«Биология, география және химия» ббб


Өкілдері Обелия – Obelіa genіculata Құралдар



бет52/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Өкілдері Обелия – Obelіa genіculata
Құралдар: Тірі гидралар, гидраның ұзынынан және көлде­неңінен кесінділері бар гистологиялық препараттар. Обелия поли­пінің және теңіз гидроид медузаларының карминмен боялған тұрақты препараттары.
1-тапсырма. Уақытша препараттан тірі гидраның қорек­тенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, оральды, аборальды полюстерін тауып, симметриясын қарау қажет. Тұрақты препараттан гидра­ның ұлпалық құрылысын қарап эктодерма және энтодерманың клеткаларының түрлерімен танысу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.
2-тапсырма. Гидраның тітіркенуін инемен шаншу арқылы немесе әр түрлі қышқылдардың (тұз қышқылы, сірке қышқылы) әлсіз ертіндісімен әсер етіп байқауға болады. Гистологиялық пре­параттарда гидраның ұзынынан және көлденең кесіндісінен экто-, энтодермалық әр түрлі жасушаларын қарап, оған мән беру.
3-тапсырма. Теңіз гидроидтарына қарай отырып, олардың колониялық құрылысын, бүршіктену арқылы көбеюін қарау. Бластостильдері бар гонотеканың және гидранттардың құрылы­сымен танысу. Полиптер мен медузаларды салыстыру және олардың симметриялары мен тіршілігіне көңіл аудару қажет. Теңіз гидроидының полиптік сатысымен танысып, оның ішкі және сыртқы құрылысын көріп, әр особтың құрылысымен танысу. Суретін салып, белгілеріне мән беру. Медуза сатысы­мен таныса отырып, оның құрылысының суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.
Сұрақтар:
1 Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастық­тары мен айырмашылықтары кандай?
2 Тұщы су гидраның экто-, энтодерма клеткаларының диф­ференциясы?
3 Гидраның көбею жолдары және дене симметриясы қандай?
4 Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткалық, қуыстық).
5 Гидралар, теңіз полиптері мен медузалардың құрылыста­рындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
6 Гидра мен теңіз гидроидті полиптердің циклдерінің айырма­шылықтары.
7 Метагенез дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет