Тері, дәм және иіс сезімдері туралы жалпы түсініктеме. Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі жене сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мүңда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.
Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері - ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.
Тері рецепторларының сан мөлшері де әртурлі: жанасу рецепторлары 500000, жылуды сезу рецепторлары 30000, суықты сезу — 250 000 шамасында, ауырсыну (ауру сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларца тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.
Бақылау сұрақтар 1.Талдағыштар деген не, оларға қандай мүшелер жатады?
Барлық талдағыштарға ортақ қаңдай бөлімдер бар?
Талдағыштардың қаңдай ортақ қасиеттері бар?
Көру талдағышының 3 бөліміне не жатады?
Көздің қосымша аппараттарына нелер жатады, олардың жас ерекшеліктері қаңдай?
7. Көздің торлы қабығының құрылысы мен ондағы
таяқша және сауытша клеткалардың қызметі қаңдай?
Түсті және түссіз жарық қалай қабылданады?
Көру гигиенасының талаптары қандай?
Дыбыс есту таддағышының 3 бөлімін атап шығыңыз.
Құлақтың жалпы құрылысы мен оның баланың жасына байланысты өзгеруі.
Ішкі қүлақта қандай талдағыштардың қабылдағыш бөлімдері орналасқан?
Адам дыбысты қалай қабылдайды және оның бағытын қалай анықтайды?
Есту талдағышының гигиеналық талаптары қандай?
Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышының 3 бөлімі жөне олардың қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Тері сезімдерінің қандай түрлері бар және жасқа байланысты олардың сезімталдығы қалай өзгереді?
Дәм сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Иіс сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Түрлі түсті бояуды көру қағидасы.
Көру талдағышының жас ерекшеліктері қандай.
21.Көз өткірлігі дегеніміз не.Ол қалай анықталады. Адамның жасына байланысты ол қалай өзгереді.
22.Көздің айқын көру нүктесі деген не
23.Тек алыстан немесе тек жақыннан керуі қабілеттері, астигматизм.