Ф-ӘД-001/046
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
6В01562 – Химия –биология білім беру бағдарламасындағы, ВPZhBBO 3215 - Биология пәнін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту пәні бойынша
лабораториялық сабақтарды өткізуге
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған
Әдістемелік нұсқауды дайындаған: х.ғ.к., доцент м.а. А.М Дуйсебекова
Әдістемелік нұсқау кафедраның «__»__ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___ хаттама)
Кафедра меңгерушісі: техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды № _ «___» 20___ж.
Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: техн.ғ.к., доцент м.а. Э.Қ.Ибрагимова
№1 7-11 сыныптарда Биология пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік бағдарласы бойынша ҰМЖ және ҚМЖ ережелері мен құрылымы
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
1- биология пәндерін жаңартылған бағдарламамен оқытуда ҰМЖ және ҚМЖ ережелері мен құрылымын талдауда білімі мен білік, дағдыларын қолданады;
2 - орта мектеп оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнын зерделейді;
3 - оқытудың және білімді критериалды бағалаудың бағалаудың заманауи талаптарын іске асыру дағдысын меңгереді;
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
ХХІ ғасырдың оқушылары алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Осы дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімдерде жұмыстарына уақыт бөле білулері керек, тек бұл ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруына мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратындай тиімді сабақ өткізулері керек. Ол үшін ең алдымен мектеп ұстаздарының шеберліктерін шыңдау жолында иновациялық шығармашылық жұмыстар жүргізуге дағдыландыру керек екені анық. Сондай дағдыны оқушының бойынан көру үшін және оқушы жетістігін ары қарай өрістету үшін, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да білімге жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді .Себебі күннен -күнге жаңалыққа, ақпаратқа толы заманда, өскелең ұрпаққа білім берудің басқаша әдіс-тәсілдері қажеттілік етті. Дәстүрлі сабақ жүргізу қазіргі балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетіп отыр.
Қазіргі таңда бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс. Сондықтан мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі - жаңартылған бағдарлама бойынша жоспар құруынан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |