31-сурет. Сүйекті балықтың бас миының үстінен көрінісі: 1-мұрын капсуласы, 2-иіс сезу бөлігі, 3-алдыңғы ми, 4-орта ми, 5-мишық, 6-сопақша ми, 7-жұлын, 8-ромба тәрізді шұқыр.
Қан айналу жүйесі.Жүрегі екі камералы: құлақша (1) және қарыншадан (2) тұрады. Балықты сойғанда алқым жағынан жүрегі айқын көрінеді. Қарыншадан қолқа жуашағы (3) басталады, оның қабырғасы біріңғай салалы еттерден құралған. Құрсақ қолқасынан (4) төрт жұп желбезек артериялары (5) желбезек күлтешелерінде қылтамыр торын құрап, алып кетуші желбезек артериялары арқылы (6) арқа қолқасының түбірлеріне (7) ашылады. Одан алға қарай ұйқы артериясы (8) басталып, түбірлер өзара қосылып арқа қолқасына (9) ауысады. Одан ішкі мүшелерге, жұп қанаттарға бұтақтар бөлініп құйрық артериясымен аяқталады.
Құйрық венасы (10) екі кардинальды венаға (11) ауысады. Тек сол бүйректе қақпа жүйесі (12) болады. Алдыңғы кардинальды веналар (13) артқы кардинальды веналармен қосылып Кювьер өзегі (14) арқылы веналық синусқа (15) ашылады. Ішек асты венасы (16) бауырда оның қақпа жүйесін құрап (17) бауыр венасы арқылы (18) веналық синусқа ашылады. Бастың төменгі жағынан қан жинайтын ярем венасыда веналық синусқа ашылады. (32-сурет).
Қаңқасы. Балықтың қаңқасымен танысу үшін ішкі құрылысын көріп болған соң ыдысқа салып тұз салмай қайнатады (5-10 мин). Кең ыдысқа салып, жайылған қағазға қарап ретімен сүйектерді алып қояды да аттарын атап жазады. Картонға кілегейлі жұмсақ ұлпаларын ажыратып отырады (33-сурет).
Бас қаңқасы: ми сауыты шүйде бөлімінде төрт шүйде сүйектерінен (негізгі, жоғарғы және жұп бүйір шүйде сүйектері) құралып қарақұс тесігін қоршап жатады. Бүйір бөлімін құрайтын сүйектері бесеу, олар: құлақ сүйектері, қанат, жас, жұп бүйір, иіс сезу сүйектерінен тұрады. Қақпағын құрайтын сүйектер тобына - маңдай, мұрын сүйектері жатады. Ми сауытын негізін парасфеноид және кеңсірік сүйектері құрайды. Жақ доғаларын құрайтын сүйектер: таңдай, үш қанат тәрізді, шаршы, жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектері. Төменгі жақ құрамына тіс байланыстырушы және бұрыш сүйектері кіреді. Тіл асты доғасы құрамына гиомендибулярие, гиоид және капсула сүйектері кіреді (34-сурет)..
Желбезек доғалары-төрт жұп, алабұғада соңғы жұбы-жұтқыншақ тістері деп аталады. Сүйекті балықтардд жаңа түзіліс желбезек қақпақтары қалыптасқан. Бас қақпасының сүйектері шығу тегі жағынан жабынды және хондриалды болып бөлінеді.
Омыртқа жотасы. Омыртқалары амфицельді. Кеуде және құйрық омыртқалары шеміршекті балықтардың омыртқаларына ұқсас, бірақ қабырға сүйектері ұзын болады(35,36- суреттер).
Қанат қаңқалары: Иық белдеу сүйектеріне, алғашқы белдеу жауырын (1) және каракоид сүйектерінен құралса оған жоғарғы жағынан екінші реттік белдеу-клейтрум (3) және клейтрум үсті сүйегі (4) жалғасады. Жамбас белдеуі үш бұрышты жамбас сүйегінен (5) тұрады. Көкірек қанаты радиалиялар және сәулелерден (7) тұрса, құрсақ қанаты тек сәулелерден ғана тұрады (37-сурет).