Биология кафедрасы



бет2/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Ұзақ мерзімді жоспар:

  • белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;

  • мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;

  • бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;

  • білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;

  • бейімдеуге келеді және жағдайға/ қажеттілікке қарай дамиды;

  • білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;

  • кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;

  • кері байланыс арқылы бағамдайды;

  • ортамерзімді жоспарға негіз болады.



Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама аясында төмендегі сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс
• Балалар қалай оқиды?
• Нені оқыту керек?
• Оқушылар не қалайды?
• 7 модульді ықпалдастыру не береді?


Қысқа мерзімді жоспар:

  • мұғалімдердің сабақ сайын, күн сайын не оқытатыны анықталады;

  • оқушылардың нені үйренетіні және оларға қалай қолдау көрсетілетіні белгіленеді;

  • білім беру бағдарламасы тұрғысынан назарға алынған оқу мақсаты белгіленеді. Бұл бағамдау мен бағалау арқылы алдыңғы сабақтан кейін қанша алға ілгерілегенін көрсетеді;

  • саралаудың қаншалықты тиімді болғаны туралы мәлімет береді;

  • жаттығуларды, шаралар мен ресурстарды анықтайды;

  • оқытылатын мәселені қамтиды;

  • бағалау мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынады.

Оқу ортасын ұйымдастыра және олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете білу қажет.
Қысқа мерзімді жоспар SMART мақсатты нақты қоя білуден басталады.
Мақсат - нақтылық , өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет. Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек. Қандай мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында мақсаттың нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша ойлануы керек:
- Оқушы осы сабақта нені білуі қажет?
- Оқушы не істейді?
- Яғни, жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде оқушылардан сіз не күтесіз.
- Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша қандай тапсырмалар бересіз?
- Берілген тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай ма?
- Нәтижесінде оқушы не білді,алған ілгерлеу болды ма?
Қандай тапсырма болса да оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс.Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың ,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы тиіс:

  • Бірінші кезекте сіз бағыт берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіргенде нұсқау бересіз. Оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға тырысасыз.

  • Екіншіден бақылаушы, бағалаушысыз. Бақылаушы болғанда оқушының оқуы туралы дерек жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүргізесіз.

  • Үшіншіден мұғалім қолдаушы болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы орындаған сайын қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.

Сабақтың соңында мұғалім өзіне рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет