Сыртқы құрылысы. Денесі-бас, кеуде бөлімдеріне бөлінген. Бас бөлімінде қабақты көздері, дабыл жарғағы, ашық танау тесіктері, ауыз тесігі орналасқан. Кеуде бөлімінде нашарлау 4 саусақты алдыңғы аяқтары 5 саусақты қалыпты артқы аяқтары және клоака тесігі болады. Терісі жалаңаш бездерге бай, мүйізді немесе сүйекті түзілістер өте нашар дамыған (40-сурет).
А Б
40-сурет. Жасыл бақа (А). Көл бақаның (Б) сыртқы құрылысы:1-танау тесігі, 2-дабыл жарғағы, 3-резонатор, 4-арқа-бүйір сызығы, 5-клоака тесігі.
Ішкі құрылысы. Құрбақалардың терісі етпен тығыз жанаспаған. Сою үшін жұлыны үзілген не эфирмен ұйықтатылған бақаны табақшаға шалқасынан салып, төрт аяғын инемен кереді. Сонан соң пинцетпен қысып алып, теріні клоакадан алқымына дейін қайшымен тіледі. Алдыңғы аяқ тұсынан көлденең қайшымен тіледі де теріні сыпырып инелермен бекітеді. Содан әрі орта сызық бойымен етті қабатты тіліп, төс сүйегін кесіп, ішкі мүшелері көрінетіндей етіп етті қабатын алып тастайды. Ішкі мүшелерінің орналасу тәртібімен танысады.
Ірілеу құрбақаны алып үлкендеу ыдысқа не қағаз төселген партаның бетіне орналастырады. Алдыңғы, артқы аяқтарын салыстырып қалай қозғалатыны (жорғалай және жәй секіру) байқалады. Тыныс алу мен тамақты жұту актілері бақыланады. Сонан соң бақаны марляға құндақтай орап қолға алып басбармақпен басын иіп, басымен кеуде шекарасындағы шұқырға препораттық инені тік тығып сүйекке тиген соң көлбеулей жұлынға тигізіп жұлынын үзеді. Жұлын үзілген белгісі артқы аяғы жиналмай салбырап қалады. (Бір-екі бақаның жұлынын үзуді, бұзуды оқытушы көрсетеді)
Ас қорыту жүйесі:ауыз-жұтқыншаққа жіктелмеген. Кең ауыз тесігі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылады. Бұл қуыста кері орналасқан ұшы екі айыр тілі, ішкі танау тесігі-хоана, кеңсірік, тістері, Евстахиев түтік танау тесігі, көз алмасы байқалады. Одан әрі ас қорыту мүшелері төменгі ретпен орналасқан.
Жұтқыншақтан өңеш (6), қарын (7), он екі елі ішек (9), ұзын бірнеше түйін құрайтын жіңішке ішек(11), қысқа кең тік ішек (12), клоакамен (13) аяқталады. Жақсы жетілген бауыры (14), өт қабы (15) болып, он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безі (10) де соңғы жерге ашылады. Қарын жанында көкбауыр (18) орналасады. (42-сурет).
Бақаның ауызын ашып жоғырғы жағын инемен табақшаға бекітіп төменгі жағын пинцетпен тартып керіп ашады. Инемен иектерін жүргізгенде тістері байқалмайды. Жоғарғы иегіне жақын ішкі танау тесігі-хоана, кішірек таңдай тістері, көз алмасы (былқылдап тұрады), Евстахиев түтік тесігі, ұзынша көмекей саңлауы және кері орналасқан тілі көрінеді. (43-сурет).