Биология кафедрасы



бет61/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22




Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
«Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.
7-сыныпта өткен М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не өттік? Неден табысқа жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға олар «Көксерек» әңгімесі арқылы қасқырлардың психологиясын түсініп, оларға да қамқорлық керек екенін ұғынғанын және «Құндылық спектрінде» Құрмаштың өліміне кім кінәлі? деп ортаға тасталған сұраққа өздерінің ойларын еркін жеткізге білгендерін, тағы да қасқырлар туралы жазылған аңыз-әңгімелермен танысқысы келетіндіктерін ашып жазды.

«Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?
3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында көбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайданамыз. Атап айтсақ, Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін қорытындылау кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау сияқты ұсыныстар айтылды.
Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған. Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады.Бұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтағы жұмыстардың нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

  • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;

  • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;

  • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

  • ақпарат алмасуда;

  • Өзара қарым- қатынаста;

  • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

  • Бір адамға бағытталған стиль

  • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?

  • Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;

  • Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет