Биология кафедрасы



бет7/15
Дата22.02.2023
өлшемі59,27 Kb.
#69948
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
лекция ОФД 2023

Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ - шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық - ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуы нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі — ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында у а қ ы т ш а нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: Лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады, ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады.
Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И. П. Павлов түсіндіргендей уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында түйықталып қоймайды, қыртыс асты құрылымдарда да пайда болады. Жарыққа немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе ас қорытуға әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.
Жануарлардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып тастаса, қарапайым шартты рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте тұрақсыз, тым тез жойылады. И. С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және көне ми жарты шарларының қыртысына байланысты. Жануардың сөл бөлімдерін алып тастаса, ешқандай шартты рефлекс пайда болмайды.
Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы ең жас бөлім - ми қыртысының қызметіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет