Биология • экожүйелер 1 1-бөлім: Экожүйе дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#118367
1   2   3   4   5
• Ұсынылатын фильм
- Жапырақты ормандар


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕР
4
3-бөлім: Биоалуандылық деген не?
• Биоалуандылық дегеніміз не?
Биоалуандылық экожүйедегі ағзалар санына және ағзалардың әркелкі 
типтерінің санына қатысты айтылады. Көптеген ағзалардан және 
көптеген түрлерден тұратын экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие 
деп есептелінеді. Биоалуандылық адам өміріне өте маңызды, себебі 
ол бізді тамақпен, материалдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз 
етеді. Сондай-ақ, оның атмосфераға, топыраққа және суға тигізер 
маңызы зор. Сонымен қатар, түрлердегі генетикалық өзгерістер 
болашақ селекциялық бағдарламаларда маңызды болуы мүмкін. 
Сондықтан біздің биоалуандылықты сақтап отыруымыздың маңызы 
зор.
Адам әрекеттерінің кесірінен мекен 
орталары бұзылуда
Ұсынылатын фильмдер
- Биоалуандылық деген не?
- Мұхиттар: Литораль зонасы
Қосымша сұрақ
С7. Биоалуандылықтың төмендеуіне не әсер етуде?
Қазіргі таңда Жердегі биоалуандылықтың жылдам төмендеуіне 
көптеген факторлар әсер етуде. Кейбір адамдардың 
пайымдауынша, біз жаппай жойылу кезеңінде өмір сүріп 
жатырмыз! Адам әрекеттерінің кесірінен мекен орталары 
бұзылуда, мысалы климаттың өзгеруі.
• Қандай экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие?
Тропикалық ормандар Жер бетіндегі ең жоғары 
биоалуандылыққа ие жерлер деп саналады. Ылғалды 
ормандар Жер бетінің шамамен 6%-ын ғана алып жатса да, 
ғаламшардағы барлық түрлердің жартысынан көбі сонда мекен 
етеді. Бұл экожүйелер экваторға жақын болғандықтан, жыл 
сайын көп мөлшерде күн сәулесін қабылдайды, сондықтан 
өте жемісті болып келеді. Өсімдіктер тез өседі де, көп өнім 
беріп, басқа ағзаларды қорекпен қамтамасыз етеді. Ылғалды 
тропикалық ормандар азықпен, материалмен, отынмен 
және медикаменттермен қамтамасыз етеді, сонымен қатар 
су айналымында маңызды рөл атқарады. Сол себепті ол 
атмосфера құрамына әсер ететін өмірлік маңызы зор ресурс 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет