Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері. Биохимиялық зерттеу әдістері



бет1/21
Дата07.02.2023
өлшемі268,89 Kb.
#65836
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Áèîõèìèÿ?à ê³ð³ñïå. Áèîõèìèÿ ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Áèîõèìèÿ


  1. Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері. Биохимиялық зерттеу әдістері.

Биологиялық химия тіршілік туралы ғылым . процестеріндегі заттардын курамын , энергия атмасуын және олардың бір яғни тіршілік ету бірімен тығыз байланыста екендігін молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым . Биологиялық химия пәнінің негізгі міндетінің бірі - химиялық заттарды , молекулалардың тірі ағзадағы өзара әрекеттесуін , тірі взаның белгілі бір күйін , макромолекулалардың құрылысы мен қызметінің біріне - бірінің тәуелділігін көрсете білу . Биохимия пәнінің медицина саласындағы міндеттері : а ) адамның әртүрлі ауруларының биохимиялық негізін зерттеу ; б ) олардың қандай ауруға жататындығын анықтау ; в ) емдеу жолдарын көрсетіп , қалай болатындығын көрсету . ол аурулардың алдын - алуға Биохимия ХІХ - ғасырдың аяғына жақын физиология мен органикалық химия ғылымдарынан жеке ғылым ретінде бөлініп шықты . Бүл саладағы ең алғашқы ірі жаңалықтардың бірі , орыс ғалымы К.С. Кирхгофф ашкан ( 1814 ж . ) крахмалдың диастаза ферментінің әсерімен ыдырауы болды . Бірақ , осы жылдары биохимиялық зерттеулердің теориялық түсініктердің аздығына сәйкес қолдау таппады . Бұл кезде Еуропада әлі виталистік түсініктер , идеализм кеңінен орын алған болатын . ХІХ - ғасырдың аяғында ғана биохимия медицина мен ауыл шаруашылығына көмегін тигізе отырып , тез дами бастады . Биохимия ғылымының дамуына Д.И. Менделеев , А.М. Бутлеров , И.И. Мечников , И.М. Сеченов , А.Я. Данилевский , И.П. Павлов , К.А. Тимирязев , М.В. Ненцкий , В.И. Палладин секілді орыс ғалымдары өздерінің зор үлестерін қосты . Совет одағы кезінде биохимияның негізін салушы А.Я. Данилевский ақуыздардың құрамын , құрылысын , қасиеттерін , ферменттердің қасиеттерін , антиферменттерді алу жолдарын зерттеді . Орыс физиологиясының негізін салушы И.М. Сеченов тыныс алу процесінің физиологиясы мен химиясын толық зерттеді . И.М. Сеченовтың пікірі бойынша – « химиктердің басты міндеті зат алмасуды жан - жақты зерттеу » . И.П. Павлов ас қорыту физиологиясына зор еңбек сіңіре отырып , асқорыту сөлін алуға , оның бөлінуін реттеу механизмін зерттеуде қосқан үлесі көп . 1891 жылы Санкт - Петербургта М.В. Ненцкий алғаш рет биохимиялық зертхананы ашты көне rемнің құрылысын зерттеп , А.Н. Бах Совет Одағы гемоглобин мен хлорофильдің ұқсастығын ашты . кезіндегі биохимия мектебінің негізін салушы , сонымен қатар , биологиялық тотығудың асқын тотығу теориясын ашты . Қазақстанда медициналық биохимия саласында елеулі еңбек еткен ғалымдар Ильин - Кокуев , П.А. Верболович . Ал өсімдіктер биохимиясын дамыту барысында Дарханбаев Т.Б. , Айтхожина Н.А. сияқты ғалымдардың қосқан үлестері зор . Биохимия ғылымының дамуына А.Н. Бах атындағы биохимия институты , Украина ғылым Академиясының биологиялық институты , РСФСР ғылым Академиясының биологиялық және медициналық институттары және т.б.
институттардын атылуы мен А.В. Паладин , В.А. , Энгельгард , А.И. Опарин , В. Сонымен қатар , осы ғылымның дамуына Э. Фишер , Ф. Сенджер , Д. Уотсон , Ф. Крик , С. Очоп , А. Корнберг , Ф. Лиман , Г. Кребс сияқты шетел ХХ - ғасырды биологияның алтын дәуірі деп атайды , себебі осы тұста биохимияның өте маңызды деректері мен заңдылықтары ашылды . Олардың 2. Генетиканың молекулалық негіздерінің шешілуі және нуклеин қышқылдары қышқылдарының Скулачев сияқты ғалымдардың еңбектері зор ықпалын тигізді , ғалымдарының коскан үлестері айтарлықтай болды . сатарына : ( KOC нуклеин тізбекті анықталуы құрылысының құрылысы ) . 2. Клеткадағы энергия тасымалдануының негізгі принциптерінін , мембра налардың , митохондрийдін , рибосомалардың және т.б. субклеткалык құрылымдар қызметінің анықталуы . 3. Зат алмасудың ( метаболизмнің ) негізгі жолдарының шешілуі . Мысалы : қарапайым Е. Coli мен адам ағзасының клеткасындағы зат алмасудың ұқсастығы ( макромолекулалар қүрылуы үшін қолданылатын компоненттер ) . 4. Ақуыздардың биологиялық қасиеттеріндегі және құрылысындағы амин қышқылдарының белгілі бір тәртіпте орналасуының алатын орнының маңыздылығы т.с.с. 5. Биохимияның медицинадағы алатын орны ( ферменттердің белсенділігін , метаболиттердің концентрациясын анықтаудың диагноз қоюдағы ролі ) . ХХ - ғасырда биохимия дамуының өте нәтижелі болғандығы 1901-1966 жылдар арасында медицина мен биология саласында берілген 89 Нобель сыйлығының 21 - і , яғни і бөлігі ( Уотсон , Кребс , Варбург , Кори , Корнберг , Очоа , Моно , Липман ) биохимиктерге тапсырылғандығынан көруге болады . Биохимия пәнін , оның міндеттеріне сәйкес жалпы биохимия , өсімдіктер биохимиясы , адам мен жануарлар биохимиясы , микроағзалар биохимиясы , медициналык биохимия деп бөлуге болады .
Биохимия дәрі - дәрмектерді тиімді қолдануға , кейбір аурулардың молекулалық механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді . Биохимия ілімі клетканың жетілуі мен ерекшеленуі қалай жүреді , клетканың өсуін қалай бакылауға болады , қатерлі ісік ауруының даму себебі неде , есте сақтау механизмі қандай , өлімнің болу себебі неде , клиникалық өлім мен биологиялық өлімнің арасында қандай ерекшеліктер бар деген сұрақтарға жауап береді . Биохимия пәні молекулалық биологияның , фармакологияның , клиникалық медицинаның , иммунологияның , микробиологияның , генетиканың негізі болып табылады . Биохимия пәні негізінен 3 бөлімнен тұрады : 1. Статикалық биохимия — ағзаның химиялық құрамын анықтайды . 2. Динамикалық биохимия — ағзадағы заттар мен энергия алмасуының өзара байланысын түсіндіреді . 3. Функционалдық биохимия — тіршілік етудің негізіне жататын құбылыстар мен химиялық процестерді , яғни бұлшықеттердің жиырылуын , тыныс алу асқорыту , сіңіру процестерін зерттейді . және Биохимия ғылымын зерттеу әдістері . Орыс ғалымы И.П. Павлов ерте кезден - ақ : « Әрбір ғылымнын одан орі карай дамуы онын өдістеріне тікелей байланысты » деп айтқан болатын . Биохимия пәні физиология , химия , физика ғылымдарымен тығыз байланысты . Сондықтан , осы ғылым салаларында қолданылып келген көптеген әдістер , биохимияның дамуында да кенінен қолданылады . Мысалы , физиологиялық әдістердің ішінде : операпия , бiр мүшені бір ағзадан екінші ағзаға көшіру ; химиянын титрлеу , сандық және сапалық талдаулары сияқты әдістері биохимия саласында да қолданылады . Соңғы жылдары ашылған физико - химиялық әдістер ( мысалы , центрифугалау , спектрофотометрия , спектроскопия , хроматография , электрофорез , радиоактивті изотоптар , рентген құрылыстық талдау , электрондық микроскопия , ядролық магниттік резонанс , иммунохимиялық , гистохимиялық сияқты әдістер биохимиялық зерттеу жұмыстарында кеңінен колданылады . Биохимиялық зерттеулерге алынатын заттар : 1 ) ішкі орта сүйықтықтары ( қан , лимфа , жұлын сұйықтығы , лимфа , буынаралық және көз ішіндегі сұйықтықтар ) . 2 ) экскреттер ( несеп , өт , сілекей , асқазан және ішек сөлдері , нәжіс , тер кез жасы , ана сүті мен уызы , түқымдық сұйықтықтар және т.б. ) . 3 ) биоптаттар немесе ұлпаның зерттеуге алынатын кішкене бір бөлімі . Хирургиялық операциялар кезінде немесе арнаулы құралдар аркылы алынған мүшелер . Биологияның биологиялық жөне медицинаның дамуында ғылымының алатын орнын айтып жеткізу өте қиын . Тұқым қуалаушылық қасиеттерін , көбею , түрлердің ерекшелігін биохимиялық процестердің ерекшелігін білмей түсіндіру өте қиынға түсер еді . Ал , көптеген аурулардың ( мысалы , қант диабеті ) дамуы мен шығу тегін немесе ауруды алдын - ала болжау , диагноз қоюда да биохимиялық зерттеулердің алатын орны ерекше . Сондықтан да , қазіргі кездегі дәрігерлер үшін биохимия пәні олардың әрі қарай медицинаға тікелей байланысты пәндерді оқуы үшін теориялық негіз больш табылады .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет