Биология кафедрасы



бет17/30
Дата05.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#90698
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
ОФД лекция кешен

WEB сайттар тізімі:
http://library.ayu.edu.kz
http://rmebrk.kz/
www.booksmed.com/fiziologiya
http//www.library.intra.ru

10 Лекция тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің дамуы.



Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Тыныс алу жүйесінің даму физиологиямының заңдылықтарын түсіндіреді.
2. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеп үйрену құралдарын біледі.
3. Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бұзылуы, себептері және алдын алу дағдыларын қалыптастырады.


Лекция мазмұны: Адам организмінде қоректік заттардың қоры болады, сондықтан 20 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттенсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады.Олай болса , оттегі адам өмірі үшін аса
маңызды.Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы не бары бірнеше минөттік қана.Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс.
Оттегі ұлпаларындағы тотығуға қатысады.Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа тнығарылады.Дем алғанда организм мен сытрқы орта өздерінің қүрамындағы газдармен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып түруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті
кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.Ал өкпеден үлпаларға оттегін, клеткалардан өкпеге көмір қышқылын тасымалдайтын қан. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жүтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде
азаяды.Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бүл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі
міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.Дем алу мен дем шығарудың ырғақты
түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді.Көк еттің
(диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп және төмен түсуі ас
қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп , ішек-қарындаға уқалау іспетті әсер
етеді.Егер адам терең дем алса, бүл әсер күштірек болады.Кеуде қуысындағы
өкпе артериялары, жоғары және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту
мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі.
Тыныс мүшелері мүрыннан басталады.Тыныс жолдары екіге бөлінеді:
а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары ;ә) ауа мен
қанның арасында газдардың алмасатын орыны-өкпе альвеолалары.
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады.Бұл
жүйенің мүшелерін екіге бөледі жолдары және басты тыныс алу мүиіесі-өкпе.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшілігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған , бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық
жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады ,бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады.3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде-220 см3, 6
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде-25 см3, Іжаста -80 см3-ге дейін артады, 2 жаста-140 см", ересек адамда -400 см3. Өкпенің мөлшері жаңа туған сәбиде-53 см3, Іжаста -210 см3 ,13 жаста- 707 см3, 20-25 жаста- 1680 см3,ал 30- 40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларынының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа
туған сәбиде - 0,07 мм.Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған сәбиде -
1,617 см , ал ересек адамда -67,7 см .Осы көрсеткіштерді пайдаланып
ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларынының әрқайсысының көлемі жаңа
туған нәрестеде 4,10 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуысытарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде- 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы , яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді.Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді .Мұны дем алу ауасы деп атайды.Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң , демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады . Мұны қосымша ауа деп атайды . Қалыпты
дем шығарудн кейін дем алмай тұрып , тағыда күшпен дем шығарып 1-1,5литрдей ауаны сыртқа йдауға болады.Бұл - қордағы ауа .Егер дем алу,
қосымша және қордағы ауаны қосса . өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді.16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересекадамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе альвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар.Балалардың альвеолалалық газынын құрамында оттегі көбірек болып, көмір қышқыл газы
азырық болады. Бала неғұрлым жас болса , солғұрлым бұл айрымашылық көп болады.Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан.Ол бір- бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де , тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады.Көмір қышқыл газының тыныс орталығына әсері екі түрлі
жолмен іске асадька) нейрондарды қоректендіретін қанның қүрамының тікелей әсері ; б) рефлекторлы жолмен көмір қышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен . Айталық , дем алғанда өкпе керіледі де , оның қабырғасындағы және қабырға аралық еггер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді.Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып , оның нейрондарының қызметін тежейді де , дем алу тоқтап, дем шығару басталады.Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады , нейрондардың қозғыштығы артады да , қайтадан дем алу басталады.Тыныс орталығы бұзылса , дем алу тоқталып , тірлік те жойылады.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жартышарларының қыртыстыры да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірак бүл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы , әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата
алады. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда , организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады.Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерістер ауруға айналады.Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады .2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді , бастары аурып
«жүректері айныйды» , бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шыныққан спортпен шүғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады.Әлі құрығаны сонша , тіпті қолын да қозғалта алмай қалады . Мүндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық - «эйфория », яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол парықсыздық , немқұрайлыққа айналады . Эйфория кезінде
адам себепсіз қатты күліп , шаттанып ,айғайлап ,әндетеді, бірақ өз қылығындағы өзгерістерді аңгармайды .Мысалы , ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, үшқыш не істеп жатқанын түсінбей бір кадрға бір неше суретті түсіре береді. Оттегінің
қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды.Сондықтан үшқыштардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған.Содан барып жолаушылар арнайы жаттығуден өтпесе де үшақтарда үзақ уақыт үша алады .
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды.Ішіндегі ауаны сору арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады.Мүндай жағдайда деммен шықкан ауаның , қанның , несептің , тіпті жүлын сүйығының қүрамын да өлшеп білуге болады . Айта кететін жағдай , белгілі шамадағы таза оттегі адамды тез дүрыс қалпына
келтіреді .Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: өкпенің тіршілік сыйымдылығы : штангисттерде - 4л, футболисттер де - 4,2 л , боксерлерде -4,8 л, қайықшыларда -5,5 л.Тыныс алу жиілігі : спортсмендерде минөтіне -6-8рет ,
ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет .Спортпен шүғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бүл организмкің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардьщ сыртқа айдалган ауасының қүрамындағы көмір қышкыл газы екі есе көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет