«Биология, география және химия» ббб



бет36/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107
Қан айналу жүйесі ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның бүйір жағында 7 жұп саңылаулары (остиялары) бар. Басқа өрмекшітәрізділерде жүректің құрылысы біршама қарапайым. Мысалы, өрмекшілерде жүрегі қысқарған, 3-4 жұп остиялары ғана болады, пішеншілерде 1-2, кенелерде 1, ал кенелердің көпшілігінде өте ұсақ болуына байланысты жүрегі тіпті жойылып кеткен.
Нерв жүйесінін құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған.
Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды).
Басқа буынаяқтыларға тән (шаянтәрізділер, көпаяқтылар, насекомдар класы) мидың аралық бөлімі - дейтоцеребрум барлық хелицералыларда жойылған, себебі оларда
Сезім мүшелері жақсы жетілген және әр түрлі. Өрмекшілердің педипальпаларындағы ретімен орналасқан түктері механикалық әсерлерді қабылдайды. Ауа тербелістерін сезетін арнайы түктер - трихоботриялар педипальпаларында, аяқтарында және дененің жоғарғы жағында, ал химиялық өзгерістерді сезетін және иіс сезу қызметін атқаратын лира тәрізді мүшелері кутикулада шағын саңылаулар түрінде орналасқан. Олардың түбіндегі жарғақшаларын нерв талшықтары торлап жатады.
Жыныс жүйесі. Өрмекшітәрізділер дара жыныстылар. Жыныс безі құрсағында орналасқан және көптеген түрлерінде жұп болады. Көбіне оң және сол гонадалары қосылған. Құршаяндардың аталықтарында екі ұрық бездері болады (әрқайсысы жалғасқан түтік), ал аналықтарында аналық безі біртұтас. Ол біріккен үш түтіктен тұрады.
Дамуы. Өрмекшітәрізділердің арғы тегінде болған сырттай ұрықтанумен қатар, оларда іштей ұрықтануда дамып қалыптасқан. Қарапайым түрлерінде сперматофора арқылы ұрықтануы болса, күрделі құрылысты формаларында копуляция кездеседі. Сперматофор - ішінде белгілі бір мөлшерде тұқым сұйықтығы бар бөлінген аталық қапшық. Қапшықтың ішіндегі сұйықтық сперманы ауада құрғап кетуден сақтайды. Жалған құршаяндардың және кенелердің көп түрлерінің аталықтары өздерінің сперматофораларын топыраққа тастайды, ал аналықтары оны өзінің сыртқы жыныс мүшесімен іліп алады. Екеуі де сол кезде соған тән қозғалыс жасап "махаббат" биін орындайды. Өрмекшітәрізділердің көпшілігінде аталықтары сперматофораны аналық жыныс тесігіне хелицералардың көмегімен енгізеді. Кейбір түрлерінде шағылысу мүшелері болады да, сперматофоралары жойылады. Кейде копуляцияның жүруіне жыныс мүшелерінің құрамына кірмейтін дене бөліктері де қатысады. Мысалы, аталық өрмекшілердің - түрі өзгерген педипальпалары шағылыс мүшесінің қызметін атқарады.
Классификациясы. Өрмекшітәрізділер класы көптеген отрядтарға бөлінеді, солардың ішінен кең тараған және маңызды отрядтарын қарастырамыз: құршаяндар - Scorpіones, жалған құршаяндар - Pseudoscorpіones, қылаяқтылар Pedіpalpі, пішеншілер - Opіlіones, түкі бүйі немесе сольпугалар - Solіfugae, өрмекшілер - Агапеі, кенелер - Асагі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет