ықпал ететін немесе әсердің автқарылуы үшін қажетті зат. Кофактрдың ролі.:
Белоктардың үшінші реттік құрылымын өзгерту және фермент пен субстрат арасында комплементарлылықты жасау, кеңістікте фермент молекуласын тұрақтандыру;
Тағы бір субстрат ретінде реакцияға тікелей қатысу.
Кофакторларды коферменттерге және простетикалық топтарға щартты түрде бөледі. Ферментпен мықты байланысқан белок емес бөлігі простетикалық топ, ал оңай бөлінетін белок емес топ кофермент деп аталады.
Коферменттердің қызметі олардың электрондарды аралық тасымалдауда, кейбір атомдар мен қызметік топтарды (—H; —NH2; —CH3 және т.б.) бір қосылыстан екіншіге ауыстыру болып табылады. Нәтижесінде химиялық өзгерістер өтеді, жаңа өнім пайда болады. Коферменттері-витаминдер (В1, В2, В3, В5, В6, В12, Н, Вс) немесе олардың туындылары (КоА, НАД, НАДФ, ФМН, ФАД) болатын ферменттер әртүрлі маңызды реакцияларды жүргізеді. Пептидтердің коферменттік қасиеті олардың, мысалы, глутатион-SH (γ-глутамилцистеинилглицин) торшалардағы өтетін тотығу-тотықсыздану процесстеріне қатысуымен байланысты. Нуклеотидтер мен олардың, туындыларының (аденозиндік, гуанозиндік, уридиндік, цитидиндік) коферменттік қызметі АТФ-тың фосфаттық қалдығы мен аденинді, фосфоаденозинфосфосульфаттың (ФАФС) — сулфаттық топты, S-аденозилметиониннің — метилдік топты, УДФ-тің — гликозилдік қалдық пен урон қышқылын, УДФ-тің — фосфохолинді тасымалдаушы заттары ретінде болуымен байқалады. Металл иондарының коферменттік қызметі субтрат пен фермент арасында «көпір» тәріздес байланыс құруы арқылы және каталиттік қызметке тікелей қатысуы арқылы белгілі.
Сонымен бірге, кейбір моносахаридтердің фосфорлық эфирлері, липой қышқылдары және т. б. көптеген заттарда коферменттік қызметі атқаратындығы белгілі болды.
Бір ғана кофермент әртүрлі белоктарға байланысып әртүрлі реакцияларды катализдеуі мүмкін. Мысалы, пиридоксальфосфат бір жағдайда трансаминденуді жүргізеді.
Бір компонентті ферменттердің (фермент-протеин) каталиттік қызметі құрылымында активтік каталиттік субстраттық, аллостерлік орталықтардың болуымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |