Биология • экожүйелер 1 1-бөлім: Экожүйе дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#118367
1   2   3   4   5
Байланысты:
kktwig-ekozhyeler

• Ұсынылатын фильмдер
- Экожүйе дегеніміз не?
- Мұхиттар: Беткі қабат
Саванналар Жер бетінің 20% алып жатыр
• Ұсынылатын фильм
- Мұхиттар: Маржанды теңіздер


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕР
3
Қосымша сұрақ
С4. Неліктен ерекше биомдар бірдей экожүйелерді қолдайды?
Биомдар көбінесе климаттық шарттармен, яғни температурамен, жауын-шашын мөлшерімен және күннің 
ұзақтығымен анықталады. Осы климаттық шарттардың бірізділігі өсімдіктердің біркелкі түрлерінің өсуіне 
ықпал етеді және сәйкесінше ең алдымен ұқсас жануарлар мен фауна түрлерін қолдайды. Нәтижесінде, биом 
ішіндегі экожүйелер көбінесе ұқсас болып келеді. 
• Тайга дегеніміз не?
Тайга – Жердегі ең ірі биом, ол Канаданың, Алясканың, 
Ресейдің және Скандинавияның көп бөлігін алып 
жатыр. Мұнда жылдық температура көрсеткіштері өте 
төмен және жауын-шашын мөлшері аз болатындықтан, 
өсу мерзімі қысқа болып келеді. Мұнда қылқан 
жапырақты ормандар басым, сол себепті тайга 
көбінесе бореальды орман деп те аталады. 
Тайга орманында Арктиканың ауа райына төзімді қылқан 
жапырақты ағаштар басым келеді
• Ұсынылатын фильмдер
- Тайга орманы 
- Секвойялар
- Мұхиттар: Мұз басқан теңіздер
Қосымша сұрақ
С5. Неліктен тайгадағы қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтары түспейді? 
Тайганың қатал шарттарына байланысты өсу мерзімі өте қысқа болатындықтан, өсімдіктер жыл сайын 
жапырақтарын түсіру мүмкіндігінен айрылған.
• Жапырақты ормандар қайда орналасқан?
Жалпақ жапырақты ормандар қылқан жапырақты ормандарға 
қарағанда көбінесе төменгі ендіктерде орналасқан. Әдетте 
төменгі ендіктерде температура жоғары болады, жауын-
шашын мөлшері де көп, сол себепті өсу мерзімі ұзағырақ. 
Дегенмен, мұнда жыл бойғы климаттық шарттардың 
айтарлықтай өзгерісі байқалады. Бұл жапырақтары көктемде 
жылдам гүлдеп, төмен температурада шыдау және суды 
үнемдеу мақсатында жапырақтары қыста түсетін бүк, шаған 
және емен секілді жалпақ жапырақты өсімдіктерге пайдалы. 
Қосымша сұрақ
С6. Неліктен мәңгі жасыл өсімдіктер 
жердің жылы аймақтарында орналасқан?
Тропикалық ормандардың жылы, ылғалды 
шарттарында жапырақтарды түсіру, суды 
үнемдеу немесе қыстан аман қалу сияқты 
қажеттіліктер жоқ. Өсімдіктер жыл бойы 
фотосинтездей алады, сондықтан олар өте тез 
өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет