34-сурет. Балықтың бас қаңқасы: 1-көз шарасы жаны сүйек, 2-жас сүйегі, 3-таңдай сүйегі, 4-шаршы сүйек, 5-қанаттәрізді сүйек, 6-байланыстырушы сүйек, 7-жақ алды сүйек, 8-жоғарғы жақ сүйек, 9-тіс сүйегі, 10-бұрыш сүйек, 11-геомондибулярия, 12-симплектикум, 13-гиоид, 14-гиоид копсуласы, 15-желбезек қақпақ сүйегі, 16-алдыңғы желбезек қақпағының сүйегі, 17-астыңғы желбезек қақпағының сүйегі, 18-аралық желбезек қақпағының сүйегі.
35 – сурет. Омыртқа құрылысы: А-кеуде, Ә-құйрық. 1-омыртқа денесі, 2-көлденең өсіндісі, 3-қабырға, 4-жоғарғы доға, 5-жоғарғы артқы өсінді, 6-төменгі доға, 7-төменгі артқы өсінді, 8-ет сүйекшелері-қылтанақ.
36-сурет. Құйрық омыртқалардың ұзыннан кесіндісінің сызба-нұсқасы: 1-редукцияланған хорда, 2-омыртқа денесі, 3-жоғарғы доға, 4-жоғарғы артқы өсінді, 5-жұлын каналы, 6-төменгі доға, 7-төменгі артқы өсінді, 8-гемальды канал
37-сурет. Сүйекті балықтың иық белдеуі мен көкірек қанат қаңқасы: 1-жауырын, 2-каракоид, 3-клейтрум, 4-клейтрум үсті сүйек, 5-артқы төбе сүйегі, 6-артқы бұғана сүйегі, 7-радиалиялар, 8-сүйекті-терілі сәулелер.
38-сурет. Сүйекті балықтың жамбас белдеуі мен құрсақ қанат қаңқасы: 1-жамбас сүйектері, 2-терілі-сүйекті сәулелер.
39-сурет. Құйрық жүзбе қанаты: 1-омыртқа жотасының соңғы бөлімі-уростиль, 2-гипуралин, 3-сүйекті жалған саулелер-лепидотрихии.
Қорытынды: Суда тіршілік ететін омыртқалыларда қалыптасқан құрылым типтері сүйекті балықтарда одан әрі өзгерістерге ұшырайды. Өзінің ата-тектерінің жалпы құрылыс кесте нұсқасын сақтай отырып прогрессивті белгілері көрінеді. Олар:
1) Сүйекті қаңқаның дамуы шеміршекке қарағанда қаңқаға мықтылық, жеңілдік және қозғалғыштық қасиет береді. Сүйек екі жолмен дамуына байланысты жабынды және хондриальды болып бөлінеді. Жапқыш сүйек (екінші реттік) мезенхимадан дамиды. Хондриалды сүйектер мезенхимадан дамыған шеміршектен пайда болады. Эволюцияда және онтогенезде хондриальды сүйектер бірнші қалыптасып, жабындылар кейін дамиды.
2) Торсылдақтың қалыптасуы. Торсылдақтың қызметі гидростатикалық және дыбыс күшейтуші резонатор, кей жағдайда ауамен тыныс алуға қатысады.
3) Спиральды клапанның болмауы, ішектің ұзаруы және сору бетін арттыратын әр түрлі (пилорикалық) өсінділердің болуы.
4) Қуықтың болуы.
5) Жыныс өнімдерінің (жұмыртқа) көп болуына байланысты (Вольф, Мюллер каналдарына қатнасы жоқ) арнайы түтіктердің пайда болуы.
6) Физиологиялық процесстердің жоғарылығы (қанның оттекті сіңіру қабілеті, осмостық реттелу т.б.).
Осы белгілер сүйекті балықтардың тіршілік ортасы соған байланысты әр түрлі қоректенуге бейімделуге мүмкіндік жасаған.
Сүйекті балықтар гидросфераның барлық деңгейлерінде, тұщы суларда батпақтарда да тіршілік етуге бейімделген. Осмостық реттелу жоғары дамыған. Мысалы, тұщы су балықтарында бүйрек арқылы су көп сүзіліп сұйық несеп шығарылып, желбезекпен тері арқылы енген артық судан ағза арылады.
Теңіз балықтары осмос қысымына байланысты (теңіз суында жоғары) сусызданады, сондықтанда суды көп ңішедің, несеп қою, тұздарға бай болады. Прогрессивті белгілердің кешені сүйекті балықтардың Telosteі бұтағы табиғатта кең таралған (20 000 түр). Сүйекті балықтардың эволюциялық жағынан ерте қалыптасып, бірақ қазіргі кезде аздаған түрлерді біріктіретін топтары бар. Оларға: қостынысты балықтар, білезік қанаттылар, көпқанатты балықтар т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |