БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
4
Қосымша сұрақ
С6. Етеккір дегеніміз не?
Етеккір дегеніміз – әйел жатырының шырышты қабатының бөлініп түсуі. Мүмкін болатын жүктілікке дайындалған
шырышты қабат етеккір кезеңінің бірінші жартысында қалыңдайды. Егер әйел жүкті болып қалмаса, онда әр
етеккір кезеңінің аяғында шырышты қабат түсіп отырады.
3-бөлім: Жасөспірімнің миы
• Неге жасөспірімдерге безеу шығады?
Тері шаш фолликулдарындағы бездерден май бездері
деп аталатын майлы бөлініс өндіреді. Жыныстық
жетілу кезінде жыныс гормондары көп бөлінгендіктен,
май бездері көбірек өндіріледі. Сондықтан, олар шаш
фолликулдарында тұрып қалып, бактерияны жұқтыруға
және айналасындағы ұлпалардың қабынуына әкеледі.
Осы себептен, бетке безеу шығады.
Қосымша сұрақ
С7. Безеуді қалай емдейді?
Безеудің пайда болуын тежеуге көмектесетін түрлі
әдістер бар. Терідегі ұсақ тесіктер бітеліп қалмас үшін,
бетті таза ұстайды. Май бездерінің бөлінуі мен қабынуды
азайту мақсатында арнайы кремдер мен лосьондар
пайдаланылады. Кейбір жағдайларда бактерияны өлтіру
үшін бактерияға қарсы қоспалар да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: