Биология кафедрасы



бет35/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Жұмыстың орындалу барысы:

Саңырауқұлақтардың мөлшері жағынан өте кішкене, тек микроскоппен ғана керінетіндері жөне салмағы бірнеше килограмға жететіндері де болады. Олардың өсімдікке де, жануарға да тән белгілері бар.

Өсімдіктерге тән белгілері: Өсімдік сиякты бір орыннан қозғалмайды; канша тіршілік етсе, сонша өсе береді; тарамдалады; жасушасында қалың қабыкшасы болады; коректік заттарды жануарлар сиякты жұтпай, өсімдіктер сиякты бүкіл денесімен сорады.

Жануарларга тән белгілері: хлоропластары болмайды, сондыктан фотосинтез процесі жүрмейді. Ағзалык затты (қоректік заттар) өз жасушасында түзе алмайтындыктан, ж;ануарлар сиякты дайын ағзалык заттармен коректенеді; жасуша қабықшасы бунақденелерге ұқсас нөруызды хитинді; ж:асушадағы қоректік кор заты өсімдіктерден ерекше: өсімдіктерде - крахмал,ал саңырауқұлақтарда жануарлардікі сияқты -гликоген (грекше «гликис - тәтті + генос — шығу тегі», «тәтті зат»). Осындай ерекше белгілеріне карап, саңырауқұлақтарды тірі табиғаттың ерекше тобы етіп біледі. Саңырауқұлактарды зерттейтін ғылымды микология (грекше «микос» - саңыраукүлақ) дейді.

Саңырауқұлақтардың өсімді денесі түссіз әрі тарамдалған жіңішке жіпшелерден түзілген жіпшумақтан тұрады. Жіпшелер ұшынан өседі және жан-жағына жайылып тарамдала береді. Құрылысы қарапайым саңырауқұлақтардың (мукор) жіпшелері перделермен бөлінбей, тарамдалып өседі. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігінің жіпшелері перделермен бөлінген көпжасушалы болып келеді. Олар жіпшелері арқылы ағзалық және байағзалық заттарды сіңіріп, қоректенеді. Қалпақшалы саңыраукұлактардың жіпшелері топырак астында 10-12 см тереңдікте болады. Сондықтан көзге көрінбейді. Ағаштарға жабыса бекініп өсетін саңыраукүлақтар да бар. Олардың жіпшелері ағаш сүрегіне енеді де,көзге байқалмайды.



Паразит саңыраукұлақтар. Паразит саңыраукұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппак ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Күздік бидай, қара бидай, арпада көбіне сабақтарында, жапырақтарында ол мақта сияқты болып көрінеді. Бұл ақұнтақ саңырауқулагының жіпшумақтары. Олар есімдіктің жапырақ, сабағына өсінді жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен коректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп түрған жеріне түседі немесе баска өсімдікіктерді зақымдайды. Өсімдіктердің закымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті, кейінірек коңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оларды жаздың екінші жартысында немесе күзге карай байқауға болады. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары (жасуша кабығы жоқ) қосылып, зигота түзеді. Әрбір зиготадан — қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі. Жіпшумақтан түзілген жемісті денелердің ішінде кыстап шығады. Олар көктемде сүректі өсімдіктерді зақымдайды. Сондайақ астық түсімін 30%-ға кемітеді.

Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сөл иіліп келген кара түсті қастауышты көруге бола­ды. Ол паразит саңырауқұлағы. Би­дай гүлдегенде масағындағы аналықтың аузына қастауыш споралары келіп түседі. Спора өніп, жіпше, жіпшумақ түзіп, шырынданып, аналык түйінін толтырады. Сол жерде споралар түзіледі. Шырынға конған бунақденелілер спораларды таратады. Бидай піскенде барлык закымдалған ана­лык түйіниің орнында қастауыш пайда болады. Оның іші тола жіпшумақ. Бұл - қастауыштың кыс­тап шығатын кезені. Қыстап шыққан қастауыш денесінде көктемде жемісті денелер жетіледі. Олардың ішінде жыпысты көбею жүреді. Споралар өсімдіктерді зақымдайды. Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған тамақтан адам уланады.


Тат саңырауқұлағы дәнді дакылдарды (бидай, арпа, күріш, сүлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді закымдайды. Жапырақ сабағында ұзынша тат төрізді томпайған дак пайда болады. Күзге карай ол дақтар қара коңыр түссе езгереді. Бұл дақтарда споралар пайда болады. Ол тат саңырауқұлағының зақымдауға бейімделгендігін көрсетеді. Жауын-шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамиды. Тат саңыраукұлағымен зақымдалған астыктың дәні майда әрі женіл бола­ды. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді. Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың және баска да есімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған кара тозаңдар көрінеді. Егістікте өсіп түрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны - пай­да болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл - қаракуйе саңырауқұлағының спорасы. Оның екі ядросы қосылып, жынысты кобейеді. Осы екі ядролы жасушадан пай­да болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдын, гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін закымдайды. Закымдалған дәнді кайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан карағанда ауру өсімдікпен cay өсімдіктің айырмашылығы болмайды.

Пеницилл мен аспергилл де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Бұлар да өсімдіктердің жерге түсіп қалған жемістері мен тұқымдарын, түрлі тағамдарды бұлдіріп, көгертеді. Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры - көкшілжасыл түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры сарғыш жасыл түсті болады . Бұларды микроскоппен карасак, жасушалары перделермен бөлінген түссіз жіпшелері анық көрінеді. Пеницилдің споралары майда, көп жасушалы, саусақ тәрізді тармақталған жіпшелердің ұшындағы жасушалардан бөлініп жетіледі. Аспергилдің споралары ұшы кенейген біржасушалы жіпшенің төбесіндегі жасушалардан бөлініп дамиды.












2-сурет. Мукор саңырауқұлағы: 1 - жіпшумақ; 2 - спораның түзілуі; 3 – жыныстык жолмен көбеюі.






3-сурет. Зең саңырауқұлақтары: 1 - пени­цилл; 2 - аспергилл; 3 –спорангий.


4-сурет. Паразит саңырауқұлақтар
Медицинада пенициллдің 2 түрінен пеницил­лин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревма­тизм (қуздама), дифтерия (щлауруы), скарла­тина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Аспергилдің бір түрінен дүкенде сатылатын лимон қышқылы алынады. Жоғарыда корсетілген қасиеттері аркылы пеницилл мен аспер­гилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ айрықша зиянды ағзалардың өсуін тежейді.

Тапсырмалар: 1. Гербарийді пайдаланып фитофтормен зақымданған картоп жапырағынын лупамен қарау.

2. Нандағы мукордың мицелийінің тұрақты препаратын пайдаланып, микроскоппен қарау.

3. Қантты сұйықтықтағы нан ашытқысы мен шарап ашытқысынан уақытша препараттар жасап зерттеу.

4. Қастауышпен зақымданған қара бидай масағының гербарийін, шампиньон мен ақ саңырауқұлақтың фиксаторға салынған жемісті денелерінен саңырауқұлақтардың құрылысын анықтау.

5. Пеницилл саңырауқұлағының тұрақты препаратын микроскоппен қарап, құрылысымен танысу. Суретін салып, бөлімдерін белгілеу.

6. Саңырауқұлақтардың макетін пайдаланып гифалары және жемісті денесімен танысып, талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет