Биология кафедрасы



бет15/30
Дата05.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#90698
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
ОФД лекция кешен

WEB сайттар тізімі:
http://library.ayu.edu.kz
http://rmebrk.kz/
www.booksmed.com/fiziologiya
http//www.library.intra.ru
8-9 Лекция тақырыбы: Қанның жастық ерекшеліктері жəне жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы.

Лекцияның оқыту нәтижелері:



  1. Жүректің құрылысы мен жұмысының жас ерекшеліктерін біледі.

  2. Жүрек пен қан тамырларына жағымсыз әсер ететін факторларды анықтай алады.

  3. Қан қысымы және оның жас ерекшеліктерін бақылау әдістері мен құралдарын пайдалана алады.

Лекция мазмұны: Қан айналу жүйесі тоқталмай үнемі жүріп жататын зат
алмасуын өамтамасыз етеді. Оның бүл қызметі қан тамырларында
қанның қозғалып барлық ірілі ұсақты тамырланған заттарды тасу
арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасымалдау қызметін атқарады.
Ол: а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан пайда болған қоректі заттарды күллі үлпаларда клеткаға тасиды.
ә) Зат алмасудан пйда болған пайдалы заттарды клеткаларға, ал қажетсіз заттарды зәр шығару мүшесіне тасиды.
б) Химиялық белсенді заттар - гармондарды, ферменттерді қорғау қызметін атқаратын антиденелерді тасымалдайды.
в) клеткалар мен үлпалардың қызмет етуіне қаетті түрақты жағдайларды чақтауға қатысады және оларды қоректендіреді.
2. Денедегі қант үлкен және кіші қан айналу жолдары арқылы тасымалданады. Сол дақ қарыншаның куысынан үлкен қан айналыс жолы басталады. Қан қарыншадан қолпаға одан үлкенді кішілі артериялар мен артеляларға олардан артериялық капилярларға
айналады. Артериялық капилярлар үлпалардың клеткаларына қаның қүрамына қоректі заттар мен оттектер және алмасуынан пайда болған көмірқышқыл газын қосып алып қанды оң жақ жүрекшенің қуысына әкеледі. Оң жақ қарыншадан кіші қан айналыс жолы
басталады. Мұның басты қызметі қанды оттегіге қанықтыру. Сондықтан оң жақ қарыншадан өкпе артериялары пайда болады.
Үлкен қан айналыс жолының арнайы тармақтары. Жүректің өзіне ас қорыту мүшелдеріне, бүйрекке бүрылады. Ас қорыту мүшелерінен шыққан қан тамырлары алдымен бауырга барады.

  1. Ұрықтың екі айлық өмірінен бастап платенталық қан айналу жолы пайда болады. Бала туғанға дейін сақталады. Платентадан ұрыққа кіндік венасы келіп, ал ұрықтан платентаға екі күндік артериялар барады. Бүл тамырлар кіндік бауы түрінде кіндік
    тесігінен өтіп платентаға барады. Кіндік бауының үзындығы балалар алдында 50-60 см. болады. Үрықтың үлпалары аралас қанмен қоректенеді. Үрықтың қан айналыс жолы қызмет атқармайды.

  1. Тірі организмде қан тамырларының бос қуысы болмайды.

Олар қанға толы болады немесе жиырылып тұрады. Қарыншада қан қолқаға айналған сәтте қолқадағы қысым шамамен сынап бағанасымен 150 мм.-ге немесе 2 м су биіктігіне тең болады. Жүректен айдалған қан алыстаған сайын қан тамырлары
тарамдалып қанның қысымы азаяды. Қанның қысымы жүректің жағдайын білдіреді. Адамның қан қысымы 110-120, 70-80 мм. Қанның қысымы адамның жасына, денсаулығына, жүрегінің қалпына байланысты.



30-сурст. Үрықтың кан айналыс жолдары.
1 - кіндік вснасы, 2 - бауыр венасы, 3 - вена тамыры,
4 - бауырдын капиллярлары, 5 - төменгі қуыс вена, 6 - қолқа,
7 - өкпе артериясы, 8 - қолқа доғасы, 9 - жоғарғы қуыс вена.
10 - кіндік артериясы

.
Лимфа жүйесі. (лат.НтГа - таза су, ылғал). Лимфа сүйығынан лимфа тамырларынан және лимфа түйіндерінен түрады. Лимфаның жалпы мөлшері 2 л. Ол қүрамы жағынан қанға үқсас, бірақ эритроциттері болмайды. Лимфаның құрамында көптеген


гармондар, гертиттер мен зат алмасуынан пайда болған органикалық және бейорганикалық заттар пайда болады. Лимфаның мөлшері түрақты емес. Денелердегі мүшелердің жағдайына байланысты. Лимфа айналысы бір жағы түйық, өте үсақ тамырлар – лимфа капиляларынан басталады. Лимфа түйіндерінен өткенде лимфа сүйығындағы микробтар және басқа зиянды заттар тазартылады. Содан соң оның тамыр өзектері қайта бірігіп лимфаны негізгі көкірек өзегінен құяды.
Қан айналу жүйесінің маңызы. Қан айналу жүйесі тоқталмай, үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Оның бұл қызметі қан тамырларында қанның қозғалып, барлық ірілі-ұсақты тамырларға заттарды тасуы арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасымалдау қызметін атқарады: ол а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан пайда болған қоректік заттарды күллі ұлпаларға, клеткаларға тасиды, ә) зат алмасуынан пайда болған пайдалы заттарды клеткаларға, ал қажетсіз заттарды зәр шығару мүшелеріне тасиды, б) заттардың тотығуына қажетті оттегіні өкпеден клекаларға тасиды және клеткадағы пайда болған көмірқышқыл газын өкпеге алып келеді, оны сыртқа шығарады. В) химиялық белсенді заттар-гормондарды, ферменттерді, қорғау қызметін атқаратын аниденелерді-тасымалдайды, г) мүшелерді біркелкі температурада сақтауға қажетті жылуды тасиды және дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, ғ) клеткалар мен ұлпалардың қызмет етуіне қажетті тұрақты жағдайларды сақтауға қатысады және оларды қоректендіреді.
Адам организміндегі қанның айналуы тұйық түтіктің, қан тамырларының, бойымен қозғалып, қанды жүрекке және күллі мүшелерге тасиды.
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы. Жүрек-қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысыны қамтамасыз етеді. Бір тәулік ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі. Бұл 200 кг жүкті 100м биіктікке көтергенмен бірдей. Ал дене еңбегі бұл жұмысты 2 есе күшейтеді деуге болады.
Сәби өмерге келгеннен кейін, оның жүрегі өседі және пішіні қалыптасады. Адамның жүрегі еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше. Ол салмағына, жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. Жалпы ұзындығы-12-14 см, ең жалпақ жері-10-11 см. Жүрек оң және сол жақ бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысында екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп аталатын қуыстар. Жүрек оң жақ бөлігін сол жақ бөлігінен қалың ерекше құрылымды жүрек еттері бөліп тұрады. Қарынша мен жүрекшенің арасында сол жағында қос жаппалы және оң жағында үш жаппалы қақпақшалар болады. Сол жақ жүрекшеден денедегі ең үлкен қолқа тамыры, ал сол жақ жүрекшеден өкпе артериясы басталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе артерияларының арасында жарты ай іспетті қақпақшалар бар.
Жаңа туған сәбидің жүрегі көлденең орналасқан. 1 жасқа жақындағанда отыру мен тәй-тәй басып тұруына байланысты диафрагма төмен түседі де, қиғашталады және жүрек сәл бұрылыпы, кеуде қабырғасына жүректің оң жақ қарыншасының беті жақындайды. Сөйтіп 2-3 жасқа жеткенде жүректің ұшы қабырғаға дейін жетеді де, 10 жаста ересек адамдардағыдай болады.
Жүректік салмағы дененің жалпы массасымен салыстырғанда үлкен 0,63-0,80%, ал ересек адамда 0,48-0,52 %. Алғашқы жылда жүрек тез өседі, 8 айдың ішінде оның салмағы 2 есче артады, 3 жаста 3 есе , бес жаста төрт есе, 16 жаста 11есе ұлғаяды. Ер балалардың жүрегінің салмағы бірінші жылда 110-127 г қыздардың жүрегінің салмағынан 108-120г артық.
Адам өмірінде жүректің дамуы басқа ішкі мүшелерден әсіресе жүйке жүйесі мен қаңқаның дамуынан екі рет артта қалады. Бірінші рет, 6-7 жаста жүрек пен қан тамырларының өсуі кешігеді, ал жүректің нервпен қамтамасыз етілуі бұлшық еттердің дамуынан озады. Сондықтан бұл мезгілде балалардың дене еңбегін гигиеналық талаптарға сай мөлшерлеу аса маңызды. Екінші рет, жүрек күшінің қоры бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің қызметімен 50 жастың мөлшерінде сәйкес келмейді. Сондықтан 50 жастан асқан адам спортпен өте белсенді шұғылданып, көп күшті қажет ететін жарыстарға қатысқанда шыдай алмай, инфаркт болып қалған кентеттн болған қатты қайғы, үрей, күшті қуаныш адам жүрегінің қызметіне күшті әсер етеді. Ондай жағдайда жүректің соғуы тоқтап қалуы да мүмкін.
Бала туғаннан бастап кезеген және симпатикалық жүйкелердің тармақтары жақсы жетілген. 2-3 жасқа дейін симпатикалық жүйкелердің жүрек тонусына әсері анық білінеді. Ал кезеген жүйке орталығының тонусы бұл кезде төмен болады.
Нәресте өсе келе, кезеген жүйкесінің жүрекке әсері күшейе түседі. Бұған бұлшық еттердің дамуының маңызды ықпалы бар. 3-4 айда нәрестенің мойыны бекіген кезде бұл жүйкенің жүрек қызметіне әсері байқала бастайды. Мысалы, нәрестенің көз алмасын басып сәл итерсе, оның жүрегенің ырғағы баяулайды. 3-4 жаста баланың қозғалысы айтарлықтай көп болады, бұл кезде кезеген жүйкесінің жүрекке ықпалы күшейеді. Баланың қозғалысының дамуы нашар болғанда кезеген жүйкесінің жүрек қызметьіне әсері кешігеді. 7-12 жаста бұл жүйкенің жүрекке әсері күшті болады, соның нәтижесінде жүректің соғу жиілігі азаяды. Жүректің жиырылуының ырғағы мен күші баланың көңіл –күйіне, істеген жұмысына байланысты. Баланың жағдайы оның қан тамырларына да әсер етеді. Қорыққанда, ашуланғанда, дене еңбегі күшейгенде қан тамырлары өзгеріп, бала не қызарады, не көріп-бозарады.
Жүрек пен қан тамырларының қызметінің гуморальдық реттелуі. Жүрек пен қан тамырларының қызметіне қанның құрамындағы химиялық заттардың концентрация айырмашылығы әсер етеді. мысалы,қандағы адреналин жүректің жұмысын күшейтеді және жүрек соғуын жиілетеді, қан тамырларын тарылтады. Ал ацетилхолин, керісінше, қан тамырларын кеңейтіп, жүректің соғуын баяулатып, қызметін төмендетеді. Жүректің қызметіне тұздар да әсер етеді: калий иондарының көбеюі жүректің жұмысын басады, ал кальций жүрек қызметін күшейтеді. Химиялық заттардың өндірілуі мен қандағы мөлшерін орталық жүйке жүйесі реттейді, сондықтан жүрек-қан тамырларына әсер ететін нервтік және гуморальдық реттеу жолдары бір-бірімен тығыз байланысты қызмет атқарады.
Лимфа жүйесі (лат. Лимфа-таза су, ылғал) лимфа сұйығынан, лимфа тамырларынан және лимфа түйіндерінен тұрады. Лимфаның жалпы мөлшері 2 л, ол құрамы жағынан қанға ұқсас, бірақ эритроциттері болмайды, лейкоциттері, әсіресе лимфоциттері көп, белоктары не бар 3-4% қана. Лимфаның түзілуі клеткааралық сұйықтықтың лимфа капиллярларына өтуінен басталады. Су, еріген химиялық түрлі заттар, зат алмасуынан пайда болған метаболиттер т.б. лимфа капиллярларына өтеді. Жалпы алғанда лимфаның түзілуі тек қана сүзілу арқылы болатын сұйық емес, ол физикалық және химиялық заңдылықтар бойынша атқараылатын күрделі физиологиялық функция. Лимфа айналысы бір жағы тұйық өте ұсақ тамырлар-лимфа капиллярларынан басталады. Олардың қабырғалары клеткалаарлығынан ұлпаның артық мөлшері сұйықтығын сорып алады. Лимфа капиллярлары ірілеу лимфа тамырларына айналады. Олардың ішкі қабырғаларында қақпақшалары бар. Лимфаның қозғалуына, тамырлардың бойымен жүрекке қарай бағытталып ағуын, дененің бұлшық еттерінің жиырылуы және демді сыртқа шығарған кездегі кеуде қуысындағы қысымның төмендеуі себеп болады. Бұған қоса, лимфа тамырларының бойындағы лимфагонгиондардың еттерінің әлсін-әлсін жиырылып және босауы да себеп болады.
Дененің әр жеріндегі лимфа түйіндері біркелкі емес және орналасуына байланысты боп келеді. Тері асытнда орналасқан түйіндерде терең орналасқан түйінен гөрі трабекулалар көп болады. Жоғарыда орналасқан түйіндерде дәнекер ұлпалардың белокты талшықтары, ал терең орналасқан түйіндерде серпімді талшықтар көп болады. Адамның тұла бойындағы және аяқ-қолдарындағы түйіндердің сыртқы қыртысты қабаты, ал кеуде мен құрсақ қуыстарындағы түйіндерде ішкі милы қабаты жақсы жетілген.
Лимфа түйіндерінің көлемі баланың дене салмағы мен жынысына, ал олардың пішіндері орналасқан орнына байланысты емес: шажырқай түйіндерінің пішіні бұршақ, кейде ұршық іспетті, мойын түйіндері екі жағынан сәл қысылған шар тәрізді, ал шаптағылары жуандау келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет