Биология кафедрасы


Шартты рефлекстердін түрлері



бет6/15
Дата22.02.2023
өлшемі59,27 Kb.
#69948
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекция ОФД 2023

Шартты рефлекстердін түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, проприорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болады.
Экстерорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркеңдіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторларына.
Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның проприорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бүл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғаңда тепе-тендік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған тендік сақтау рефлекстері де кіреді.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстерді екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөледі.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды жене жағымсыз рефлекстер деп атайды.
Шартты тітіркендіргіштің әсерін күшейту үшін шартсыз тітіркендіргішті пайдаланғанда миды қоздыратын рефлекстерді шартты о ң немесе ж а ғ ы м д ы рефлекс дейді. Ал нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты т е р і с немесе ж а ғ ы м с ы з рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе бұрынғы қызметі одан әрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті тоқтап та қалады.
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын әсер етеді. Мұны у а қ ы т қ а деген шартты рефлекс деп атайды. Бүл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің ролін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыныстың тарылуы, немесе тамақ қабылдау кей кезде таңның атуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде әсер етеді.
Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланып, ұзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты әсерді пайдалану арқылы да пайда болады. Оны е к і н ш і д ә режелі рефлекс дейді. Бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз тітіркендіргіштің орнына жұмсау арқылы үшінші, төртінші шартты рефлекстерді тудыруға болады.
Шартты рефлекс топты тітіркендіргіштерге де туады. Мүндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргіш пен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет