Жыныс бездері мен олардың организмнің дамуы, өсуі және жыныстық жетілуі үрдістеріндегі маңызын анықтайды.
Лекция мазмұны: Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. С ы р т қ ы секрециялық (лат. секреция — сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің
өнімі -сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо — сыртқы, сыртқа + ген-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бүларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарынасты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон -ішкі + крино -бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға
қүйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы канға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер
зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына,
мүшелердің қызметін реттеуте қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі «түрік ері» сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5х3 мм, 1 жасқа жеткенде 4х5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9х11мм болады. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ). СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойынының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар. Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдел заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының қызметін соматомединдер-бауырда түзілетін полипептидтер атқарады.
Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалыңдығы 2мм. Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген. Соңғы жылдардарғы мәлімет бойынша эпифизде 3 гормон- меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.
Контргипоталамус-гипофизарлық гормон гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.
Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмаығ 1 г, 6 айда 2 г.ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г. жыныстық жетілу кезінде, негізінен бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын үдетіп, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикоз ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді, тез шаршайды, ұйқысы бұзылады. Қалқанша безінің гиперсекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп, немқұрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзылады, еске сақтау қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінен ұшыраса кретинизмге айналады, жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады.
Қалқан серік безі қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г., ұзындығы 6-7 мм. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 жылы Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратареофин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Партиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қосы қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Баларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі.
Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г. , әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар, ә) минералкортикоидтар, б) адренокортикоидтар. Глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон-кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады. адренокортикоидтар-андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы зонасының клеткаларында түзіледі.
Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұрады (оң және сол жақ бөліктер) бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмаы 23 г., 15 жаста 37 г. болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады.
Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп тұрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет
атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6 %, милы қабаттта 42,4 %. Бала туғаннан кейін оның молшері азайып, 3 жаста қайта көбейеді де 3 жасқа толғанда 43,4 % болады.
Тимустағы эндокриндік без клеткаларының мөлшері 36-37% шамасында болады. 4 жастан бастап без клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды. 20 жастан әрі қарай бездің орнын май және дәнекер үлпалары басады. 12 жастағы баланың
тимусының 35,4% ғана без болып, жас өспірімдік мерзімнен бастап біртіндеп азаяды.
Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын –сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретінде де қызмет атқарады. Тимустың қызметіне байланысты бездің гипертрофиясы кезінде байқалатын тимус-лимфатикалық статус деп аталатын ауру бар. Тимус безінің ісініп өскендігінен нәрестінң өлгендігі туралы ақпаратты ХІХ ғасырға дейін ең алғаш Пиит есімді дәрігер ғана жазған. Ал 1830 жылы Корр айырлы бездің гипертрофиясына байланысты балалардың өлімі, оның себептері белгілері туралы толық жазған. Тимус туралы нақтылы еңбектер соңғы жылдары пайда бола бастады. Дәрігерлердің бақылауына қарағанда тимістың аурулары организмде қан айналысы бұзылғанда қабынудың ауыр асқынған түрлеріне, туа пайда болған даму кемшіліктеріне, ісіктерге байланысты пайда болады.
Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.
Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсугегінің алмасуьш реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мүнда Е және X деп белгілеген клеткалар
табылды. Бүлардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезендерде пайда болатын клеткалар деген болжамдар бар. Альфа және бета клеткалары инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі
өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп түрады. Альфа клеткалары
дөңгелектеу немесе бүрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда
4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсеңдегенмен жалпы саны өлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны,
бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді. Инсулин организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы гликогеннің синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсугенің алмасуына қатысады. Бұл гормон майдың алмасуына қатысады, амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады- олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы мөлешірн азайтып, организмдегі суды бір қалыпта ұстайды. Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликогенолизге қатысады. Сөйтіп организмді тамақ арасында клеткаларға қажетті қантпен қамтамасыз етеді. Мұның қызметінің маңызы әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметі үшін күшті: нейрондарға қажетті глюкозамен қамтамасыз етеді. Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гюкогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы глюкогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.
Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру-қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг /% дейін көбейіп, тәулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкоза денеден шайылады. Мұнымен қатар майдың алмасуы бұзылып, қанның құрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдардың көп пайдалануының әсері бар деген мәліметтер кездеседі.
Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі. Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары -әйелде аналық клетка ерлерде аталық клеткалар –сперамтозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Ерелердің жыныс бездері-қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, мұны белоктық қабық деп атайды. Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мұрттың, денедегі түктердің көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналсқан. әдетте, оң жағындағы безден сол жағындағысы кішілеу келеді. Аналық без екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және ішкі милы қабат. Қыртысты қабатта аналық жыныс клеткалары өніп дамиды да, милы қабатта гормондар түзіледі. Қыртыс қабатында түрлі даму дәрежесіндегі Графф фолликулдері мен басқа көпіршік клеткалар, сары дене болады. Аналық бездерде эстрогендер мен прогестерон горондары өндіріледі. Эстрогендер (грек, эструс-күшті, құштарлық+генес- тудырушы) тобына эстрадиол, эстрон, эстриол гормондары жатады. аналық безде аздаған мөлшерде ерлердің жыныс гормоны тестостерон да түзіледі. Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың еттеріне әсер етеді, жатыр түтікшелерін өсіріп, олардың қозғалысын қамтамасыз етеді, әйелдердің жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, жыныс рефлекстерін қамтамасыз етеді, қыздардың бойын өсіреді, клеткалық бөлінуді күшейтеді, орталық жүйке жүйесін қоздырады, зат алмасуына әсер етеді. Прогестерон минерал заттары мен судың алмасуына қатысады, орталық жүйке жүесінің қызметін сақтап, жүкті әйелдің жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бүл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы үрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бүл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап
жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай үлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны үрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін үшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған
байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. лар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын
психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді. Бұл кезенде ер балаларда жыныс безінің үрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған
эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана түрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезенде фолликулалардан түрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бүл мезгілде ер және кыз балалардың несебінде андрогендік ж не
эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондр жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9 10 жаста басталады. Осы уақытган бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтыгында түктер өседі, сақал-мүрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, үйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.
18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 18 жаста божеткенде толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.
Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда баларда мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне, сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады-бұл жыныстық тәрбие мәселесі.
Стресс ағылшын тілінде қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы үғымды кіргізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның
анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшелігіне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стресстің бірнеше түрлері байқалады. Стресс үш
кезеңнен түрады: а) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; ә) төзімділік — жағымсыз тітіркендіргіштің әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бүл кезде гипоталамус-
гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамдана,д;ы, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бүлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; б) әлсіреу — бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады,
сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стрессекіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стрессдеп те атайды. Тосынан тосын жағымсыз хабар мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады да, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғары жүйке әрекетінде тежелудің серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделеді. Стресс кезінде қанда глюкокротикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшерлері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша соматотропин және соматомединдер дестрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Соматотропин иммундіқ жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады. Глюкокороикоидтар мен соматотропинннің мөлшерлік қарым-қатынасы стресс барысын реттейді. Олардың ката және анаболиттік әсерлеріне байланысты организм не әлсірейді, не ширақтанады. Л.А.Орбелидің ілімі бойынша стресстің тууына симпатикалық жүйке жүйесінің мәні бар. Стресс тітіркендіргіштің әсерінен ондағы пайда болған жүйке импульстері бүйрек үсті безін белсендіріп, оның адреналин мен норадреналин гормондарының мөлшерін күрт көбейтіп жібереді.
Стрестің жас ерекшеліктері. Жас балаларда стресс тез пайда болады да, көпке созылмай өте шығады. Ал ересек, әсіресе қартайған адамдарда ол көпке созылып, жүйке арқылы ішкі мүшелердің қызметін бұзады, көбінесе жүрек-қан тамырлар жүйесін
әлсіретеді. Нәрестелерде қозу қарқыны тежелуден жылдамырақ және
күштірек болғандықтан оларда стресс оңай тез туып, тез өшеді. Мектеп жасындағылардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі, өйткені бүрынғы
жүгіріп, ойнап жүрген балалар партада тапжылмай сабақ оқып жүйке жүйесіне біршама салмақ түсіріп, қинайды.
13-14 жастағы жас өспірімдерде норадреналиннен адреналиннің мөлшері көбірек, себебі олардың жас ерекшелігіне байланысты бүйрек үсті бездерінің гормоны көп бөлініп шығады. Демек, стресс гормондарының азды-көптілігіне, олардың өзара қатынасына және гипоталамустың симпатикалық жүйенің белсенділігіне байланысты стресс не жағымды, не жағымсыз, не пайдалы, не пайдасыз болады. Ол стрестің күші мен уақытына байланысты. Егер ол өткінші, адамның бойын секл еткізіп қана, көп қинамайтын болса, онда организм ішкі серпініс қорын тез жиып алып, стресс әсеріне тез бейімделіп, оған қарсы тұра алады. Егер стресс әсері өте күшті болып және созылмалы болса, адреналин, норадреналин, серотонин т.б. бейімдегіш гормондарының қоры азайып, организм тығырықтан шыға алмай қатты қиналады.
Балалардың бейімделу ерекшелігі. Алғашқы балалық шақта сәбидің денесі жылылықтан гөрі салқынға тезірек бейімделеді. 1 жасқа дейінгі балаларда ересек адаммен салыстырғанда тердің шығуы жоғары температурада ғана байқалады, бірақ олардың
организмінің жылу шығару қабілеті қалыпты түрде болады. Жоғары температураға бейімделу баланың тыныс алу ырғағы, жүрек соғуының жиі болуынан басталады. Ішкі мүшелерден қан сыртқы мүшелерге ауысып, жылуды көбірек шығарады.