БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
5
• Жыныстық жетілу кезінде жасөспірімнің миына не болады?
Өте көп гормондық өзгерістердің әсерінен
жасөспірімнің миы айтарлықтай өзгереді
және дамиды. Жаңа байланыстар мен
жолдар жаңа ойлар мен мінез-құлықты
қалыптастырады.
Жыныстық өмірге
қызығушылықтың артуын және көңіл-
күй мен дүниетанымның өзгеруін жиі
байқауға болады. Әрине, жасөспірім өзін
кішкентай
бала және ересектер сияқты
емес, басқаша ұстайды және әлемге
басқаша қарайды.
Қосымша сұрақ
С9. Нейропластика дегеніміз не?
Нейропластика дегеніміз – мидың болып жатқан құбылыстардың
әсерінен жаңа байланыстар мен жолдарды
өзгерту және дамыту
қабілеті. Осы уақытқа дейін ғалымдар ерте балалық шақ өткен
соң ғана мида болмашы өзгеріс болуы мүмкін деп есептеп келді.
Бірақ, таяудағы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ми
әлдеқайда
икемді және өзгеруге бейім. Бұл, негізінен, неге адамдардың, соның
ішінде жасөспірімдердің бүкіл өмір бойы өзгере және оқи алатынын
түсіндіреді.