«Биология, география және химия» ббб



бет39/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Қосымша әдебиеттер:
1. Воронцев Н.Н. Системы органического мира и положение животных в них. Ч.1. Зоология животных, 1987. Т.54. вып.11, С.1668-1984.
2. Генецинская Т.А., Добровольский А. Частная паразитология. М.: Высшая школа, 1978.328 с.
3. Догель В.А., Полянский Ю.И., Хенсин Е.М. Общая паразитология. М.: Наука, 1967. 592 с.
4. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.: Высшая школа, 1981. 606 с.
5. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. М,: Просвещение, 1975. 487 с.

8лекция. Омыртқалалар зоологиясы пәні, даму тарихы мен ғалымдардың еңбектері


1. Омыртқалалар зоологиясы пәні, даму тарихы мен ғалымдардың еңбектері
1.1. Хордалылар (Chordata) зоологиясы пәні, мақсаты мен міндеттері, тараулары.
1.2. Хордалылар зоологиясының даму тарихы, үлес қосқан ғалымдар.
Омырқалылар зоологиясы (дәлірек айтқанда хордалылар зоологиясы) систематикалық зоологияның соңғы хордалылар типіне арналған бөлімі. Жануарлар дүниесінің ішінде хордалылар (Chordata) типіне жататын жануарлар ерекше орын алады. Себебі: 1) Әр түрлі тіршілік жағдайларында тіршілік етуге бейімделген, көп кең таралған (40 000) ең бір жоғарғы сатыдағы және өте күрделі жануарлар топтары. Хордалылар суда, құрлық бетінде, ауада және топырақ арасында тіршілік етеді. Соның нәтижесінде жер шарына түгел таралған. Егер ағза мен оның тіршілік жағдайының бірлігін еске алсақ, онда хордалылардың құрлысының күрделілігі тек олардың құрлысымен физиологиялық бағыттың ерекшеліктерінің әр түрлілігімен сипатталмай, сонымен қатар олардың тіршілік ететін орталары мен қарым-қатынастарының күрделілігімен сипатталады. 2) Хордалылардың адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әр түрлі салаларында зор практикалық маңызы бар. Яғни үй жануарлары хордалыларға жатады. Олардың ішінде қоректік өнімдер, тері, жүн беретін, көлік, күзетшілік, спорттық т.б. мақсаттарға пайдалануға болатын түрлері кездеседі. Хордалылар дәлірек айтқанда омыртқалылар адамға пайдалы үй жануарларын шығару үшін қажетті табиғи қордың көзі болып табылады. Жануарларды қолға үйрету процесі үздіксіз жүргізіліп келеді, және оның нәтижелері бір ұрпақтың өзінде біліне бастайды. Мысалы, қазір біздің көзімізде түлкі, марал, страус, бұлғын, киік т.б. жануарлар қолға үйретіліп келеді. Жабайы омыртқалыларды аулау шаруашылық айналымына қажетті өте көп және әр алуан құнды өнімдер: ет, май, тері, тоқыма, медицина т.б. айналысады. Кәсіптік шаруашылықтар ТМД-да жақсы жолға қойылған. Жабайы хордалыларды жоспарлы пайдалану және оларды қолға үйрету біздің отанымыздың халық шаруашылығындағы өте маңызды орын алып, мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады.
Хордалылардың пайдалы жақтарымен қатар, олардың зиянды жақтары да молшылық. Көптеген түрлер зиянкестер болып табылады. Мысалы: саршұнақтар, тышқандар, атжалмандар, қасқырлар т.б.
Хордалылар өздері ауруды қоздырушылар болмағандарымен жалпы денсаулық сақтау проблемасында маңызы зор. Себебі: көпшілік омыртқалылар көптеген қауіпті инфекциялық аурулардың қоздырушыларын тасып таратады. (чума, энцефалит, туляремия, бруцелез т.б.).
3) Хордалылар қанша көптүрлі және күрделі болғаныменде толық және жан-жақты зерттелген. Хордалылар әр уақытта сипаты және мақсаты жағынан әр түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарында негізгі материал болып табылады. Осы топтың материалдарының негізінде (көптеген) систематиканың, салыстырмалы анатомияның, гистологияның, эмбриологияның, экологияның, зоогеографияның, палеонтологияның, филогенетиканың жалпы мәселелері шешілді. Мысалы: жануарлардың дамуы туралы А.О. Ковалевскийдің көрнекті зерттеулері негізінен омыртқалыларға жүргізіліп, салыстырмалы эмбриологияның негізі қалыптастырылды. Оның інісі В.О. Ковалевский өліп біткен омыртқалыларды және олардың тіршілік жағдайын зерттеп эволиюциялық палентологияның негізін қалыптастырды. Ч.Дарвинде өзінің барлық еңбектерінде омыртқалыларға көп көңіл аударған. Жалпы жануарлар дүниесінің дамуы туралы жалпы мәселелермен айналысқан отандас дарвинистеріміздің бірі А.Н.Северцов зерттеу жұмыстарында негізгі материал етіп хордалыларды пайдаланды.
4) И.П. Павлов хордалыларды біліп зерттеу жануарлар дүниесін активті қайта қалыптастыруға байланысты бірнеше маңызды теориялық және практикалық мәселелердің шешілуіне көмектесті. Сонымен, хордалыларды оқып үйрену жалпы биологиялық мәселелердің, дарвинизмнің одан әрі дамуына, ғылыми тұрғыдан көмектесуге қажетті кең және жан-жақты материалдар береді.
Омырқалылар зоологиясының осы кезеңдегі дәрежесіне көтерілуіне орыс және совет ғалымдарының еңбектері көп әсер етті.
Зоологияда экологиялық бағыттың негізін салған К.Ф. Рулье болды. Ол былай деп көрсетті. Мысалы: кез-келген ағза өзінше жеке тіршілік ете алмайды, оның өмір сүру дәрежесі (ұзақтығы) өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас дәрежесіне салыстырмалы байланысты. Рулье өз кезіндегі ғылым дәрежесіне сәйкес (сол кезеңдегі тамаша) табиғаттағы маусымдық құбылыстарға байланысты жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер: түлеу, ұйқы (қысқы), миграцияларды сипаттап, олардың бейімделушілік маңызын көрсетті.
Зоолоогияда экологиялық бағыттың одан әрі дамуында Н.А. Северцов пен М.Н. Богдановтың еңбектерінің маңызы зор болды. Олар омыртқалылардың маусымдық өзгерістерін зерттеді. Револиюциядан кейін жануарлар экологиясымен көптеген зоологтар айналысты. Солардың ішінде проф. Д.Н. Кошкаров, А.Н. Формозовты және академик Е.Н. Павловскийдің мектебін айтуға болады.
Зоогеграфияның дамуы көптеген ғалымдардың аттарымен байланысты. Олар А.Ф. Миддендорф (1815-1894), Н.А. Северцов (1827-1885), М.А. Минзбир (1855-1935), П.П. Сушкин (1868-1928), Н.А. Зогрудный (1859-1919). Осы ғалымдардың еңбектері нәтижесінде орыс-совет зоогеографиялық пікірлер шетелдік зоогеография дамуынан асып түсті.
Ең соңында орыс-совет ғалымдары омыртқалылар зоологиясы саласында маңызды практикалық мәселелерді шешуде ерекше табыстарға жеткендігін айта кету керек. Кәсіптік ихтиологияны зерттеу жұмыстары өте жоғары дәрежеде жолға қойылды. Бұл бағытта совет зоологтары Н.М. Книпович., В.К. Солдатов,, А.Н. Державиндер көптеген еңбек сіңірді.
Өткен ғасырдың ортасында-ақ профессор А.П.Богданов жануарлардың жаңа түрлерін акклиматизациялау арқылы мақсатқа сәйкес фаунаны өзгерту туралы идеяны дамытты. Револиюциядан кейін бұл мәселе жөнінде және сонымен қатар кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстарды пайдалану мәселелерімен профессор Б.М. Житников және оның оқушылары айналысып, көптеген мәселелерді шешті.
Совет үкіметі тұсында омыртқалылар зоологиясы өте қарқынды дамыды. Жаңа ұйымдастырылған ғылыми мекемелердің кең жүйесі (санасы) омыртқалы жануарларды жан-жақты зерттеуде үлкен жұмыстар жүргізуде. Практикалық маңызы бар ғылыми мәселелерге ерекше көңіл аударылуда. Совет одағында көптеген ғылыми мекемелер омыртқалыларды (зерттеп) шаруашылық пайдалы обьектісі есебінде, зиянкестер микроб тасушылар және жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасушылар есебінде зерттейді.
Омыртқалылар зоологиясының негізгі міндеті жануарлар дүниесін басқару және оны қайта жасау (өңдеу) үшін ғылыми негізделген бағыт беру. Бір жағдайлар бұл табиғат қорғаумен өсіру тарату, пайдалы түрлерді пайдаланумен байланысса, екінші жағдайлаарда зиянкестерге, ауру таратушы жануарларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырумен байланысады.
Шаруашылық және мәдени құрылыстың теориясымен практикасына байланысты зоология ғылымы үлкен күрделі міндеттерді шешуде. Жаңа аудандарды игеру суландыру жағдайлары сол аудандағы фаунаны және оның құрамына кіретін түрлердің тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктерін білуді талап етеді. Пайдалы түрлерді қорғап, олардың санын арттыру, ал зиянкестерімен ауру таратушыларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру үшін зоологиялық білім қажет (биоценоз). Пайдалы түрлерді көбейту, зиянкестерді құрту үшін ғылыми негізделген шаралар жүргізу қажет.
Негізгі міндеті акклиматизациялау арқылы жаңа түрлерді енгізу арқылы жануарлар дүниесін (белгілі ауданда) қайта құру.
Хордалылар типі құрылымы жағынан, тіршілік жағдайы және мекендеу ортасы әр түрлі жануарларды біріктіреді. Хордалылардың өкілдері барлық тіршілік жағдайларында кездеседі. Геграфиялық жағынан жер шарына түгел таралған.
Хордалылар типіне қарапайым, бірақ хордалыларға тән негізгі белгілері бар бассүйексіздер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.
Хордалылардың әр алуан түрлі болғандықтарымен оладың барлығына ортақ құрылысы және даму ерекшеліктері бар: алғаш хорда түрінде болатын осьтік қаңқа, хорда сегменттелмеген. Хорда шығу тегі жағынан эндодермалық. Өмір бойы тек төменгі сатыдағы омыртқалыларда сақталады (ассидия, сальпадан басқа). Бірақ бұл жағдайда да көпшілік хордалылар омыртқа жотасының дамуына байланысты азды-көпті редукцияға ұшырайды. Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда хорда тек эмбрионалдық мүше болып, ересек организмдерде омыртқа ығыстырады. Осыған байланысты сегменттелмеген осьтік қаңқа сегменттеледі. Омыртқа басқа да қаңқа түзілістер сияқты мезодермадан дамиды.
Осьтік қаңқаның үстінде түтік формалы орталық жүйке жүйесі орналасады. Жүйке түтігінің қуысы невроцель деп аталынады. Орталық жүйке жүйесінің түтікті құрылысы барлық хордалыларға тән. Барлық хордалыларда жүйке түтігінің алдыңғы бөлігі өсіп бас миын құрайды. Ішкі қуыстар мұнда да сақталады. Жүйке түтігі эмбриональді дамуда эктодерманың аралық бөлігінен дамиды.
Ас қорыту түтігінің алдыңғы (жұтқыншақ) бөлімі сыртқы ортамен екі қатар саңлау арқылы байланысады. Олар желбезек саңылаулары деп аталады
(төменгі сатыдағыларда). Олардың желбезек саңлаулары өмір бойы тек хордалылардың су формаларында ғана сақталып, ал қалғандарында тек уақытша эмбриональдық дамудың кейбір сатыларында қызмет атқарып кейін жойылады.
Осы негізгі үш белгілермен қатар жануарлар дүниесінің басқа кейбір типтеріне де тән белгілер хордалыларға да ортақ болып табылады. Олар: 1) Екінші реттік ауыздың болуы. Ол гаструла қабырғасының гастропораға қарама-қарсы жағынан тесіледі. Гастропора аналь тесігіне ауысады. Бұл жағынан хордалылар тікентерілерге ұқсас. 2) Екінші реттік дене қуысы - целомның болуы. Бұл белгі хордалыларды тікентерілер, буынаяқтылар, моллюскалар, буылтық құрттар мен жақындастырады. 3) Мүшелер жүйесінің метамерлі орналасуы. 4) Екі жақты не билатерияльды симметрияның болуы, яғни денені теңдей оң және сол бөлікке бөлетін бір ғана жазықтық жүргізуге болады. Билатерады симметрия губкалар мен ішекқуыстылардан басқа организмдерге тән қасиет. Барлық типтердің ішінен хордалыларға жақын тұрғандары тікентерілер, жартылай хордалылар және паганофоралар (аралық форма). 5) Хордылылар типі 3 тип тармағына бөлінеді:
І. тип тармағы - Личинкахордалылар немесе қабықтылар (Urochorlata немесе Tunіcata)
ІІ. тип тармағы - Бассүйексіздер (Acranіa)
ІІІ. тип тармағы - Бассүйектілер не Омыртқалылар (Cranіata немесе Vertebrata)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет