«Биология, география және химия» ббб



бет44/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
І. клас тармағы: Кесіртке-жыландар-Prosaurіa
Отряд: Тұмсық бастылар-Rhynchocephalіa
ІІ. клас тармағы: Қабыршақтылар-Squamata

  1. отряд: Кесірткелер-Lacertіlіa

  2. отряд: Хамелеондар-Chamaeleontes

  3. отряд: Жыландар-Ophіdіa

ІІІ. клас тармағы: Крокодилдер-Crocodіlіa
Отряд: Крокодилдер-Crocodіlіa
ІV. клас тармағы: Тасбақалар-Chelonіa

  1. отряд: Жасырынмойын тасбақалар-Cryptodіra

  2. отряд: Бүйір мойын тасьақалар-Pleurodіra

  3. отряд: Теңіз тасбақалары-Chelonііdae

  4. отряд: Жұмсақ терілі тасбақалар-Trіonychoіdea

Қос мекенділер сияқты бауырымен жорғалаушыларда сыртқы ортаның жағдайларында тіршілік еткендіктенде олардың сыртқы пішіні әр түрлі. Негізінен төмендегідей типтерге бөлінеді: 1-Кесірткетәрізділер; 2- Жылантәрізділер; 3-Тасбақатәрізділер.
Тері жамылғысы қосмекенділерден ерекше. Эпидермистің жоғарғы қабаты мүйізденіп үнемі түсіп отырады. Оның регенерациясы астыңғы қабаттағы тері клеткалардың есебінен жүреді. Денесі сыртынан мүйізді қабыршақтармен қапталып кебуден сақтайды. Тері бездері жоқ есебінде, тек кесірткелерде сан тесіктері болып, олар көбею кезінде кілегейлі тұтқыр сұйықтық шығарады. Тері бездері аздап крокодил, жылан, тасбақаларда кездеседі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларға тән бұлшық-еттің метамерлілігі жойылған. Аяқ-қолдың жетілуі, денесінің бөлімдерге айқын бөлінуі бұлшық-еттердің дифференсациясына әкеп соққан. Метамерлілік құйрық бөлімдерінде байқалады. Бауырымен жорғалаушыларда құрлық омыртқалыларына тән тыныс алу актысына қатысатын қабырғааралық бұлшық еттер қалыптасқан.
Барлық дерлік бауырымен жорғалаушылардың омыртқалары процельді (гаттерия). Омыртқа жотасы дифференсацияланған және қозғалмалы болып 4 бөлімге бөлінеді: мойын, бел-көкірек, сегізкөз, құйрық.
1) мойын бөлімінде кесірткелерде 8 омыртқа болады.
2) бел-көкірек бөлімі кесірткелерде 22 омыртқалардан құралып, барлығындада қабырғалары болады. Бірақ төс сүйегімен жалғасып көкірек клеткасын құраушы тек жоғарғы 5 жұп омыртқалар ғана. Жыландарда төс сүйектері болмайды. Сондықтанда көкірек клеткасын құрамайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті, ол эмбриондық дамуда қабырғалардың ұштарының бірігуінен пайда болған.
3) сегізкөз бөлімі 2 омыртқадан тұрып, оның көлденең өсіндісіне жамбас сүйектері (подвздош) жалғасады.
4) құйрық бөлімі көптеген омыртқалардан тұрып, олардың алдыңғыларында артқы, бүйір өсінділері және қабырға қалдықтары болады. Соңғы жақтарында өсінділерін жойып, таяқша тәрізді сүйектерден құралады. Бұл сүйектердің әрқайсысының ортасында сүйектенбеген қабат болады. Құйрық үзілу кезінде осы жерлерден үзіледі. Үзілу конус тәрізді бұлшық еттердің жиырылуының нәтижесінде жүреді.
Бас қаңқасы - жалпы ерекшелегі алғашқа шеміршектердің тұтас сүйектенуі мен ми сауытын құраушы жапқыш сүйектердің қалыптасуы болып табылады. Бас қаңқасының қақпағы төмендегідей жапқыш сүйектерден құралыды: мұрын, маңдай алды, маңдай, маңдай арты, төбе, жеке төбе мүше тесіктері бар төбе аралық сүйек. Бас қаңқасының бүйірі көптеген жапқыш сүйектерден: тақ жақ аралық, жұп жоғарғы жақ, көз үсті, бет және қабыршақты сүйектерден құралады. Иық белдеуі қосмекенділерге ұқсас. Бауырымен жорғалаушыларда каракойд, арқа жағында жауырын және жауырын үсті шеміршегі жатады. Каракойд төспен байланысады. Жамбас белдеуі үш: седалик, отырғыш, лонн сүйектерінен тұрып, отырғыш лон сүйектері (оң, сол) шеміршек арқылы жалғасып жатады. Аяқ-қолдың өз сүйектері қосмекенділерге яғни құрлық омыртқалыларына ұқсас.
Ас қорыту жүйесі қос мекенділерге қарағанда күрделірек құрылыста. Тіл формасы қоректену және жемін ұстауына байланысты. Тістің болуы барлық бауырымен жорғалаушыларға тән, олар жақ аралық, жоғарғы, төменгі жақ, қанат сүйектерінде орналасады. Қос мекенділерден айырмашылығы кеңсірікте тіс болмайды (гаттерияда). Тістері сүйектерге бітісіп кеткен, тек крокодилдерде ғана ұяларға орналасады. Сілекей бездері қосмекенділерге қарағанда жақсы жетілген. Тыныс алуы қосмекенділерден ерекшелігі суда тіршілік ететін дернәсілдері болмайды. Сондықтанда эмбриондық дамуда желбезек аппараттары дамымай, ұрықтағы газ алмасу аллантоис және сарыуыз қапшығы арқылы жүреді. Ересек бауырымен жорғалаушылар тек өкпе арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйесі қосмекенділерге қарағанда құрлық жануарларына ұқсас. Артериялық, веналық ағындар ерекшеленген. Бұл жүрек пен артерия, вена жүйелерінде бейімделушілікті туғызады. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі 3 камералы, бірақ қосмекенділерге қарағанда қарыншада толық болмасада перде бар. Систола кезінде аз уақыт болсада қарынша екіге бөлінеді. Корокодилдерде жүрегі 4 камералы, перде толық жетілген.
Зәр шығару мүшелері ересектерінде метанефросты бүйрек. Мезанефрос ұрықтық мүше есебінде ұрық жұмыртқадан шыққанша қызмет атқарады. Метанефрос мезанефрос артқы жағынан дамиды, даму кезінде вольф каналының артқы бөлігі ұзарып (несеп ағатын) бүйректің несеп шығарушы каналдарымен жалғасатын түтік пайда болады (несеп ағатын канал). Оң және сол несеп ағатын түтік арқа жағынан клоакаға одан қуыққа өтеді. Метанефрос қалыптасқан соң мезонефрос редукцияға ұшырайды. Аналық тұтас жойылса, аталық тұқым безінің қосымшасын құрайды.
Көбею мүшелері: аталық тұқым безі жұп болып, олардың әрқайсысында қосымшалары болады. Қосымшаның каналшалары тек тұқым өткізгіш қызметін атқаратын вольф каналына ашылады. Гаттериялардан басқаларында шағылысу мүшесі болады. Кесіртке, жыландарда клоаканың артқы қабыршақтарының жұп өсіндісі түрінде болып, жыныстық қозу кезінде сыртқа айналып шығады. Крокодил, тасбақаларда тақ болады.
Аналық вольф каналы сақталмайды. Жұмыртқа өткізгіш қызметін мюллер каналы атқарады. Ол бір ұшымен түтік (воронка) тәрізді дене қуысына, екінші ұшымен клоакаға ашылады. Крокодил мен тасбақаларда жұмыртқа өткізгіштің орта тұсында жұмыртқаның белокты қабығын құраушы, ал төменгі бөлігінде әк қабығын құраушы бездер болады.
Жүйке жүйесі қосмекенділерге қарағанда біршама жақсы жетілген. Ми жартылары салыстырмалы ірі және сұр заттан тұратын қабығы болады, бірақ нашар жетілген. Алдыңғы ми салыстырмалы ірі болғандықтан аралық ми үстінен көрінбейді. Төбе мүшесі мен эпифиз жақсы жетілген. Ортаңғы ми, мишық жақсы жетілген. Сопақша ми горизонталь жазықтықта иін құрайды. Бас миынан 11 жұп жүйке бастамасы (Х, ХІ бөлінбеген) ХІІ бас қаңқасынан сыртқары басталады. Жұлыннан сегментті жұлын нервтері басталып, иық және сегізкөзде шоғырлар құрайды. Сезім мүшелері бауырымен жорғалаушылар құрлықта тіршілік етуіне толық сәйкес келеді. Механикалық тітіркендіргіштер эпидермис астында шоғырланған сезімтал клеткалармен байланысып қабыршақтарда орналасқан сезу ңтүкшелерің арқылы қабылданады. Бүйір сызықтары болмайды.

12 -13 лекция. Құстардың (Aves) морфо-физиологиялық ерекшеліктері


1. Құстарға сипаттама, ұшуға байланысты ерекшеліктері
2. Сыртқы пішіндері, тері жамылғысы, ет жүйесі
3. Қоректенуі және ас қорыту жүйесі
4. Тыныс алу, қан айналу жүйесі
5. Қаңқасы және несеп жыныс жүйесі
6. Жүйке жүйесі жіне сезім органдары
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген, маманданған бұтағы. Генетикалық жағынан бауырмен жорғалаушыларға жақын болып, оның прогрессивті бір бұтағы болып табылады. Құстардың бауырмен жорғалаушыларға қарағанда мынадай прогрессивті белгілері бар: 1) жүйке жүйесінің жақсы жетілуі, осыған байланысты әр түрлі және қалыптасқан бейімделушілік қабілетінің жоғары болуы. 2) дене температурасының жоғары және тұрақты болуы және зат алмасу, температура реттеудің күрделілігі. 3) ауада ұшу қабілетті. 4) көбею ерекшеліктері (жұмыртқа шайқау және балапанын қоректендіру).
Осы ерекшеліктеріне байланысты құстар жас класс болса да жер шарына кең таралған және алуан түрлі. Бұл класс 8 мыңға жуық түрді біріктіреді.
Құстардың дене пішіні ұшуға байланысты ұршық формада болады. Сыртынан жұқа эпидермис, нашар жетілген сүйекті түзілістері жоқ терімен жабылған. Құстарда тері бездері жоқ, тек құйрық асты бездері болады. Кейбір жерді мекендейтін құстарда (страус, дрофа) бұл бездерде болмайды. Терілерінде сүйекті түзілістер болмағанымен, эпидермистің туындысы әр түрлі мүйізді түзілістер өте көп. Жоғарғы және төменгі жақтары мүйізді пластинкамен қапталып тұмсық құрайды. Саусақтары тырнақпен аяқталып, аяқтарының төменгі жағы мүйізді қалқандармен қапталған. Денесі қауырсындармен қапталған. Бірақ олар көпшілік жағдайда птерилии деп аталынатын аймақтарды қамтиды, аптерилии деп аталынатын аймақтарда аз болады немесе болмайды. Мұндай жағдай әсіресе ұшатын құстарды айқын білініп, ұшуға бейімделу белгісі болып табылады. Яғни қанат қағу кезінде терінің қимылына, қауырсындардың орын ауыстыруына, бұлшық-еттердің жиырылуын жеңілдетеді.
Құс қауырсынының құрылысы, қызметі жағынан әр түрлі. Дененің сыртын контурлы қауырсын қаптайды. Контурлы қауырсын іші қуыс стерженнен тұрып, оның екі жағында біршама симметриялы орналасқан желпуіштері бекиді. Стерженнің теріге батып жатқан бөлігі қаламұш, ал желпуіштер бекитін бөлігі баған деп аталынады. Желпуіштер бірінші реттік мұртшалардан және оларға бекитін майда екінші реттік мұртшалардан тұрады. Соңғыларында өзара ілінісіп тұруға көмектесетін майда ілмешектері болады. Осындай құрылысының болуына байланысты желпуіштер серпімді пластинка тәрізді болады. Контурлы қауырсындар қауырсын жамылғысының негізі болып табылып, жылу шығынын азайтып, механикалық әсерден сақтап, қанаттың қағу бетін және құйрықтың бағыттаушы қызметтерін атқарады. Контурлы қауырсындар орналасуы жағдайларына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: алдыңғы аяқтардың артқы жиектерінде қанаттың қағу бетін құрайтындары қағу (желпуіш), ал құйрықтың ұзын қауырсындары бағыттаушы (руль), қанат үстін жабатын қауырсындарды жабынды қауырсындар деп атайды. Контурлы қауырсындардың астында майда түбіт қауырсындары орналасады. Олардың стержендері жіңішке және екінші реттік мұртшалары болмағандарында желпуіштері тұтас пластинка құрамайды. Кейде стержендер қысқа болғанда мұртшалар стерженнің шоқталып басталады. Мұндай қауырсындар нағыз мамық қауырсын деп аталынады. Мамық қауырсындар әсіресе су құстары мен суық жерді мекендейтін құстарда жақсы жетіліп, негізінен жылу сақтайды. Қауырсындардың ішінде мұртшалары жоқ, жіп тәрізді қауырсындар кездеседі. Осылармен бірге кейде бунақденеқоректі құстардың тұмсықтарының айналасында түрі өзгерген қауырсын қылшық болып, қорегін ұстау мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындардың дамуы олардың генетикалық жағынан бауырмен жорғалаушылар қабыршақтарына ұқсас екенін көрсетеді. Қауырсын бастамасы қабыршақ бастамасы сияқты терінің эпидермиспен қапталған дәнекер ұлпалы қабатындағы төмпешік болып табылады. Төмпешік өсу барысында артқа қарай ауысып, ал негізі тереңге бата түсіп, болашақ өсуші қауырсынды қоректендіретін қан тамырларына бай болашақ қауырсынның қынабын және емізігін құрайды. Бастаманың эпидермалық бөлігі өсіп стерженге және оның екі қырынан қалыптасатын желпуіштерге жіктеледі. Бастама сыртынан қауырсын қабымен қапталып, қауырсын даму өсуіне байланысты біртіндеп бұзылып, қауырсыны босап шығады.
Бауырмен жорғалаушылар сияқты құстардың да қауырсыны түлеп отырады. Көпшілік құстарда жылына 2-3 рет түлейді. Соңғы жағдайда қауырсындар тұтас түспей, тек белгілі бір аймағы ауысады. Қауырсындардың бернеше рет ауысуы маусымдық полиморфизм және некелік құбылуға байланысты болуы мүмкін. Құстардың түлеу ерекшеліктері әр түрлі. Жыртқыш және насекомқоректі құстар біртіндей түлеп, ұшу қабілетінен айрылмайды. Үйрек, қаздар, аққу, поганка, гагарлардың қағу қауырсындары бір мезгілде түсіп, ұшу қабілетінен айрылады. Мұндай жағдайда олар баруға қиын жерлерді тоқтай мекендейді. Түлеу кезінде тек қауырсындар ауысып қоймай, олардың құрылысы да өзгереді. Жазда сирек, қыста тығыз және ұзындау келеді. Қауырсындардың бояуы оның құрамындағы пигменттерге байланысты. Пигмент меланин (қара, қоңыр, сұр түстер) және липохромдар (ерітіндіде қызыл, сары, жасыл түстер). Осы пигменттің өзара қосылуларынан алуан түрлі түске боялады. Клеткалар көп бұрышты призмалар тәрізді болып жарықты әр түрлі сындыруынан әр түрлі түстер қалыптасады (спектр).
Бұлшық-ет жүйесі. Құстар бұлшық-етінде мынадай ерекшеліктері бар: басқа омыртқалылар (балық, қосмекенді, бауырмен жорғалаушылар) қарағанда жақсы жіктелген; аяқ-қолдарыда оларды қимылға келтіретін ірі бұлшықеттердің сіңірлері ғана барады, қанаттың аса зор қызметіне байланысты ірі бұлшықеттер дененің арқа емес құрсақ жағына жинақталған. Қанатты түсіруші төс бұлшық еті төс қырына бекіп, барлық бұлшықеттің 20 алады. Оның астында көлемі кішірек қанатын көтеруші бұғана асты бұлшықеті орналасқан.
Күрделілігі жағынан артқы аяқтың бұлшықеттері көңіл аударады. Құстардың ағаш басында нық отыруына мынадай жағдайлар көмектеседі: 1) жамбастың айналып өтуші бұлшықеті. Ол жамбастан басталып, оның сіңірі тізе буынының алдымен өтіп, табан астында саусақтарды июші бұлшықет жалғасады. Құс бұтаққа қонып салмақ салғанда сіңір тартылып, саусақтарды бұтақтарға қатты ұстастырады. 2) (торғай тәрізділерде) саусақтардың тереңдегі июші бұлшықет сіңірлері бұдырлы болып, олар ішкі қабырғасы тегіс емес қынаптың ішімен қозғалады. Құс бұтаққа отырғанда сіңірмен қынап тістесіп, бұлшықет көмегінсіз саусақтар бұтаны қатты қысады. Сонымен бірге құстарда қауырсынды көтеретін бұлшықет жақсы дамыған.
Қаңқасы. Ұшуға және жерде тек екі аяғының көмегімен қозғалуына байланысты бірсыпыра маманданған ерекшеліктері бар: 1) Аяқ-қолдарымен белдеулердің түрін өзгертуі; 2) Қаңқасының жеңілдігі және мықтылығы.
Омыртқа жотасы мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Ересек құстарда бел бөлімі күрделі жамбастың құрамына енеді. Мойын бөлімі бастың күрделі қозғалмалылығына байланысты ұзын және қозғалмалы. Мойын омыртқасының саны тұрақсыз 11-25. Бірінші екі омыртқа амниоталарға тән атлант және эпиетрофия деп аталынады. Көкірек омыртқалары (3-10) өзара және сегізкөзбен байланысып кеткен. Олардың қабырғалары төспен қозғалмай байланысып, өзара қозғалмалы және бұрыш жасай орналасқан арқа және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Қабырғаларының мұндай құрылысына сәйкес бұлшықет жиырылғанда төс омыртқа жотасына жақындайды не қашықтай көкірек клеткасы кеңейіп тарылады. Құстардың төс сүйегі құрылысы жағынан өзгеше. Ол дөңес сүйекті пластинка. Кейбір құстарда төс қыры болып, оған симметриялы қанатты қимылға келтіретін бұлшықет бекиді. Тек түйеқұстарда ғана төс қыры жойылған. Ал ұшпайтын пингвиндерде жақсы жетіліп, алдыңғы аяқтары сүңгуге бейімделген. Бел омыртқалары өзара біріккен. Сегізкөз омыртқаларымен құйрық омыртқаларының бірсыпырасы бірігіп күрделі жамбас құрайды. Ол 10-22 омыртқадан құралады. Бірақ нағыз сегізкөз омыртқалары бауырмен жорғалаушылар сияқты екеу. Күрделі сегізкөз құстардың артқы аяқтары арқылы қозғалуында тіректік қызметін қамтамасыз етеді. Құйрық бөлімі біріккен омыртқалардан құралған құйыршықты немесе пигостильді құрайды. Бас қаңқасы бауырмен жорғалаушыларға ұқсас. Шүйде бөлігі төрт сүйектен құралып, бауырмен жорғалаушы сияқты 1 ілмешек құрайды. Есіту капсуласы (алдыңғы, жоғарғы артқы құлақ) үш сүйектен құралып, ересек құстарда бірігіп кеткен. Бас қаңқасының негізін сына, сына алды, сонымен бірге таңдай және қанаттәрізді сүйектер құрайды. Жоғарғы жақты жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектері құрайды. Олардың артына шаршы сүйекпен байланысатын бет шаршы сүйегі жанасады. Нәтижесінде көз шарасы мен самай шұңқырын бөлетін төменгі самай доғасы қалыптасады. Төменгі жақ меккель шеміршегіне сәйкес байланысты және шығу тегі жағынан терілі тісті, пластинкалы, бұрышты вена сүйектерінен тұрады. Тіл асты аппараты сүйекті, ол ұзарған пластинка тәрізді ұзын мүйізшелерден тұрады. Есту сүйектері бауырмен жорғалаушылар сияқты біреу, соған гомологиялы. Бас қаңқасы бауырмен жорғалаушыларға ұқсас болғанымен бейімделушілік сипаты жағынан ерекшеліктері бар: 1) Ми сауытының, 2) Көз шарасының үлкен болуы. 3) Жақтары ұзарған және сүйектері өзара бірігіп кетуіне байланысты мықты ұстағыш аппарат құрайды. 4) Ми сауытының қақпағы жұқа, сүйектері ерте біріккен. 5) Бас қаңқасының кейбір сүйектері пневматикалы.
Алдыңғы аяғы және иық белдеуі жауырын, каракоид, бұғана сүйектерінен тұрып, олардың жоғарғы проксимальды бастары бірігіп иық сүйегімен байланысатын буын бетін құрайды. Жауырын ұзарған қылыш формалы ойыстау, қабырғалардың үстімен еркін жылжиды. Каракойд өте күшті жетіліп, бір басымен төс, екінші басымен иық сүйегімен байланысады. Оң және сол бұғаналар дистальды жағында бірігіп, белдеуге серпімділік қасиет беретін ңайыршаң құрайды. Нағыз қанаттың қаңқасы бес саусақты қолға сәйкес келетін бөлімдерден құралады. Бұл жағдайда иық пен білек сүйектері өзгеріске ұшырамай, қол басы күшті өзгерген. Білезік күшті редукцияға ұшыраған. Оның проксимальды жағы екі сүйекке бірігіп, дисталды жағы алақан сүйектерімен бірігіп кеткен. Алақан өзара дисталды және проксималды жақтарында біріккен екі ұзарған сүйектерден тұрады. Бірігуіне байланысты тұтас күрделі білезік-алақан сүйек құрайды. Саусақтарынан тек 2, 3, 4 сақталып, 3 саусақ қана екі фалангіден құралады.
Ерекше бұлшықет сіңірлер және терілі жарғақтардың болуына байланысты қанаттың сүйектері өзара бір сызық бойымен емес, ол өзара бұрыш құрай байланысады. Қанаттың бөлімдері тек бір бағытта қанаттың жазықтығына сәйкес. Сондықтанда ұшу кезінде қанат тұтас бір орган сияқты қозғалып, оның шыдамдылығын арттырады. Артқы аяқтары және жамбас белдеуі де жерде жүру кезінде бар салмақ артқы аяққа түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған. Құрсақ бөлігінде жамбастың оң және сол бөлігі қосылмай алшақ жатады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Ол құстардың ірі скорлупалы жұмыртқалар салуына байланысты қалыптасқан болуы керек.
Сан сүйегі қарапайым құрылысты. Сирек екі үлкен және кіші сирақ сүйектерінен құралады. Бірақ оның үлкені жақсы жетіліп, кішісі үлкенімен бірігіп кетеді. Сирақтың дисталды бөлігіне тілерсек сүйектері бірігіп кетеді. Олардың бірігетіні сондай ересек құстарда тігіс байқалмайды. Сирақтан кейінгі аяқ бөлімі тірсек деп аталынады. Ересек құстарда ол жеке сүйектен тұрса, эмбриологиялық жағдайда ол тілерсектің дисталды сүйектері мен табан сүйектерінен құралады. Сондықтан да құстарда сирақ-аяқ басы буыны тілерсектің екі қатар сүйектерінің арасында болады. Бұл буынды тілерсекаралық не интертарзальды буын деп аталады. Құстарда саусақ саны көпшілік жағдайда 4 сирек 3, ал екеу тек африкалық түйеқұста болады.
Ас қорыту жүйесі. Осы кездегі барлық құстардың тістері болмайды. Олардың функциясын төменгі жоғарғы жақтарын қаптаған мүйізді қаптауыштар атқарады. Тұмсығының формасы қоректің сипаты мен оны ұстау ерекшелігіне тікелей байланысты. Жыртқыш құстардың тұмсықтарында мүйізді қабығы қалың болып, төмен иілген болады. Дәнқоректілерде конус тәрізді, қаз тәрізділерде жалпақ, бірқазандарда төменгі жақтың араларын терілі жарғақ қалта қосып жатады. Ауыз қуысының түбінде формасы жағынан әр түрлі қозғалмалы тіл орналасады. Жыртқыш құстарда тіл қысқа, қатты, қазтәрізділерде жалпақ, етті, тоқылдақтарда ұзын, жабысқыш т.б. болады. Сілекей бездері әр түрлі дәрежеде жетілген. Сілекей бездері әсіресе қарлығаштәрізділерде жақсы жетіліп, ұя салу кезінде қатысады. Жыртқыштарда жемдерін ылғалдау үшін. Ұзын өңеш кей құстарда ( жыртқыш, тауықтәрізділер, кептер) кеңейіп жемсауды құрайды. Онда ас уақытша сақталып және аздап қорытыла бастайды. Кептерлерде жемсау қабырғасы балапан асырау кезінде майлы сұйық сүт шығарады. Өңеш жұқа қабырғалы безді қарынға ашылып, ас қорыту сөлдерінің әрекетіне ұшырайды. Безді қарын қалың қабырғалы іші мүйізтәрізді кутикуламен астарланған етті қарынға ауысады. Мұнда ас майдаланады. Оған тек кутикула емес сонымен бірге арнайы жұтылатын тастар да көмектеседі. Етті қарынның даму дәрежесі астың сыпатына байланысты. Насеком жеуші және жыртқыштарда нашар, дән қоректілерде жақсы, әсіресе тауық тәрізділерде өте жақсы жетілген. Ішектің жіңішке бөлігі салыстырмалы ұзын. Он екі елі ішек түйінінде ұйқы безі орналасады. Жақсы ажыратылатын ішектің артқы бөлігі жуан және тік ішекке жіктелмеген. Жіңішке ішекпен жуан ішек шекарасында екі соқыр өсінділер болады. Артқы ішек клоакаға ашылады. Оның арқа бөлігінде тұйық өсінді фабриций қалташығы болып, ал ішкі секреция безінің қызметін атқаруы мүмкін. Бауыры үлкен екі қалақты. Өт қабы көпшілік құстарда болып, кептерде болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке ашылады. Сонымен, құстарда ас қорытуының ерекшелігі: 1) тістің болмауы, оның қызметін тұмсық және етті қарын атқарады. 2) ішектерінің салыстырмалы қысқа болуы. 3) қарнының екіге жіктелуі (майдалау және қортуды тездету, ішектің қысқаруы). 4) артқы ішектің жіктелмей қысқа болуы (салмақ жеңілдету). 5) фабриций қапшығының болуы.
Тыныс алу жүйесі өздеріне тән ерекше құрылыста және басқа ішкі органдарға қарағанда ұшуға бейімділік өзгерістері айқын байқалады. Көмекей саңлауы кеңірдекке ашылады. Оның жоғарғы бөлігі жоғарғы көмекейді құрайды, ол жүзік және жұп шөміштәрізді шеміршектерден құралады. Ол дыбыс аппараты ролін атқармайды. Оның қызметін тек құстарға тән төменгі көмекей атқарады. Ол кеңірдектің бронхаларға бөлінетін жерінде орналасып, сүйекті сақиналардан тұратын кеңірдектің кеңейген бөлігі болып табылады. Сүйекті сақиналардың ішіне қарай сыртқы қабырғасынан сыртқы дыбыс жарғақтары кіріп тұрады. Ерекше ән салу бұлшықет жиырылуына байланысты жарғақтар жағдайы мен пішінін өзгертіп әр түрлі дыбыс шығаруға жағдай жасайды. Жоғарғы тыныс алу жолдары температура көтерілгенде жылу алмасуда маңызы зор. Яғни тыныс алу жеңілдейді. Бұл кезде ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы қан тамырлары кеңейіп, артық жылуды береді. Құстардың өкпесі қосмекенділер және бауырмен жорғалаушылар сияқты қапшықты құрылыста емес кеуекті құрылыста болып, көкіректің арқа бөлігіне бекіген. Өкпеге енген бронхалар бұтақталып, олардың негізгі бұтағы өкпені тесіп өтіп ауа қапшықтарымен жалғасады. Бронхалардың бұтақтары өзара майда жұп бронхалармен жалғасады. Олардан көптеген тұйық өсінділер бронхиолдар басталады. Олардың айналасын майда қан тамырлары капиллярлар қоршап жатады. Бронхалардың бір бөлігі өкпені тесіп өтіп жұқа қабырғалы ауа қапшықтарына айналады. Олардың көлемі өкпе көлемдерінен бірнеше (10) есе артық. Олар ішкі органдардың арасында орналасып, бұтақтары бұлшықет, сүйек іштеріне таралады. Барлық ауа қапшықтары: 2 мойын, 1 бұғанааралық, 2-3 жұп көкірек және ең ірі 1 жұп құрсақтық. Ауа қапшығының маңызы әр түрлі. Негізгісі тыныс алу актысын анықтайды. Отырған құс төстің омыртқа жотасынан қашықтау және жақындауы, яғни көкірек қуысының кеңейіп тарылуы арқасында тыныс алады. Ұшу кезінде төс бұлшықет жиырылуына және төстің аз қозғалуына байланысты насос қызметін ауа қапшықтары атқарады. Қанат көтерілгенде ауа қапшықтары созылып ауаны сорады. Ауа өкпе арқылы өтіп, қан бір рет тотығады. Қанат түскенде құрамында әліде болса оттегісі бар ауа өкпе арқылы сыртқа шығарылады да, қан екі рет тотығады. Бұл жағдай қос тыныс алу деп аталады. Құс неғұрлым жылдам қанат қақса солғұрлым жиі тыныс алып, организмді оттегімен қамтамасыз ете алады. Ауа қапшықтарының осы негізгі функциясымен бірге олар температураны реттейді. Қатты жұмыс істегенде дене қызады, ал қапшықтағы салқын ауа жылуды ала кетеді. Ішкі органдардың кедергісін азайтады. Дененің меншікті салмағын азайтады. Тыныс алу жиіліктері әр түрлі. Кіші құстарда жиі. Орташа жиіліктері тыныш отырғанда: қаз 12-27, үйрек 30-43, торғайлар 90-100 минутына.
Қан айналу жүйесі. Құстардың қан айналысындағы негізгі ерекшелік жүрек құрылысы және артериялық доғалардың ерекшеліктеріне байланысты артериялық және веналық қандардың бір-бірімен араласпауы. Жүректері 4 камералы, яғни 2 құлақша, 2 қарыншадан тұрады. Құстардың жүрегі басқа омыртқалыларға қарағанда зат алмасуының әсіресе ұшу кезінде күшті жүруіне байланысты салыстырмалы ірі. Мысалы үйректе дене салмағының 0,6℅ болса, кроликте 0,2℅. Сонымен бірге құстардың ішінде де ірі құстарға қарағанда майда құстардың жүрегі салыстырмалы ірі болады. Жүректің салыстырмалы салмағы құстардың қозғалыстарының күрделігіне де байланысты. Мысалы қаршыға 1,7℅, ал нашар ұшатын сауысқанда 0,9℅. Жүректің жұмысы да басқа омыртқалыларға қарағанда жайлап жүреді. Мысалы бақада 40-50-тей соқса құстарда салмақтарына байланысты әр түрлі мөлшерде бірнеше есе артық соғады. Мысалы кептерде 248, торғайларда 700 рет соғады. Жалпы алғанда дене салмақтары азайған сайын жүрек жұмысы жиілейді. Артерия жүйесі. Жүректің сол жақ қарыншасынан тек құстарда сақталған оң жақ қолқа доғасы басталады да жүректің оң жағынан орай өтіп омыртқа жотасының бойында арқа қолқасына ауысады. Арқа қолқасы өз жолында ішкі органдарға бұтақтар беріп, ең соңында ірі сан, подзвдош артерияларына және құйыршық артериясына бөлінеді. Қолқа доғасының басталар жерінен жұп атсыз артериялар бөлініп, олар қанат, көкірек бұлшықетін қанмен қамтамасыз ететін ұйқы, бұғанаасты және көкірек артерияларына бөлінеді. Жүректің оң жақ қарыншасынан жалпы өкпе бағанасы басталып, оң және сол өкпеге баратын өкпе артерияларына бөлінеді. Сонымен құстардың қан айналасында бауырмен жорғалаушыларға қарағанда жүректен тек 2 қантамыры басталады. Бауырмен жорғалаушыларда оң жақ қарыншаның басталатын сол қолқа доғасы ересек құстарда болмайды. Бірақ құстардың ұрықтық дамуында крокодильдердегі сияқты сол жақ доға сақталып, кейін жойылады да, артерия вена қандарының араласуы тоқталады. Вена жүйесі. Құйрық венасынан қан екі бүйректің екі қақпа венасына құйылады. Бүйректен шыға бүйрек веналары сан веналарымен бірігіп жұп подвздош веналарын құрайды, өзара бірігіп артқы қуыс венаны құрайды. Ол бауырда қақпа системасын құрайды, бауыр венасы арқылы артқы қуыс венаға, ал ол оң жақ құлақшаға ашылады. Дененің бас жағынан қанды ярем, бұғанаастын, көкірек веналары жинап өзара қосылып, оң және сол жоғарғы қуыс венанын құрап жеке-жеке оң құлақшаға ашылады. Артерия және вена ағындарының өзара қатнаспауына байланысты денеге таза артерия қаны ағады. Бұл жағдай қанның жылдам ағуы, газ алмасудың баяу жүруі, дененің жоғарғы температурасы 42 градус болуына жағдай жасайды.
Жүйке жүйесі және сезім органдары. Бауырмен жорғалаушыларға қарағанда тіршілік құбылыстарының және сыртқы ортамен қатнасының күрделі болуына байланысты құстардың орталық жүйке жүйесі жақсы жетілген. Құстардың нервтік-рефлекторлық іс-әрекеті, соған байланысты бейімделушілік қабілеттері алуан түрлі және күрделі. Мұндай болуы морфологиялық жағынан алдыңғы мидың жақсы жетілуіне байланысты. Бауырмен жорғалаушылардың бас миының салмағы жұлын салмағына тең болса, құстарда 1,5-2,5 (тауық 150, кептер 250) есе артық. Бас миының ірі болуы алдыңғы ми жартышарларының жақсы жетілуіне байланысты. Алдыңғы мидың мидың басқа бөліктеріне қатнасы тауықтарда 1:1. жыртқыштарда 2:1, торғайларда 3:1 болады. Иіс сезу органдары нашар жетілген. Аралық ми нашар жетіліп, керісінше мишық жақсы жетілген. Мишықтың жақсы жетілуі ұшу кезінде күрделі қозғалыс координацияларын жасауға байланысты қалыптасқан. Мишықтың жақсы жетілуіне байланысты орталық мидың көру бөліктері шетке қарай ығысқан. Бас миынан ХІІ пар нерв таралады. Жұлындары бауырмен жорғалаушылар сияқты иық және бел бөлімдерінде жуандайды. Құстардың есту органдары ортаңғы ішкі құлақтан тұрады, бірақ ұлу каналы жақсы жетіліп қайшықтан белдемше арқылы бөлініп жатады. Евстахиев түтіктері жұтқыншаққа ашыла орналасып, сыртқы есту каналының бастамасын құрайды. Кейбір түнгі құстарда тері қатпарлары пайда болып, құлақ қалқанын еске түсіреді. Құстардың есту органы жақсы жетілген, сондықтан да қауіпті жағдайды естіп, байқайды. Көз алмасы әсіресе кешкі, түнгі және қорегін алыстан іздейтін құстарда ірі болады. Көз алмасының дене салмағына қатнасы әр түрлі биологиялық топтардағы құстарда төмендегідей болады: қаздарда 1/570, сауысқан 1/70, қаршыға 1/40, үкі 1/30. Көру қырағылығы да жоғары. Мысалы, қаршығалар 1000 м жердегі қозғалған құстарды байқай алады. Аккомодация процесі жетіліп, екі жолмен жүзеге асады: хрусталикті бұлшықет жиырылу арқылы формасын өзгерту, хрусталикпен торлы қабықшаның арасының жақындауы. Ол қасаң қабықты қоршаған сақина бұлшықет жиырылуына байланысты. Жоғарғы төменгі қабақтарынан басқа көздің ішкі жағына бекіп, штор сияқты көзді жауып тұратын жымыңдауық жарғақтары болады. Иіс сезу органы нашар жетілген. Тек кейбір құстар ғана жақсы айыра алады. Салыстырмалы түтіктұмсықтыларда, балықшыларда, үйректерде йіс сезу жақсы жетілген.
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару органдары бауырмен жорғалаушыларға ұқсас. Ұрықта мезонефрос қалыптасып, кейін барлық амниоттар сияқты метанефросқа ауысады. Бүйректің көлемі салыстырмалы бауырмен жорғалаушыларға, сүтқоректілерге қарағанда үлкен. Орташа дене салмағының 1,5-2℅ болады. Бүйректің ірі болуы құстардағы жалпы зат алмасудың қарқынды жүруіне байланысты. Бүйректері бөлікті құрылыста болады. Әр бір бүйректің құрсақ (вентралды) жағынан несепағатын түтік басталып, клоаканың орталық бөліміне ашылады. Ересек құстарды ұрық болмайды, бірақ ұрықта аллантоистан қалыптасып, оның рудименті 1 жасқа дейін сақталады. Құстардың несебі азотты заттарға бай. Несеп несеп шығарушы органдардан жылдам өтеді, себебі суда несеп аз еріп, жай ағатын болса несеп жолдарына тұнып оны бітеп тастауы ықтимал. Құстардың қуығының жоқ болуы осыған байланысты болуы мүмкін. Қуықтың жоқ болуы құстардың денесін жеңілдетуге бейімділігі дегенге негіз жоқ. Несеп шығару кезінде құстардың суды жоғалтуы өте аз. Себебі несеп құрамындағы су клоаканың қабырғасы арқылы қайта сорылады. Бұл жағдай құстарда тері арқылы судың булануы болмайды да, суды аз қажет етуіне көмектеседі. Кейбір жыртқыш торғайлар тіпті су ішпейді.
Жыныс органдары. Аталық тұқым бездері бұршақ тәрізді бүйректің үстіңгі бөлігінде шажырқай арқылы бекіп тұрады. Тұқым безінің көлемі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Тұқым безінің ішкі жиегіне тұлғалық бүйректің алдыңғы бөлігіне гомолог, аз ерекшеленген тұқым қосымшасы жалғасады. Одан несеп ағатын түтікке параллель тұқым өткізгіш басталып клоакаға ашылады. Көпшілік жағдайда тұқым өткізгіш кеңейіп, тұқым көпіршігін құрайды. Шағылысу органдары тек кейбір құстарда ғана болады. Оның қызметін клоаканың өсіндісі атқарады. Құтандар, фламинго, құрларда рудименталды. Көпшілік құстарда penіs болмайды. Іштей ұрықтану аталық және аналық клоакалар жақындасып, аталық спермасын бүркуі арқылы жүреді. Аналық жыныс органдары ассиметриялы болып көпшілік жағдайда тек сол жақ жұмыртқа безімен жұмыртқа өткізгіштен құралады. Оң жақ бөлімі жыртқыштарда, үкі, гагар, тотыларда жетілуі байқалады. Бірақ қызметін жойған. Оң жақ жұмыртқа безінде жұмыртқа дамығанмен оның сыртқа шығуы сол жақ жұмыртқа өткізгіш арқылы жүзеге асады. Жыныс органдарының оң жақ бөлігінің редукцияға ұшырауы скорлупамен қапталған ірі жұмыртқа салуға байланысты болса керек. Жұмыртқа безі белгілі формасыз, түйіршікті құрылыста болып, сол бүйректің алдында орналасқан. Жұмыртқа өткізгіш бір шетімен клоакаға, екінші шеті дене қуысына ашылады. Піскен жұмыртқа дене қуысына түсіп жұмыртқа өткізгіш арқылы сыртқа шығарылады. Жұмыртқа өткізгіш бірнеше бөлімге бөлінеді: 1) жоғарғы бөлімі бездерге бай, жұмыртқа белокты қабықпен қапталады. 2) жіңішке бөлімі скорлупа асты қос пергамент қабығымен қапталады. 3) жатын. Мұнда жұмыртқа скорлупа және жұқа пленкамен қапталады. 12-20 сағ. 4) қынап қысқа ет қабаты қалың жұмыртқаны клоакаға шығарады. Жұмыртқаның құрылысы мен дамуын І курста таныстық.
14 лекция. Сүтқоректілердің (Mammalіa) морфо-физиологиялық ерекшеліктері
1. Тіршілік әрекеттеріне байланысты дене пішіні мен жамылғысы, ет жүйесінің ерекшелігі
2. С/қ қаңқасы және олардың ерекшеліктері
3. Тыныс алу және қан айналу жүйесі
4. Қоректену және ас қорыту жүйесі
Сүтқоректі жануарлар омыртқалы жануарлар ішіндегі еңбір жоғары ұйымдасқан класс. Олардың прогрессивті ерекшеліктері мыналар: 1) орталық жүйке жүйесінің жоғары дамуы. Сұр заттан тұратын ми жарты шарының қабығының болуына байланысты ортаға бейімделушілік реакциясының күрделі және жоғары болуы. 2) тірі туу және ұрпағын сүтпен қоректендіру. Бұл әр түрлі орта жағдайларында көбеюіне жағдай жасайды. 3) жылуды реттеу қабілетінің жоғары дамуы, дене температурасының салыстырмалы тұрақты болуы. а) химиялық реттеу (тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеу); ә) физикалық реттеу (тері қан тамыр кеңеюі, терлеу, дем шығару).-
Осы прогрессивті белгілері болуына байланысты сүтқоректілер Жер шарының барлық материктерінде кездесіп ауада, суда, жер астында, жер бетінде тіршілік ететін (көптеген) алуан түрлі формалары бар 4 500-дей түрді біріктіреді.
Тері жамылғысы басқа омыртқалыларға қарағанда күрделі құрылыста болады және оның маңызыда әр түрлі, күрделі. Тері жамылғысы негізінен жылу реттеуде маңызы зор. Түк пен су формаларындағы тері асты май қабаты дене температурасының артық мөлшерде ысырап болмауына жағдай жасайды. Тері қан тамырларының арнасын рефлекторлы түрде өзгертеді. Тері қан тамыры кеңісе жылу көп, тарылса жылу аз бөлінеді. Ағзаны салқындатуда тері бездерінің бөлетін су мен тердің маңызы айтарлықтай. Осы айтылғандарға сәйкес көптеген сүтқоректілерде дене температурасы салыстырмалы тұрақты болып сыртқы орта температурасынан айырмашылығы – 1000 болуы мүмкін. Басқада омыртқалылар сияқты сүтқоректілердің терісі екі қабат: эпидермис және кутис немесе нағыз тері қабатынан тұрады. Эпидермистің өзі 2 қабат: тереңдегі өсуші немесе мальпегиев қабатынан және беткі біртіндеп мүйізденетін беткі қабат. Тірі клеткалар бетке жақындаған сайын өздерінен секрет кератоглиалин шығарып клетка мүйізденеді. Эпидермис көптеген терінің түзілістерінің бастамасын береді (түк, мүйіз, тырнақ т.б.). Нағыз тері қабаты жақсы жетілген өзара айқасқан талшықты дәнекер ұлпасынан құралады. Кутистің төменгі бөлігі болбыр талшықты дәнекер ұлпасынан тұрып май қоры жинақталады. Бұл қабат тері асты май клетчатка қабаты деп аталынады. Ол қабат су формалары мен қыста ұйқыға кететін формаларында жақсы жетілген. Тері қалыңдығы да әр түрлі. Суық жақтағы үлпілдек түк жамылғысы барларда жұқа болады. Түк жамылғысы сүтқоректілерге тән белгі. Тек кейбір формаларында түк екінші рет толық немесе жартылай жойылған. Мысалы, дельфиндерде, китте тек ерінде болады, тюлень, морж т.б. Түк жамылғысы периодты ауысып отырады. Көпшілік сүтқоректілердің саусақ ұштарын тырнақ, тұяқпен аяқталады, ол тіршілік әрекетіне байланысты. өрмелеуші формаларында өткір тырнақ, жер қазушыларда жалпақ, тез жүгірушілерде тұяқ болады. Жердің қаттылығына байланысты: батпақ беті көп, тақырда беті аз. Мүйіз (қуыс) эпидермистен дамып, сүйекті стержендерде отырады да олар маңдай сүйегімен бітіседі. Бұғылардың мүйізі кутистен дамып, сүйекті заттардан тұрады. Тері бездері- сүтқоректілерде бауырмен жорғалаушылардан, құстардан ерекшеліктері функциясы мен құрылысы жағынан әр түрлі бездер жақсы дамыған. 1) Тер баздер- түтікті без. 2) Май бездері. 3) Иіс шығарушы бездер-түрі өзгерген тер немесе май бездер, кейде екеуінің қосындасы. 4) Сүт бездері-түрі өзгерген жай түтікше тер бездері, олар түк дорбашасына ашылады. Олар топ-топ болып бауыр жағында безді бөлімде орналасады.
Бұлшық ет жүйесі - өте күшті дифференсацияланып, әр түрлі орналасқан бұлшық-еттерден тұрады. Ерекше көкрек пен құрсақты бөліп тұратын-диафрагма (көкет) болады. Оның негізгі функциясы тыныс алу актысына қатысады. Тері асты бұлшық-еттеріде жақсы жетілген. Олар жиырылғанда терінің кей бір бөліктері жиырылады. Қаңқасы-омыртқа жотасы. Сүтқоректілердің омыртқа жотасының сипаттаушы ерекшеліктері: 1) Омыртқалардың байланысу беттері тегіс (платицельді), олардың араларында шеміршекті диска-мениск орналасқан. 2) Омыртқа жотасының айқын бөліктерге бөлінуі және сандарының тұрақты болуы (сандарының ауытқуы 2-ші реттік белгі). а) Мойын омыртқалары-жалпы саны-7 (тек ломантинде-6, ленивцы-6-10). 1-атлант, 2-эпистрофей амниоттарға тән. ә) Көкірек бөлімі-12-15 (броненоста-9, линевцев-24) болады. Алдыңғы кеуде омыртқаларына (7) төспен жалғасатын нағыз қабырғалар, ал төске жетпейтін артқы бөлігінде жалған қабырғалары болады. б) Бел бөлімі-2-9 омыртқалардан тұрады, қабырғалары рудиментарлы. в) Сегізкөз бөлімі-4 біріккен омыртқа. Оның тек екеуі өзіне тән екеуі құйрық омыртқалары. Жыртқыштарда-3, үйрек тұмсықта-2. г) Құйрық омыртқаларының саны құбылмалы 3-49. Омыртқа жотасының қозғалмалылығы әр түрлі. Майда аңдарда күшті, ірі аңдарда тек мойын мен құйрық бөлімі қозғалмалы.
Бас қаңқасы. Сүтқоректілердің бас қаңқасы ми сауыты бөлігінің жақсы жетілуімен сипатталады. Жас аңдарда ми сауыты ересектерге қарағанда салыстырмалы үлкен болады. Төменгі сатыдағы кластарға қарағанда бұлардың бас сүйектерінің жалпы саны азайған. Себебі, сүйектер өзара бірігіп кеткен, әсіресе ми сауыты қақпағы. Ми сауытының қақпағы атлантпен 2 ілмешек арқылы байланысатын шүйде сүйегі, жұп төбе, маңдай, мұрын және жеке төбе аралық сүйектерден құралған. Ми сауытының бүйірі самай, бет сүйектерінен құралады. Қабыршақты сүйектің бет өсіндісі бет сүйегімен жалғасады ал ол жоғарғы жақтың бет өсіндісімен жалғасып сүтқоректілерге тән бет доғасын құрайды. Ми сауытының түбі негізгі және алдыңғы сына сүйектерінен, ал вицеральды бөлігінің түбі қанат, таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады.
Аяқ-қол қаңқасы: Иық белдеуі-сүтқоректілерде салыстырмалы қарапайым, оның негізі тек жауырын, каракойд болмайды тек өсіндісі болады. Тек клоакалыларда ғана каракойд болады. Бұғана алдыңғы аяғы күрделі қозғалыстар жасайтын сүтқоректілерде кездесіп иық сүйегінің мықты бекуіне жағдай жасайды. Керісінше аяқтары бір жазықтықта қозғалатын аңдарда бұғана рудиментальды болады. Жамбас белдеуі-барлық құрлық жануарлары сияқты үш сүйек тірек, бүйір және лонн сүйектерден тұрып жеке атсыз сүйек құрайды. Жамбасы жабық. Аяқ-қолдың қаңқалары-құрлық жануарларының бес саусақты аяқ-қолдарына ұқсас.
Ас қорыту жүйесі – күрделілігімен яғни ас қорыту жолының ұзаруымен және оның дифференсациялануымен және ас қорыту бездерінің жақсы жетілуімен сипатталады. Сүтқоретілердің тістері гетеродонтты, яғни күрек, ит (шошақ), кіші және үлкен азу тістерге дифференсацияланған. Тістердің саны мен құрылысы формасы әр түрлі. Мысалы, насеком жеушілерде бір келкі, кемірушілерде ит тіс болмайды, азу тіс тегіс, жартқыштарда ит тіс жақсы жетілген және азу тістерінде кесуші ұштарымен және тегіс шайнау беттері болады. әр түрлі аңдардың тістерін дұрыс топтарға бөлу систематикада маңызы зор. Сондықтанда тістің белгі шарт бойынша формуласы жазылады. Күрек тіс ңің (іncіsіve), иттіс ңсң (canіnі), кіші азу тіс ңРmң (praemolares), үлкен азу тіс ңmң (molares). Тістің тек бір жақ жартысы жазылады.

Қасқыр

І

3

C

1

Pm

4

m

2 x 2

=40







3




1




4




3







Кролик

І

2

C

0

Pm

1

m

6 x 2

=28







1




0




1




5




Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Бас миы (салыстырмалы мөлшері ірі) алдыңғы және мишықтың жақсы жетілуіне байланысты көлемі үлкен болуымен сипатталады. Жұлын мен бас миының қатнасы омыртқалыларда мынадай: тасбақа -1,0 кептер- 2,5 мысық -3,0 кірпі -7,0 шимпанзе -15, тауық-1,5 қой-2,5 ит-5,0 кит-10,0 адам-45. Сезім мүшелерінің ішінде ең жақсы жетілгені иіс сезу мүшесі. Есту мүшелері көпшілік сүтқоректілерде жақсы жетіліп, оның құрамында ішкі, ортаңғы құлақпен біргі тағы да екі жаңа бөлім сыртқы есіту каналы және құлақ қалқаны болады. Құлақ қалқан су және жер асты формаларында болмайды. Құлақ қалқаны дыбыс, толқындарын толық қабылдауға мүмкіндік беріп, әсіресе түнгі формаларында жақсы жетіледі. Көру мүшелері-сүтқоректілердің өмірінде құстарға қарағанда маңызы аздау.
Несеп-жыныс жүйесі. Зәр шығару жүйесі сүтқоректілерде метанефридиялық бүйрек. Мезонефрос сүтқоректілерде тек ұрықтық кезеңінде қалыптасып, кейін редукцияға ұшырайды. Бүйрек бұршақ формалы тығыз мүше. Оның беті тегіс, бұдырлы кейде бөлікке бөлінеді (китте). Кесіндісінде бүйрек қабықты және ішкі милы қабықтарға бөлінеді. Қабықты бөлімінде (сору аппараты орналасқан) ирек каналдар болып, оның тұйық ұштары Баумен капсуласын құрап, оның ішінде каппилляр шумақтары (Мальпигий) болып, осы жүйе сору аппараты деп аталынады. Сору аппараттары Мальпигий шумағынан қан плазмасын, яғни бір рет несеп сорылады, әрі қарай несеп түтіктері (нефрондар) бірнеше иіндер құрай бір рет несеп құрамынан қажетті зттар қанға немесе ұлпа сұйықтығына кері сорылып, екі рет несеп жасалынады. Милы қабатта нефрондар жинаушы каналдарға ашылып, олар лоханкаға ашылатын емізіктерге жиналады. Лоханкадан несеп ағатын түтіктер басталып қуыққа ашылады. Ал бір тесіктілерде несеп-жыныс синусына ашылып, одан қуыққа өтеді. Қуықтан несеп шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады. Зәр шығару функциясына тер бездері де қатысып, азотты өнімдер 3 шығарылады.
Көбею мүшелері. Аталық тұқым безі сопақтау формалы. Кейбір сүтқоректілерде өмір бойы дене қуысында орналасады (бір тесіктілер, насекомжеушілер, піл, кит). Көпшілік сүтқоректілерде тұқым безі әуелі дене қуысында қалыптасып, жыныстық жетілу кезеңдеріне дейін дене қуысымен шап каналы арқылы жалғасатын арнайы тұқым қалтасына ауысады. Тұқым безіне мезонефроздың гомологы тығыз шоғырланған тұқым шығарушы каналдардан тұратын тұқым безінің қосымшасы жанасады. Одан вольф каналының гомологы тұқым өткізгіш басталып несеп-жыныс каналына ашылады. Осы жерде тұқым өткізгіш тұқым көпіршігі деп аталатын безді құрап, оның секреті сперманы сұйылтады және жабысқақтық қасиет береді. Жыныс мүшелерінің негізінде 2 бір предстатель безі орналасып оның түтіктері де несеп-жыныс каналына ашылып, секреті сперматозойдтарды да сұйылтады. Сонымен сперма неэйцкулят дегеніміз сперматозойдтармен жоғарғы бездердің секреттерінен құралған комплекс. Жыныс мүшесінің астыңғы жағында несеп-жыныс каналы орналасып, оның үстімен екі жанында кеуекті дене орналасады. Жыныстық қозу кезінде қан толып көлемі және серпімділігі артады. Көпшілік сүтқоректілерде (жыртқыштар, ескекаяқтылар, кемірушілер) penіs мықтылығын арнайы кеуекті денелер арасында жататын сүйек атқарады.
Жұмыртқа бездері дене қуысының арқа бөлігінде шажырқайлар арқылы бекіп жатады. Жұп жұмыртқа өткізгіштер жоғарғы ұштары кеңейіп воронка тәрізденіп без жанына ашылады. Жұмыртқа өткізгіштің жоғарғы кректелген бөлігі фаллопии түтігі деп, ал төменгі түзу кеңіген бөлігі жатын дап аталынып, көпшілік сүтқоректілерде жеке қынапқа ашылады. Ол қысқа несеп-жыныс каналына ашылады. Қынаптан басқа несепшығаратын канал ашылады. Несеп-жыныс каналының құрсақ жағында penіs-ке гомолог клитор орналасады. Аналық жыныс жолдары әр түрлі сүтқоректілердің топтарында өзгешерек болады. Біртесіктілерде жұмыртқа өткізгіш тек фаллопи және жатынға жіктеліп, жеке-жеке несеп-жыныс түтігіне ашылады. Қалталыларда қынап ерекшеленеді бірақ жұп. Плаценталыларда қынап жеке болып, жұмыртқа өткізгіштің жоғарғы бөлігі жұп қалпын сақтайды. Ең қарапайым жағдайда жатын жұп болып жеке-жеке ашылады. Мұндай жатын қос жатын деп (кемірушілерде) аталынады. Жатындар тек төменгі бөлігінде қосылса екі бөлінген жатын (жыртқыштарда, жарқанаттарда), ал бірсыпыра бөлігі қосылса қос мүйізді (китте, тұяқтыларда), ал бірігіп кетсе жай жатын (приматтарда) деп аталады. Біртесіктілерден басқа сүтқоректілердің ұрығының даму кезінде немесе бала орны пайда болады. Қалталыларда баспа күйінде. Плацента аллантойстың сыртқы бетімен серозды қабықтың бірігуінен пайда болады да осының негізінде жатын эпителиінің көпсіген аймақтарымен байланысатын немесе бірігіп кететін емізіктері бар хорион қалыптасады. Осы жерде ана мен бала арасында қатнас жүзеге асады. Қалталыларда плацентаның қарапайым болуы хорионда емізіктер болмайды. Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілерде емізіктері болады. Солардың орналасу тәртібіне қарай плаценталар типтерге бөлінеді: 1) Диффузиялы-емізіктер хорион бетіне біркелкі таралады (киттер, тұяқтылар, жартылай маймылдар); 2) Бөлікті-емізіктер топтасып орналасады, бірақ тұтас таралған (күйіс қайыратындар); 3) Дискалы-емізіктер бір жерге топталған (насеком жеушілер, кемірушілер, приматтар); 4) Сақиналы орналасу (жыртқыштар) типі.
Плацентаның жатынмен байланысу қатнасыда әр түрлі (4 типі бар): эпителио, десмо, эндотелио, гемохор. Жатынның эпителиі түсу, түспеуіне қарай түсетін, түспейтін жатын болып бөлінеді.

Омыртқалы жануарлардың шығу тегі, эволюциясы


1. Балықтардың шығу тегі
2. Қос мекенділердің шығу тегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет