Жыныстық жетілу
БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
1
1-бөлім: Гормондар
• Гормондар дегеніміз не?
Қосымша сұрақ
С1. Гормондар жүйесінің жүйке жүйесінен
айырмашылықтары қандай?
Гормондар жүйесі қан айналымын кезіп жүретін
химиялық заттардан тұратындықтан, жүйке жүйесі
сияқты жылдам әрекет етпейді. Жүйке секундтар
ішінде әсер етсе, ал, гормондар бірнеше минут
немесе одан көбірек уақыт ішінде әсер етеді. Бірақ,
гормондардың әсері жүйкенің әсеріне қарағанда
ұзағырақ сақталады.
ДИАГРАММА 01:
Кейде гормондар әсерінен жасөспірімдердің көңіл-күйі
жиі өзгереді
Гормондар – эндокриндік бездер деп аталатын
ішкі секреция бездерінен қанға бөлінетін химиялық
хабаршылар. Бұл гормондар денедегі нысана-
жасушалар мен ұлпаларға әсер етеді. Мысалы, өсу
гормоны ми астындағы гипофиз безінен бөлінеді. Өсу
гормоны бүкіл денедегі жасушалардың бөлінуі мен өсуін
ынталандырады. Инсулин – бауыр мен бұлшықеттерге
қандағы глюкозаны алуға және сақтауға көмектесетін
гормон. Ол ұйқы безі деп аталатын безден бөлінеді.
Ағзада көптеген әртүрлі гормондар әрекет етеді. Өсу
гормоны сияқты кейбір гормондар көп жағынан әсер
етсе, ал инсулин сияқты гормондар нақты бір жағынан
әсер етеді. Адреналин сияқты кейбір гормондар өте тез,
ал тестостерон және эстроген сияқты гормондар ұзақ
уақыт бойы әрекет етеді.
БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
2
• Гормондар бізге не үшін қажет?
Гормондар тіршілік ету ортасына бейімделуге және ағза қызметтерінің үйлесімді қызмет етуіне көмектеседі.
Адреналин және кортизол гормондары адамды күйзеліс жағдайларына дайындап, оларға қарсы тұруға жағдай
жасайды. Жыныс гормондары сияқты кейбір гормондар ағзаның жыныстық жетілу кезіндегі дамуын бақылайды.
Қосымша сұрақ
С2. Егер өте көп немесе өте аз гормон бөлінсе, не болады?
Гормондардың дұрыс мөлшерде бөлінбеуі ағзаның қызметіне жағымсыз әсер етеді, тіпті кейде өлімге
соқтырады. Сусамырмен ауыратын адамдарда инсулин жеткілікті бөлінбейді. Сондықтан, олардың ағзасына
гормон жіберілмесе, қандарындағы қант мөлшерін бақыланбайды. Әлемде өмір сүрген ең ұзын адамдардың
кейбіреулерінің бойлары шамамен 9 футқа (2,7м) дейін жеткен. Себебі, олардың өсу гормоны өте көп мөлшерде
бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |