Биология кафедрасы


Рефлекторлы доға онын бөлімдері



бет22/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Байланысты:
Áèîëîãèÿ êàôåäðàñû

Рефлекторлы доға онын бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:
1.Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3.Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4.Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5.Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
Эффектордың рецепторлық қүрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің эфференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Егер оның бөлімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жұмысшы мүшеге келетін жолды рефлекторлы доғаның т у р а б а й ланыс жолы дейді. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері байланыс ж о л ы деп атайды. Рефлекторлы доғаның тура байланысы арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алып тұрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Орталық жүйке жүйесінде синапстар өте көп. Орталық жүйке жүйесіндегі синапстар арқылы қозудың жүруі ерекше болады.
Орталық жүйке жүйесінде қозу бір бағытта ғана жүреді: пресинапстық бөлімнен тек қана постсинапстық бөлімге қарай. Себебі пресинапстық бөлімнің мембранасы медиатордың әсерін қабылдамайды, сезбейді. Оны тек қана постсинапстық мембрана сезеді де қозу тудырады; қозудың ырғағы мен күші өзгереді (трансформацияланады). Себебі пресинапстық бөлімге келген қозудың ырғағы постсинапстағы пайда болған қозудың ырғағынан өзгеше және оның күші мен ұзақтығы да басқаша. Ал клеткалық мембранада қозудың ырғағы үшінші түрлі болады;
медиатор синапс аралығына бірінен соң бірі құйылғандықтан оның концентрациясы көбейіп, постсинапстық мембрананың бір ғана қозуын тудырады, яғни синапста қозу жинақталады; синапстан қозу сөл кешігіп өтеді, себебі медиатор синапс аралығында диффузды жайылып, постсинапстық мембранаға өсер еткенше 0,5 секундтай уақыт қажет; синапста қозу әрекет соңынан да туады. Себебі синапсқа әрекет потенциалының келуі тоқталғанымен клеткалық мембранада ол жинақталып қозуды күшейтеді;
синапс арқылы қозу қайта-қайта, бірінен соң бірі өткенде медиатор азайып қалады да, шаршау пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет