Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері. Биохимиялық зерттеу әдістері



бет12/21
Дата07.02.2023
өлшемі268,89 Kb.
#65836
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Áèîõèìèÿ?à ê³ð³ñïå. Áèîõèìèÿ ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Áèîõèìèÿ

Мембрана.құрылысы-Кішкентай көк және ақ шариктар липидтердің гидрофильді бастарына сай келеді, ал оған қосылған сызықтар — гидрофобты құйрықтары. Суретте қызыл глобула мен сары спираль түрінде интегральді мембрана ақуыздары көрсетілген. Мембрана ішіндегі сары овальді нүктелер — холестерол молекулалары. Мембрана сыртындағы сары-жасыл түсті моншақты тізбек — гликокаликс құрайтын олигосахарид тізбегі.Шеткейлік ақуыздар сұйық күйде болғандықтан қалғып жүреді. Олар көбіне энзимдік (ферментативтік) қызмет атқарады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан тұрады.
МЕМБРАНА ҚЫЗМЕТТЕРІ.Тірі жасушаның өмірсүруінде мембрана алуан түрлі қызмет атқарады.
Барьерлік– қоршаған орта мен таңдамалы, реттелінетін, белсенсіз және белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді (селективті - таңдамалы; реттелінетін – заттар үшін мембрана өтімділігі жасуша жағдайына және геномға байланысты), яғни мембрана арқылы заттардың бос тасмалдануы үшін биомембраналық бөгеттің құрылуы. Кейбір заттар үшін биомембрана қиын бөгет туғызса, ал кей заттар ол арқылы жеңіл, сондай-ақ мембрананың құрылымына қарай тек белгілі бір бағытта ғана өтеді. Әртүрлі заттардың мембрана арқылы тасмалдану жылдамдығы бірдей емес. Биологиялық мембрананың барьерлік қызметі оның таңдамалылығымен байланысты. Мембраналар жасуша ішіндегі цитоплазмадағы компартменттерді құрайды. Жасушалық органоидтар – компартменттер ретінде қарастырылады. Матрицалық– мембранадағы ақуыздардың белгілі ретпен орналасуын, олардың бағытын, ұтымды әсерлесуін (мысалы, мембрана ферменттерінің әсерлесуін) қамтамасыз етеді. Олар электрондарды тасу ансамльдерін, энергияны жинақтау комплекстерін, жарықты рецепциялау, гормондармен және медиаторлармен реттеу комплекстерін құрайды.Жасушаның ішінде түрлі төмен- және жоғары молекулалық қосылыстар құрылады Механикалық – ішкі жасушалық құрылымдардың беріктігін, автономдығын қамтамасыз етеді. Яғни морфологиялық тұтастықтың және ішкі органоидтардың тұрақтылығы сақталады. Ол мембрананың механикалық құрылымына негізделген. Энергетикалық– митохондрияның ішкі мембраналарында АТФ синтезі, хлоропласт мембранасында фотосинтездеу (өсімдіктерде). Жасушалың ашық жүйесінде ағып жатқан процестер, бір жағынан энергияны жұмсайды, бірақ та жасуша өзі энергияның қорландыруы мен өндіруіне қатысады. Жасуша химиялық энергияны жинайды да (АТФ түрінде), оны химиялық, электрлік, осмотикалық және механикалық жұмыстарға трансформациялайды. Биоэнергетикалық және биосинтездік функциялар зат алмасуымен байланысты. Рецепторлық– механикалық, акустикалық, иіс сезу, жылу рецепциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет