Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады.
Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, өсімдіктерде көп болады.
Антивитаминдер — витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге - дезоксипиридин қарсы әрекет жасайды.Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді, ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді. Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан кейде "жалған" витамин ретінде әсер етеді. Олардың бүл әрекеті витаминдердің белсенділігі басым болғанда жойылады.
Витамин алмасу. Гиповитаминоз бен авитаминоздың алдын алу.Витаминдердің маңызы. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде оқушылардың дене еңбегімен шұғылдануын, жыл мезгілін және. кейбір заттар организмге негізінен тек ас арқылы келіп түседі де не пластикалық, не энергетика-
лық материал болып табылмайды, солай бола тұрса да оларсыз организмнің ойдағыдай өсуі мен дамуы, яғни зат алмасу процесінің жүруі мумкін емес. Бұл заттар витаминдер деп аталады.Организм витаминдердің жеткіліксіз түсуі — гиповитаминоз және тіптен түспеуі — авитаминоз және шамадан тыс артық болуы— гипервитаминоз барлығы да организм үшін қолайлы емес. Витаминдер организмдегі процестердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін арнайы заттар болып табыдады. Сонымен бірге, витаминдер жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеу үшін де керек, себебі олар фермент түзу процесіне қатысып, адам организмі биологиялық жүйесінің беріктігіне әсер етеді.Организмдегі витаминдердің мөлшері сыртқы (экзогенді) ғана емес ішкі (эндогенді) себептерге байланысты: мәселен, организм деп витаминдердің жарым-жартылай немесе толық бүлінуі, ішекте оларды сіңіру процесінің бұзылуы.
Мектеп Оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде, аста витаминдердің жеткілікті болуына, әсіресе, табиғи витаминдер — көкеніс, жемістер мен жидектердің жыл бойы үзілмеуіне көңіл бөлген жөн.Қазіргі кезде витаминдердің 40-тан астам түрі белгілі. Олардың бірқатары суда ериді (В, С, Р), кейбірі майда ериді (А, Д, Е.-Қ, р) ;