|
Биология. 9- сынып. Бақылау тест. І тоқсан. І-нұсқа
|
бет | 1/3 | Дата | 09.02.2023 | өлшемі | 28,66 Kb. | | #66519 |
| Байланысты: 893f8637dfe23155eee3e644023d4682
Биология. 9- сынып. Бақылау тест. І тоқсан. І-нұсқа.
1. Өсімдіктердің қорға жиналған көмірсуы:
А) глюкоза В) гликоген С) дисахарид Д) крахмал Е) дезоксирибоза
2. Қозғалуға қажетті энергия көзі болатын зат:
А) су, минералдық зат В) минералдық зат С) дәрумен
Д) органикалық зат Е) фермент
3. Ағзадағы негізгі энергия көзі:
А) көмірсу В) минералды тұздар С) аминқышқылы Д) дәрумен Е) нәруыз
4. 1гр ақуыз ыдырағандағы бөлінетін жылу мөлшері:
А)16,0 кДж В) 16,8 кДж С) 17,2 кДж
Д) 17,6 кДж Е) 17,0 кДж
5. ДНҚ молекуласы құрамына кіретін:
А) 5 типті нуклеотид В) 3 типті нуклеотид С) 4 типті нуклеотид
Д) 2 типті нуклеотид Е) 6 типті нуклеотид
6. Жасушаның барлық органоидтарының орны:
А)Жасуша орталығы В) Лизосома С) Цитоплазма
Д) Ядро Е) Гольджи жиынтығы
7. Жарғақсыз органоид:
А) Эндеплазмалық тор В)пластид С) митохондрия
Д) лизосома Е) рибосома
8. Рибосомалардың «жинақталуы»:
А) Эндеплазмалық торда В) вакуоляда С) митохондрияда
Д) лизосомада Е) гольджи аппаратында
9. Рибосомалар қандай қызмет атқарады?
А) Фотосинтезге қатысады В) Липидтерді синтездеу
С) Қорғаныс қызметін Д) Ақуыз молекулаларын синтездеу Е) АТФ синтезделінеді
10. Фотосинтезді іске асыратын пластидтер:
А) лейкопластар В) лейкопластар, пластидтер С) хлоропластар
Д) хлоропластар, хромопластар Е) хромопластар
11. Фотосинтезге қажет емес зат: А) Су В) хлорофилл С) жарық Д) көмірқышқыл газы Е) оттегі
12. Май, көмірсу және күрделі нәруыздарды синтездейтін , заттарды тасымалдайтын біржарғақшалы органоид:
А) Эндеплазмалық тор В)пластид С) митохондрия
Д) лизосома Е) гольджи аппараты
13. АТФ синтезін іске асыратын барлық эукариотты жасушалардың органоидтары :
А)Эндеплазмалық тор В)пластид С) митохондрия
Д) лизосома Е) гольджи аппараты
14. Даяр органикалық заттарды қажет етпейтін ағзалар:
А) гетеротрофтар В) аэробтар С) автотрофтар Д) анаэробтар Е) сапрофиттер
15. Нәсілдік тұқымқуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші: :
А) хромосома В) митохондрия С) пластидтер Д) рибосома Е) лизосома
16. Фотосинтездің неше сатысы бар:
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
17. Өсімдік фотосинтезінің қай сатысында АТФ-ны синтездейді:
А) қараңғы сатысында В) 1-ші сатысында С) жарық сатысында
Д) 2-ші сатысында Е) 3-ші сатысында
18. Өсімдік фотосинтезінің қай сатысында оттегін бөліп шығарады:
А) қараңғы сатысында В) 1-ші сатысында С) жарық сатысында
Д) 2-ші сатысында Е) 3-ші сатысында
19. Нәруыз биосинтездері қандай екі кезеңдерден тұрады:
А)Транскрипция және полисома
В) Транскрипция және антикодон
С) Транскрипция және репликация
Д) Транскрипция және трансляция
Е) трансляция және репликация
20. Гомологиялық хромосоманың мейоздық бөлінуі кезінде бір –бірімен тығыз жанасуы ... деп аталады:
А) кроссинговер В) конъюгациялану С) трансляция
Д) партеногенез Е) транскрипция
21. Митоздық бөліну кезінде аналық жасушадан қанша жас жасушалар пайда болады:
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
22. Жыныс жасушалардағы хромосомалардың жиынтығы:
А) 1n В) 2n С) 3n Д) 4n Е) 5n
23. Мейоздық жолмен бөлінетіндер:
А)қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы В) эмбриондық ұлпалар
С) зақымдалған ұлпалар Д)прокариоттар Е) жыныс жасушалары
24. Мейоздық кезеңде хромосомалар жиынтығы:
А) өзгеріссіз қалады. В) бір жұбы артып кетеді С) кездейсоқ өзгеріске ұшырайды
Д) екі есе көбейеді Е) екі есе азайады
25. Гидра, маржан, ашытқы саңырауқұлақтарының жыныссыз көбею жолы:
А) вегетативті
В) өсімді
С) бүршіктену
Д) конъюгация
Е) партеногенез
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|