Тапсырмалар. 1. Бидай немесе астықтың басқа өкілдерін мысалға ала отырып, дара жарнақты өсімдіктердің эндоспермді тұқымының құрылысын зертеу: а) бидай дәнінің сыртқы құрылысымен танысу; ә) бидай дәнінің ұзынынан кесіндісінің дайын препаратынан жеміс серігін, тұқымның қабығын, ұрықтың бөлімдерін табу.
2. Мысал ретінде үрме бұршақ немесе бұршақтар тұқымдасының басқа өкілдерін алып, қос жарнақты өсімдіктердің эндоспермсіз тұқымының құрылысын зерттеу: а) тұқымның сыртқы құрылысынан дақ, тұқым саңылауын (микропиле) табу; ә) тұқым қабығын сыдырып алып, ұрықтың екі тұқым жарнақтарын, ұрық тамыршасын, ұрық сабақшасынан және бүршігін қарау.
3. Суреттерін алып, тиісті белгілерін жасау, қысқаша қорытында жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |