Тапсырмалар: 1. Зерттеу үшін алынған жемістерге морфологиялық талдау жасау, олардың түрін анықтау, әр жеміске сәйкес атын беру.
2.Морфологиялық құрылысындағы бейімделу белгілеріне қарап, олардың таралу тәсілдерін анықтау.
3.Кестедегі деректерді, оқу құралдарын және суреттерді пайдаланып, талдау жасау.
4.Жемістің типтерінің және олардың құрылысының суреттерін салып, тиісті белгілер жасау.
Жемістер
Түрлері
|
Қысқаша сипаттамасы
|
Зерттеуге алынған өсімдіктер
|
Қақырайтын құрғақ жемістер
|
Топтама жеміс (листовка) және күрделі топтама жеміс (сборная листовка)
|
Апокарпты бір жеміс жапырағынан пайда болған, бір ұялы және көптұқымды, бауыр жағындағы жігінен (тігісінен) қақырайтын құрғақ жеміс. Күрделі топтаманың айырмашылығы, ол апокарпты бірнеше жеміс жапырағынан пайда болады.
|
Егістік тегеурінгүл, сарғалдақ, қара уқорғасын, тобылғы, қазоты, шөмішгүл, дамаск соданасы
|
Бұршақбас (боб)
|
Бір ұялы, бір жеміс жапырақшасынан пайда болған. Арқа және бауыр жіктерінен қақырайды. Бұршақбастар төмендегідей бола алады: серіппелі ширатылған көпіршік тәрізді торсылдақ
Біртұқымды, жаңғақ тәрізді
бунақты
|
Егістік ақбұршақ, кәдімгі үрмебұршақ
Кәдімгі жоңышқа
Датган астрагалы, торсылдақ астрагал
Жабайы беде, орта беде, мия
|
Бұршаққын
|
Екі ұялы, екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, көп тұқымды. Тұқымдары ортасындағы ұзына бойғы қалтарысқа бекінген. Арқа және бауыр тегістері арқылы қақырайды. Ұзындығы көлденеңнен 4 есе және одан көп артық
|
Крестгүлділертұқымдасына тән: қырық-қабат, қырша, рапс, шалқан және т.б.
|
Бунақты бұршаққын
|
Бунақтарға бөлінеді
|
Жабайы шомыр
|
Бұршаққын-ша
|
Ұзындығы көлденеңнен шамалы ғана артық, кейде тең
|
Жұмыршақ, егістік қанатжеміс, жаздық арыш
|
Қауашақ
|
Екі немесі бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болған. Қауыршақтың қақырау тәсілдері әр түрлі
Қақырамайтын (жаңғақ тәрізді)
Құрғақ жемістер
|
Қарамықша, көкнәрлер, жолжекен, мендуана
|
Жаңғақ
|
Жеміс серігі қатайған, Сүректенген бір тұқымды.
|
Орманжаңғақ, шамшат, кедімгі емен
|
Жаңғақша
|
Жаңғақтан көлемінің кіші болуымен айырмашылық жасайды
|
Жөке, егістік қарамық
|
Тұқымша
|
Екі жеміс жапырағынан пайда болып, қауыз тәрізденген жеміс серігі тұқымымен кірікпеген
|
Күрделі жемістердің жемістері: күнбағыс, бақбақ, көк гүлкеріре
|
Бөлшекті тұқымша
|
Пісіп жетілгенен кейін кететін, бірақ тұқым тұғырына бекінен ереше тоғырға ілініп тұратын екі тұқымшадан тұрады
|
Шатырша гүлдер: аскөк, тмин
|
Қанатты жемістер
|
Жеміс серігінде-немесе жаңғақ тәрізді қанатты өскіншелері бар тұқымшалар мен жаңғақшалар
|
Қараағаш, қайың, шыған, үйеңкі
|
Дәнек,
дән
|
Жұқа тері тәрізде жеміс серігі тұқым қабықшасымен тығызкіріккен
Шырынды жемістер
|
Астық тұқымдастарының өкілдеріне тән
|
Жидек
|
Жеміс серігінің экзокарпийі, жұқа, Ал қалған бөлікктері етті, шырынды
|
Жүзім, тұшала, қызанақ, баклажан, картоп, қара жидек, мүкжидек
|
Асқабақ жеміс
|
Үш жеміс жапырқшаларынан тұратын төменгі жатыннан пайда болған. Экзокарийі сүректенген, көптұқымды, шырынды эндокарпийі негізінен плацентаның етженденіп өсуінен қалыптасқан
|
Асқабақтар тұқымдасына тән: асқабақ, қияр, қаукын, қарбыз
|
Алма жеміс
|
Жемістің пайда болуына гүлдің жатынынан басқа да бөлімдері: аталықтың, гүл желектерінің, тостағанша жапырақшаларының төменгі бөлімдері, сол сияқты гүл табаны қатынасады
|
Алма, алмұрт, беке, шетен
|
Померанец
|
Экзокарпийі эфир майлы; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ; эндокарпийі шырынды, етті
|
Цитрустардың жемістері: лимон,апельсин, мандарин
|
Сүйекті жеміс
|
Жеміс серігі жұқа экзокарпийге, етті, шырынды мезокарпийге және сүректеніп қатайған эндокарпийге жіктелген
|
Қараөрік, шабдалы,
Шие, өрік
|
Құрғақ сүйекті жеміс
|
Мезокарпий құрғақ
|
Бадам, кокос пальмасы
|
Күрделі сүйекті жеміс
|
Күрделі апокрапты гинецейден пайда болатын жеміс
Салқым жемістер
Гүл шоғырының жеке гүлдерінен пайда болған жемістердің кейбіреулері кірігіпбір жеміске, ал кей біреулері жеке жеміске айналады
|
Таңқурай, қара бүлдірген
Тұт, ананас, жүзім
|
Достарыңызбен бөлісу: |