Биология және т б. ғылыми пәндермен байланысы


 Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы



бет4/11
Дата14.09.2023
өлшемі113,53 Kb.
#107946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қазақстан республикасының білім және ғылым-emirsaba.org

1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы 

Жаратылыстану ғылымын оқытудың әдістемесінің даму тарихы ХVIII


ғасырдан басталады.Ежелгі Русьтің мектептерінде табиғат туралы пәндер 
оқытылмады. Мектептерде жаратылыстануды оқыту ХVIII ғасырдың аяғында
енгізілді. Табиғат байлықтарын және экономиканы дамыту үшін мемлекетке 
білімді адамдар керек болды. ІІ Екатерина халық училищесін және мұғалімдер
семинариясын (1783) ашты. Халық училищесі мен мұғалімдер семинариясында 
алғаш рет жаратылыстану оқытыла бастады. Жаратылыстанудан оқулық
құрастыруға, мұғалімдер семинариясында дәріс оқуға академик Василий 
Федорович Зуев (1754-1784) келді. 1786 жылы Зуев фамилиясын көрсетпей
«Ресей империясындағы халық училищелеріне арналған жаратылыстану 
тарихының сызбалары» атты оқулық шығарды. Осы жылдан бастап
жаратылыстануды оқытудың авторы барлық негізгі әдістемелік міндеттерді 
шешуге тырысты. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылыстануды оқытудың бірізділігін
қалыптастырды. 1. Қазбалар патшалығы (өлі табиғат) 2. Өсімдіктер патшалығы 
(ботаника) 3. Жануарлар патшалығы (зоология) В.Ф.Зуев оқу пәні ретінде
жаратылыстанудың негізін қалады. Ол жеке жеке өсімдіктерге, жануарларға, 
олардың биологиясына сипаттама беріп, оларды адамның қолдануы туралы,
өсімдіктің «жасушалық» құрылымы туралы айтылып кеткен.«Жаратылыстану 
тарихын » оқытудың практикалық мәселелерін шеше отырып, В.Ф.Зуев
әдістеменің негізгі мәселелерін шешуге тырысты: ғылым және оқу пәні, 
ғылымилығы, мазмұнының жүйелігі және бірізділігі, оны берудің тиімділігі,
табиғи және бейнелеу көрнекіліктердің орны, оқушылардың білімдерінің мәні, 
жаратылыстану тарихының білім берудегі практикалық рөлі. Сонымен, ХVIII
ғасырдың 
аяғында
академик 
Василий
Федорович 
Зуев
орыстың

жаратылыстануды оқытудың әдістемесінің бастамасын қалап, оның негізін





7
салушы болып есептеледі. ХІХ ғасырдың басында халық ағарту министрлігі 


және негізгі (губерниялық) халық училищелері гимназия болып құрылды.


Мұғалімдер 
семинариясы
Педагогикалық 
институт
болып

қайта
ұйымдастырылды. В.Ф.Зуевтің ізбасары ретінде А.М.Теряев көрнекі 


құралдарды қолдану және мектепте таратуды қамтамасыз ету идеясын
ұстазынан алды. 10 Биология ғылымында систематика (жүйелеу) кең тарала 
бастады, сондықтан да К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» үлкен назарға ілінді. ХІХ
ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми әдістемелік нұсқаулар оқушылардың 
жас ерекшеліктеріне сай келмейтін сипатта болды. Оқушылар үйінде оқулық
мәтінін механикалық түрде жаттап алып жүрді. Мектеп оқулықтарының 
университет оқулықтарынан айырмашылығы болған жоқ. Жаратылыстануды
оқуда ойлау қабілетін және танымын тәрбиелеу туралы терең ойлар айтқан 
атақты ботаник профессор А.Н.Бекетов (1825-1902) болды. Ол бірден
догматикалық оқытуға қарсы шықты. Ол «Дедуктивті оқыту оқушыларды 
джайын білім мен қорытындылармен қамтамасыз етеді, бірақ ойлау әрекетін
дамытпайды, тек есте сақтау қабілеті ғана жұмыс атқарады. Бұл 
жаратылыстанудың білім берушілік мәнін төмендетеді»-деді. Өзінің
«гимназияларда жаратылыстану тарихын оқытуда ойлаудың индуктивті 
әдісінің мазмұны» атты мақаласында (журнал МНП, 1863, №12) А.Н.Бекетов
оқу материалының орналасуына, сабақ өткізу барысында өзіндік ойлаудың 
және танымның дамуына өз көзқарасын білдірді. А.Н.Бекетов құнды
әдістемелік қағиданы ұсынып, яғни оқушыларды өз беттерімен оқып үйрету 
мақсатты түрде болу керек деді. Ең алдымен бақылап және салыстырып үйрену
керек, яғни жаратылыс тарихы бақылау мен салыстыруға ең көп мәліметтерге 
толы екеніне ешкім қарсылық білдірмейді. Бақылау оңай ғылым емес, затты
бақылап қарап, бірақ та оның негізгі қасиетін таба алмауымыз мүмкін. 
Сондықтан да терең де жан жақты бақылау жүргізу үшін тәжірибелі
бақылаушының жетекшілігмен, ұзақ уақыт жаттығу керек, деді 
А.Н.Бекетов. Сонымен, А.Н.Бекетов әдістеменің ең негізгі мәселелерін алға
қойды.Ағзаның физиологиясы мен анатомиясы, морфологиясы синтезделетін өз 
бетімен ойлауды тәрбиелеу, өз бетімен жұмыстарға жетекшілік етуді дамыта
отырып бақылау – мектеп пәнінің өзіндік құрылымы. А.Н.Бекетов индуктивті 
әдісінің маңызы әдістемелік ізденістің бастамасын берді, кейін зерттеушілік
әдістің, қазіргі ақытта сабақтың проблемалық құрылымының негізін 
қалады.Бұл мәселелер білім беру мен тәрбиелеу әдістерінің маңызының жаңа
мәселелерін көтерді. Жаңа ерекше педагогикалық ғылым – жаратылыстанудың 
әдістемесін құруды қажет етеді. Ең алғашқы жаратылыстанудың әдістемесін
40-жылдары Германияда мұғалім Август Любен (1804-1873) жазып шығарды. 
Оның принциптері А.Н.Бекетовтың және басқа да алдыңғы қатарлы
педагогтардың идеясына сәйкес болды. Август Любен атақты чех педагогі 
Я.А.Коменский (1592-1670) сияқты жаратылыстануды оқыту қарапайымнан
күрделіге, белгіліден белгісізге қарай жүру керек, яғни индуктивті жолмен болу 
керек деді. Өзінің әдістемесінде келесілерег ерекше назар аударуды көрсетеді: -
Өзімдік формаларының алуантүрлілігін тану - Осы алуантүрліліктің негізіндегі 


8
біртұтасты тану - Өсімдіктердің тіршілік әрекетін тану - Өсімдік 


формаларының алуантүрлілігі мен тіршілігін тудыратын күш пен заттарды тану


Август Любен «жаратылыс тарихы салыстыруға негізделген, басқаша біз 
белгілі бір жаратылыс туындысымен танысқанда алдымен оған ұқсас нәрсемен
салыстыру арқылы танысамыз» деп жазды. Бірақ Любеннің осы айтқан күнде 
әдістемелік пікірі өзінің оқулығының мазмұнына сай келмейді.Оқулығында өте
кең көлемде өсімдіктерді морфологиялық белгілері бойынша сипаттаған (990 
өсімдік, 136 тұқымдас сипатталған). Жаратылыстануды оқытудың ғылым
әдістемесінің бастамасы Александр Яковльевич Гердтан (1841-1888) басталды. 
1866 жылы «Мұғалім» журналында «Жаратылыстану ғылымдарын оқытудың
әдістері» атты жас мұғалім А.Я.Гердтің мақаласы шықты. Оның пікірі 
бойынша, оқытудың мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сай болуы керек және
ғылыми дүниетанымды тәрбиелеу керек деді. 11 А.Я.Герд Ч.Дарвиннің 
Ресейдегі алғашқы ізбасарларының бірі болды, мектеп курсындағы зоологияны
дарвинизм негізінде қарастырды және мектептің оқу жоспарында курстардың 
келесідей бөлінуін ұсынды. Бейорганикалық әлем (өлі табиғат). Өсімдіктер
әлемі Жануарлар әлемі Адам Жер тарихы Бұл осындай бірізділік әдістемелік 
жағынан, әрі мазмұны бойынша дұрыс болды және балалрдың жас
ерекшеліктеріне сай келді. А.Я.Герд жалпы әдістеменің курсын жазған жоқ, 
бірақ та ол қатаң әдістемелік жүйемен құрылған, дарвиндік, материалистік
идеяға негізделген, оқушылардың дүниетанымын және тірі табиғаттың 
объектілерімен мектепте, үйде, экскурсияда өз беттерімен жұмыс жасау білігін
дамытуға бағытталған бай шығармалар жазды. Профессор К.Ф.Рулье (1814-
1858) ғылымда ағзалардың қоршаған ортаға күрделі қарым – қатынастары,
түрлердің өзгеруі туралымәліметтеріне қойды. Ол бірден биология 
ғылымындағы жүйелеу мен морфологияға сыни қарады. Рулье жалпылайтын
және түрлендіретін фактілер есебінде органикалық әлемнің эволюциясы 
идеясын Дарвиннің «Түрлердің шығуы» еңбегін жарыққа шығаруынан бірнеше
жыл бұрын ұсынды. Рулье биолггия ғылымында оқығанға назар аударуды және 
организмнің қоршаған ортамен, мүшелердің құрылысының функциясымен
байланысы негізінде зерттеуді дамыту керек деді.К.Р.Рульенің оқушысы – 
профессор А.П.Богданов 1862 жылы орта мектепке арнап «Зоология және
зоологиялық хрестоматия» оқулығын шығарды. Мұнда жануарлар өрлеу реті 
бойынша сипаттаған, яғни олардың салыстырмалы анатомия, эмбриология,
палеонтология, географиядан алған мәліметтері бойынша келтірілген. 
Оқулықта
Ламарк

пен
Дарвиннің 


ілімдері
келтірілген.Биологияның 
мазмұнының бұлай ашылуы ХІХ ғасырдың аяғында жаратылыстануды
оқытудың әдістемесінде материалистік бағыттың Ч.Дарвиннің эволюциялық 
ілімінің туып келе жатқанын көрсетеді.ХХ ғасырдың басында әдістемелік
мәселелерді, мазмұн, әдіс, тәрбиелеу мәселелерін шешуге мектептердің 
ашылуы, оқу жоспарларының жиі талдануы, педагогтар мен әдіскерлерді
мектептегі жаратылыстанудың мәселелеріне кӛңіл аудартты.1901 жылы 
желтоқсанда Петербургте ХІ орыс жаратылыстанушыларының съезінде
профессор В.В.Пловцов (1862-1919) өзінің «Орта мектептегі оқу мәнінің 


9
міндеттері» атты баяндамасында мынадай сұрақты қойды: «Жаратылыстануды 


не үшін оқыту керек?» және оның үлкен тәрбиелік маңызын ашты. 1. Сыртқы


әлемнің құбылыстарын түсіну 2. Жеке ағзаның дамуына түсіну 3. Сезім 
мүшелерінің дамуы және біздің психикамыздың дамуы 4. Ойлау әдісінің
жемісті дамуы 5. Оқушылардың адамгершілік қасиетінің тұлғасының 
дамуының кӛлемін кеңейту Негізінен В.В.Пловцов ғылыми материалисті
дүниетанымды тәрбиелеу мәселесін қозғады. Осы жылы В.В.Пловцовтың 
жетекшілігімен алғаш рет әдістемелік «Мектептегі табиғаттану» атты журнал
шықты. В.В.Пловцов жаратылыстанудан Тенишев училищесінде және қыздар 
Педагогикалық институтында жаратылыстану әдістемесінен дәріс оқыды. 1904
жылдан бастап В.В.Пловцовтың жетекшілігімен жоғары оқу орындарында 
жаратылыстану әдістемесі ғылыми пән ретінде қабылданды. 1917 жылға таман
көптеген мектептерде курстардың бірізділігі өлі табиғат, ботаника және 
зоология болып келеді.Революцияға дейінгі жаратылыстанудың әдістемесінде
практикалық және теориялық негізгі мәселелердің бастамасы қаланды. - 
Мектеп пәнінің ғылымнан айырмашылығы Жаратылыстануды оқытудың білім
берушілік және тәрбиеләк құндылығы - Ғылым негіздерін синтездейтін оқулық 
пәнінің құрылымы - Оқу материалы іріктеудің прнинциптері 12 - Практикалық,
зертханалық жұмыстардың әдістемесі - Экологиялық сипаттағы табиғатқа 
экскурсиялық әдістемесі - Жоғары мектептерге арнап жалпы әдістеменің
теориялық курсын құру - Жаратылыстану әдістемесінің тарихын зерттеу - 
«Жаратылыстану мектепте» теориялық сұрақтарны бар (1912-1619, 8 жинақ)
жинағының шығуы Профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) 
әдістемесінің негізгі мәселелері және тарихы жөнінде көп жұмыстарын,
зоология оқулығын, практикалық сабақтарға, экскурсияға көмекші құрал 
жасады және сонымен қатар «Жаратылыстану мектепте», (1918-1929), «Тірі
табиғат», (1924-1930) журналдарының редакторы, жаратылыстану әдістемесінің 
кафедрасының негізін қалаушы, (Петроград, 1922, А.И.Герцен ат. пединститут)
жаратылыстану тарихының білім беру қоғамының төрағасы (1921-1930) болды. 
1918 және 1920 жылдары биологиядан алғаш рет бағдарлама шығарылып,
В.В.Пловцовтың оқулықтары мен әдістемелері қайта баспадан шығарылды. 
Алғашқы бағдарламаларда негізгі назарды мазмұнына емес, оқыту әдістеріне
көп бөлді. Мұғалімдерге көмек үшін 1935 жылдан бастап «Биология және 
химия мектепте» журналы шыға бастады, ал 1937 жылдан 1941 жылға дейін
Б.В.Всесветскийдің редакциялық етуімен «Биология мектепте» журналы, 1946-
1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциялығымен «Жаратылыстану мектепте»
журналы қайта шығарылды. Кейін бұл журнал Москваға ауыстырылды, 
редакция құрамы өзгертіліп және журналдың аты «Биология мектепте» болып
шығарылды. Ғылымның дамуына байланысты мектеп биологиясында жаңа 
эксперименттер мен демонстрацияларды енгізудің қажеттілігі туындады.
Биологияны оқыту әдістемесінде жаңа объектілермен өсімдіктермен, 
жасушалармен тәжірибелер жүргізуге әдістемелер жасалынды, техникалық
құралдар қолданыла бастады. Алғашқы жылдары мектептегі пәндер жүйесінде 
сабақтың әдістемелік мәселесін шешіп алу керек болды. Бұл мәселені шешу



10
үшін оқу, тәжірибені жалпылау және экспериментальді сипаттағы зерттеу керек 


болды. Сондықтан да сабақтың әдістемесін ашатын оқулықтар кейінірек


шығарылды. Мұнда экскурсия негізгі ерекше тақырыптар бойынша сабаққа 
тәуелсіз жүретін болды, ол оқылатын тақырыптардың құрамына еніп, өтіп
кеткен және өтілетін сабақтармен байланысты болды. Үй тапсырмасының 
ерекше әдістемесі пайда болды: білімді қайталайтын, бекітетін және
экспериментальді сипат алды. Кластан тыс жас натуралистердің сабақтары 
курстар бойынша (ботаника, зоологяи, физиология, дарвинизм) жіктеледі.
Қоғамдық пайдалы еңбек, құстар күні, орман, бақша аптасы, ғылыми кештер 
белгілі бір тақырыптарды өткеннен кейін өткізілді. Осы оқытудың формалары
сабақпен және өзара бір бірімен тығыз байланыста болды.Осылай биологияны 
оқытудың формаларының жүйесінің мәселелері шешіле бастады. Осылардың
негізінде ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі тірі мүйіс бұрышы және оқу – 
тәжірибе үлескілері пайда болып, олар мектептің оқу тәрбие міндеттеріне
бағынады. Соңғы уақытта теориялық мәселелерге биологиялық ұғымдардың 
дамуы,оқытудың және тәрбиелеудің әдістері арқылы оқушылардың танымын
арттыру жатады. Биологияны оқытудың әдістемесінің үлкен құбылысы болған 
ұғымдардың даму теориясы. Ұғымдардың даму теориясы 2 - мәселені шешудің
кілті болғандай, яғни 2 – мәселе-мазмұнға әдістерінің сай келуі. Осы мәселе 
бойынша зерттеу мұғалім мен оқушы әрекетін біртұтастықта болуына әкеледі.
Көптеген әдістерді 2 топқа біріктіру – сөз, көрнекі, практикалық – олардың 
мазмұнына сәйкестігін және оқушылардың оқу әрекетін жоспарлы түрде
белсендіруге алып келеді. 3 – мәселе – биологияны оқыту барысында тәрбиелеу 
диалектико – материалистік дүниетанымын және ғылым мен тәжірибенің
байланысы негізінде тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет